326
Әмиян тауып алған жігіт ары ойланды, бері ойланды. Ақыры ұяты жеңіп, ботадай боздаган
кісінің жанына қалай жетіп барғанын, әмиянды ақшасымен қосып қалай бергенін өзі де
байқамай қалды.
Кенет үйлердің тасасынан топырлаған адамдар шыға келгенде, әмиян тауып алған жігіт сасып
қалды. Топтың ішінен салиқалы жігіт ағасы шығып, әмиян тапқан жігітті қапсыра құшақтай
алып:
-
Бауырым, саған үлкен рахмет, мені мынау тобырға күлкі қылмадың. Өмірде әлі де мейірімді
адал жандар барын дәлелдедің. «Ондай жандар мына заманда жоқ, өткен ғасырларда ада
болып кеткен. Егер ондай адамды тауып берер болсаң, осы тұрған бәріміз жабылып, саған он
жылқы береміз. Ал таба алмасаң, бар байлығынды бізге бересің» - деп қоймаған соң,
серттескен жайым бар еді. Мынау ботадай боздап жүрген адам осы қаладағы театрдың актері.
Өз рөлін тамаша ойнап шықты-ау деймін. Мені жерге қаратпағаның үшін, әлемде әлі де адал
адамдар бар екенін дәлелдегенің үшін, тауып алған әмияныңды ақшасымен қоса саған бердім.
Бұдан бөлек мына тобырдың менен жеңілгендері үшін беретін он жылқысын да саған бердім, -
деді.
Қызық көрмекші болып келген тобырдын еңселері түсіп кетіпті. Өздерінің арасынан әмиян
тауып алған жігіттей адам шыққанына сенбейтін сияқты.
-
Мынау қатыгез, дүрбелең, тек қара басының қамын ойлайтын, компьютер басты заманда әлі
де тазалықтың бар екенін дәлелдеген АДАМ деген атыңнан айналайын, әмиян тауып алған
жігіт, - деді салиқалы жігіт ағасы толқып тұрып.
13.
Мәтін бойынша өмірде жақсылықтың бар екеніне сенімін жоғалтпаған кейіпкер кім?
A)
Олжалы болған пенде
B)
Уәделескен жан
C)
Киімі жұпыны жігіт
D)
Жиналған қауым
E)
Театр актері
14.
Мәтіннін қорытынды бөліміндегі жігіт сөзінің түйіні.
A)
Ақкөңілден арамдық шықпас,
Арамдық шықса да, жамандық шықпас.
B)
Көңіл - қазы, көз - таразы.
C)
Байлыққа кол жеткізу - әркімнің арманы.
D)
Адам болмысы - ізгілік пен адалдық.
E)
Ала жіпті аттамағанның абыройы биік.
15.
Жақсылық пен жамандықты айыру үшін тобырдың осындай әрекетке баруына не түрткі
болды деп ойлайсың?
A)
Адами құндылықтардың жұтаңдауы.
B)
Ақша мен байлықтың басты құндылық болуы.
C)
Байлыққа қол жеткізуге ұмтылуы
Д) Өмірде пиғылы, ары таза адамдардың көп болуы.
Е) Байлықтың адамды бақытқа жеткізуі
16.
Қызық көрмек болған тобырдын еңсесінің түсуіне не себеп болды?
A)
Серттескен адамның жеңілуі.
B)
Әмиянның қайтарылуы
С) Серттескен адамның күлкіге қалуы.
Д) Әмиянын жоғалтқан адамның сөзі.
Е) Әмиянның жоғалуы.
17.
Топтын арасынан шыққан жігіт қандай?
A)
Атақкұмар
B)
Жүрегінің түгі бар
C)
Мақтаншақ
D)
Ақ жүрек
E)
Ниеті қара
18.
Жігіттің әмиянды қайтарып беруіне не себеп болды?
A)
Өзінің кедейлігі есіне түсті.
B)
Ар-үяты жеңіп шықты
C)
Жиналған топтан сескенді.
D)
Өзін ұры санайды деп корыкты.
E)
Одан да көп ақша аламын деп ойлады.
19.
Мәтіннің реттілігін көрсетіңіз.
1.
Күңіреген жігіт
2.
Көңілі түскен топ
3.
Оңай олжа
4.
Сенімін жоғалтпаған жан
A)
3.4.1.2.
B)
3.4.2.1.