концепцияларды қамтитын білім беру технологиялары. Білім беру – қызмет айырбасы ретінде. Білім – беру коммуникативті процесс ретінде. Білім беру – субмәдениеттердің өзара ену процесі ретінде. Білім беру процесінің кеңістік – уақыттық параметрлері. Білім берудегі уақыттың маңызы. Білім беру процесінде қарым-қатынас жүйелері.
Білім саласындағы негізгі мәселелер келесідей болады:
Мазмұн
Әдістеме
Нәтиже
Әрбір педагогикалық жүйе мен әр ұстаз осы сұрақтарға өз философиясы ауқымында жауап беруге ұмтылады.
Дәстүрлі оқыту білімді бірінші кезекте ақпаратпен байланыстырады. Бұл түсінік білім игеру процесінің басты проблемаларының біріне айналып кеткен. Қазіргі заман – ақпарат заманы, ол жан-жақтан әртүрлі формада (кітап, газет-журнал, теледидар, радио, қарым-қатынас, Интернет, жарнама, т.б.) орасан зор көлемде ағыл-тегіл келіп түсуде. Алайда адам өзінің шектеулі миымен барлық ақпаратты есте сақтап, игере алмайды, оған уақыты, тіпті өмірі жетпейді. Мәселен миллионға дейін санаудың өзі ғана 278 сағаттай уақытты керек етеді, ал бұл дегеніңіз 11 жарым күн!
Сонымен, «білім – ақпарат» формуласы бүгінгі күні ескірген, білім ақпарат емес деп ұйғаруға әбден болады. Білім беруде басты мақсат- «не нәрсеге оқыту», яғни мазмұн емес, «қалай оқыту», яғни әдістеме қажет.
Білім деген тек дағды білік қана емес, сонымен бірге адами қасиет екендігін ізгілікке зәру ХХ ғасыр кеш түсінді. Біз – адамбыз және де күніміз тек қана адамдармен болмақ, демек білімнің басты мазмұны – адамгершілік қасиеттерге баулу болып табылатын шығар? Кезінде Абайдың да басты өмірлік қағидасы «Адам бол!» емес пе еді? Адами қасиет болмаса, қалғанның бәрі де бос, даурықпа сөз.
Немістің классикалық философы Иммануил Канттың өмірлік қағидасы келесідей болған: «Адам әрқашан да мақсат болып, ешқашан