1. Астрономияда жаңа туған айдың ұштарын «Ай мүйіздері» дейді. Халық сүйікті деген
342
5.
Жалпы алғанда жаз айларында жаңа Ай тігірек тұрады да, қыс айларында Ай «шалқасынан жатады»,
өйткені қыстыгүні түнге қарай эклиптика (Күн жолы) аспанда жоғары тұрады, Ай жолы да оған жуық,
сондыктан күн сәулелері Айдың астыңғы төменгі бетін ала жарык береді де, бізге Ай шалқалап жатқан
сияқты көрінеді. Сөйтіп, жаңа Ай орағының орналасу қалпы мен ауа райының арасындағы бұл қызық
іліктестік Күн мен Айдың аспандағы жолдарының әр мезгілдегі өзара орналасуына байланысты.
6. Атан түйе мен шіркей қандай болса, үлкендігі жағынан алғанда Күн мен Ай да сондай. Ай бетіндегі
қарауытқан дақтар ойпаттау жерлері екен.
7. Адам баласынын ұзақ жасаған тарихында оның көп іздеген аспан шырағы Ай болатын-ды. Ес
білмейтін сәби де керім Айға қол созып аймалайды. Малшы, керуенші, аңшы, қарақшы бәрі де Айды
бақты. Ойшыл, сыншылдар да тіпті еріккенде Айға карады. Кәне, ойланайыкшы. «Мен ұрлык қылғанда
ай жарык болды»; «Ай қарап тұрсың ба?» дегендей сөздер де бар емес пе? Осыдан 350 жылдай бұрын
Галилей тұңғыш рет ойлап тапқан құралымен Ай бетінен тауларды көрдім, деп жарияласымен-ақ Айға
ынта ерекше күшейді.
8. Өмір бақи меңіреу жатқан кең дүниенің түкпірлерін шарлауда адам перзенттерінің аяғы тұңғыш рет
Ай бетін басатыны сөзсіз. Ай келешекте космос жолаушылары үшін бірінші бекет болып табылмақ.
13. Айдың тууына байланысты халық әрекеті.
A) Болашағын болжаған
D) Жыл мезгілінің ауысуын болжаған
B) Ауа райын болжаған
E) Құстардың қайтуын болжаған
C) Жаздың жаңбырлы болатынын болжаған
14. Ай бетіндегі дақтар
A) Төбешіктері
C) Тегістеу жерлері
E) Күнгей жерлері
B) Ойпаттау жерлері
D) Қыраттары
15. Қазақ халқының «Жаңа ай жарылқа, Ескі ай есірке» деп тілеуінің себебі
A) Жаңа ай туғанда ескі айды ығыстырады деген ұғым
B) Күн жылы болады деген сенім
C) Ескі ай мен жаңа айды салыстыру
D) Жаңа туған ай жақсылық әкелсін деген ниет
E) Жаңа айдың жарығы мол болсын деген тілек
16. Тұжырымдардың дұрысын табыңыз:
1. Кеш туған не кеміген айды халық «Ай қорғалады» дейді.
2. Ай тігінен туса, «Өзіне жайлы, шаруаға жайсыз» дейді.
3. Шалқасынан туған айға ақсақалдар бата бермейді.
A) Екіншісі
C) Үшіншісі
E) Екінші мен үшіншісі
B) Бірінші мен үшіншісі
D) Үшеуі де
17. Күн мен Айдың көлемін мәтіннің 6-азат жолымен сәйкестендіріңіз
A) Тұлпар мен серке
C) Бура мен кұмырсқа E) Жылқы мен құлын
B) Қой мен ешкі
D) Өгіз бен бұзау
18. Аңыз бойынша Ай өзінің кандай мінезінің кесірінен жапа шегеді?
A) Қызғаншақтығынан C) Қарапайымдылығынан E) Көреалмаушылығынан
B) Мақтаншақтығынан D) Ұялшақтығынан
19. «Ай тұяқты тұлпарым, Аймүйізді ақ серкем» деп мадақтау төрт түліктің кайсысына
қатысты айтылған?
A) Жылқы мен ешкіге
C) Қозы мен ешкіге
E) Жылқы мен сиырға
B) Түйе мен қойға
D) Жылқы мен қойға
20. Елдегі үлкен аксакалға Айға бата қыл дегенде: «Ай шалқасынан туыпты, бұл мен бата
қылмайтын Ай екен» деуінің сыры
A) Айдың өзіне ғана қолайлы болғандығы
B) Айға батаны жас адамдар ғана береді
C) Айға бата беру - надандық
D) Ырым, наным-сенімге байланысты
E) Толған айға қатысты беріледі