І. Жансүгіров атындағы жетісу


ТАРАУ. АСТРОНОМИЯ МЕН КОСМОЛОГИЯНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ



бет60/100
Дата08.02.2022
өлшемі480,4 Kb.
#121097
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   100
Байланысты:
pue rk 2003, СИЛЛАБУС ТСЗИ (1), Ybraiym Akan Sik-21-1 (1)

ТАРАУ. АСТРОНОМИЯ МЕН КОСМОЛОГИЯНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ


Астрономия – ғаламдағы ғарыштық денелер, олардың құрылымы, құрылысы, дамуы туралы ғылым. Ең көне ғылымдардың бірі адамның іс-жүзіндегі мұқтажадықтарының негізінде пайда болды: кеңістікті игеру, теңіз жолына шығу, уақытты өлшеу т.б. Қазіргі астрономияның қалыптасуы ІІ ғ.-ғы Птолемей шығарған әлемнің геоцентристік жүйесінен бас тартып, орнына Н.Коперниктің гелиоцентристік жүйесінің келуімен тығыз байланысты. Коперникті қызу қуаттаған Г.Галилей еді.


Галилейдің телескоптық зерттеулері мен И.Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуы арқылы астрономияның ғылыми дәрежесі анықталды. ХҮІІІ-ХІХ ғ.-да астрономия Күн жүйесі, галактика, жұлдыздардың физикалық табиғаты, ғаламшарлар және басқа да ғарыштық денелер жөнінде мәліметтер жинақтады.
ХХ ғ.-ғы ғылыми-техникалық төңкеріс астрономияның жалпы дамуына үлкен үлес қосты. Оптикалық және радиотелескоптардың шығуы, зымырандар мен жасанды жер серіктерін жасау – радиогалактикалар, квазарлар, пульсарлар, рентген сәулелерін т.б. жаңа ғарыштық денелердің ашылуына әкелді. Жұлдыздар дамуы теориясының негіздері мен Күн жүйесінің космогониясы жасалды.
Қазіргі кезде астрономияның бірнеше салалары белгілі, мысалы: аспан денелері мен ғарыш кеңістігіндегі физикалық-химиялық үрдістерді зерттейтін астрофизика, галактикаларды зерттейтін жұлдыздық астрономия, аспан денелерінің қозғалысын зерттейтін механика, ғарыш нысандарын зерттейтін атмосферадан тыс астрономия, астрономиялық құралдар және оларды қолдануды зерттейтін – практикалық астрономия.
Космология – Әлемнің эволюциялық теориясы, астрономиялық зерттеулерді жүргізудің мүмкін бөлігін қарастыратын сала. Космологияның теоретикалық бастауы құрамына негізгі философиялық теориялар (қатысымдылық, өріс теориялары т.б.), математикалық аппарат және философиялық-әдіснамалық негіздер кіреді.
Космология нысанының статусы – Әлем, ол бір жағынан ғылыми және философиялық жарыссөздердің пәні, екінші жағынан, бүкіл кеңістіктік-уақыттық бөлікті қамтиды. Әлемді тек тікелей әдістермен зерттеу мүмкін емес, шешуші мәнге эксраполяция, модельдеу, математикалық болжамдар, салыстырмалы-тарихи әдістер ие. Бұл әдістер терең философиялық негіздеу мен түсіндіруді талап етеді.
Қазіргі космология жаңа ашылулар дәуірін бастан кешіп отыр. Оның ауқымы Галилей заманындағы жаңалықтармен пара-пар. Олар әлемнің ғылыми келбетін өзгертуде радикалды жаңартуларға әкеп соқтырды. Кванттық космология мегаәлем шекарасын кеңейтіп біздің мегагалактика Ғаламдағы көптеген галактикалардың бірі ретінде танылады. Ғарыш нысандарын зерттеу негізінде жаңадан көптеген теоретикалық көзқарастар мен идеялар туындап отыр.
Сонымен, әлем моделін жасауда шешуші рөлді келесідей тұрақты заттар (константалар) атқарады: гравитациялық тұрақты, Планк тұрақтысы, жарық жылдамдығы, материяның орташа тығыздығы, т.б. Константаны табу әлемнің күрделі өзін-өзі реттеуші жүйелерінің өмір сүруі үшін басты шарт болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет