І. Жансүгіров атындағы жетісу


Білім беру процесінің негізгі міндеттемелері



бет92/100
Дата08.02.2022
өлшемі480,4 Kb.
#121097
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   100
Байланысты:
pue rk 2003, СИЛЛАБУС ТСЗИ (1), Ybraiym Akan Sik-21-1 (1)

Білім беру процесінің негізгі міндеттемелері


Білім беру процесінің ішкі шындығы. Білім беру процесіндегі құндылықтар мен идеологиялар. Тұлғаның әлеуметтенуі процесінде білім берудің орны, білімділіктің канондарын, педогогикалық

концепцияларды қамтитын білім беру технологиялары. Білім беру – қызмет айырбасы ретінде. Білім – беру коммуникативті процесс ретінде. Білім беру – субмәдениеттердің өзара ену процесі ретінде. Білім беру процесінің кеңістік – уақыттық параметрлері. Білім берудегі уақыттың маңызы. Білім беру процесінде қарым-қатынас жүйелері.
Білім саласындағы негізгі мәселелер келесідей болады:

  1. Мазмұн

  2. Әдістеме

  3. Нәтиже

Әрбір педагогикалық жүйе мен әр ұстаз осы сұрақтарға өз философиясы ауқымында жауап беруге ұмтылады.
Дәстүрлі оқыту білімді бірінші кезекте ақпаратпен байланыстырады. Бұл түсінік білім игеру процесінің басты проблемаларының біріне айналып кеткен. Қазіргі заман – ақпарат заманы, ол жан-жақтан әртүрлі формада (кітап, газет-журнал, теледидар, радио, қарым-қатынас, Интернет, жарнама, т.б.) орасан зор көлемде ағыл-тегіл келіп түсуде. Алайда адам өзінің шектеулі миымен барлық ақпаратты есте сақтап, игере алмайды, оған уақыты, тіпті өмірі жетпейді. Мәселен миллионға дейін санаудың өзі ғана 278 сағаттай уақытты керек етеді, ал бұл дегеніңіз 11 жарым күн!
Сонымен, «білім – ақпарат» формуласы бүгінгі күні ескірген, білім ақпарат емес деп ұйғаруға әбден болады. Білім беруде басты мақсат- «не нәрсеге оқыту», яғни мазмұн емес, «қалай оқыту», яғни әдістеме қажет.
Білім деген тек дағды білік қана емес, сонымен бірге адами қасиет екендігін ізгілікке зәру ХХ ғасыр кеш түсінді. Біз – адамбыз және де күніміз тек қана адамдармен болмақ, демек білімнің басты мазмұны – адамгершілік қасиеттерге баулу болып табылатын шығар? Кезінде Абайдың да басты өмірлік қағидасы «Адам бол!» емес пе еді? Адами қасиет болмаса, қалғанның бәрі де бос, даурықпа сөз.
Немістің классикалық философы Иммануил Канттың өмірлік қағидасы келесідей болған: «Адам әрқашан да мақсат болып, ешқашан

құрал болмауы керек». Бұл сөздер бойынша дүниеде барлығы да адам үшін, оның игілігі үшін жасалуы шарт, алайда адамның қолымен немесе адамның арқасында белгілі бір мақсатқа жетуге тырысу – адамгершілікке жатпайды. Біз бар ұмтылысымызды қоғам игілігіне бағыштауымыз керек.
«Егер оқытуды біреудің басынан басқаның басына білім тасымалдау деп түсінсек, онда адамды ешнәрсеге де үйретуге болмайды», деп тұжырымдаған Платон. Адам бойындағы барлық білімді өзі есіне түріруі керек. Платонның бұл пайымдауын екі жақты – мифологиялық және рационалды түрде түсініге болады. Мифологиялық тұрғыдан, Платонға жүгінетін болсақ, адам жаны өмірге келерге дейін құдайлардың арасында тұрып, сол жерде білім алады. Құдайлардан сол жанды алып осы өмірге келгенде, адамның бұрынырақ игерген білімді тек есіне түсіруі ғана керек.
Философия тарихында неміс философ-рационалисі, әрі математигі В.Лейбниц пен ағылшын философ-эмпиригі Д.Локк арасындағы пікірталас болғандығы аян. Рене Декарт секілді Лейбниц те идеялар туа бітеді деп есептеген, ең маңызды және басты білім адамға туғаннан берілген деп пайымдаған. Әрине, мәселе адамның физика немесе математика заңдарын туа білуінде емес, егер адамды дұрыс тәрбиелеп, дамытса, ең басты ақиқаттарды оның өзі-ақ ашатындығында. Адам болмысында туа біткен білім әу бастан бар. Осы білімді өн бойынан алу, оны «еске түсіру»- өте күрделі әрі көптің қолынан келе бемейтін шаруа.
Мұның бәрі оқудың, күнделікті білімдерді игерудін, бұрынғылардың бізге дейінгі білгенін білу керек еместігін меңземейді.Үлкен сана деңгейіне асқақтау үшін, Кіші сананы күнделікті және жан-жақты дамыту қажет, белгісіздікке ұмтылу үшін өзіңе таяныш-тірек қалыптастыру керек.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет