І. Жансүгіров атындағы жетісу



бет19/100
Дата08.02.2022
өлшемі480,4 Kb.
#121097
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   100
С.Л. Франк іліміндегі философия мен ғылым. С.Л.Франк философия мен ғылымның өзара байланысы туралы ұсыныстарды дамытуға үлкен үлес қосты. Франк үшін философия – адамзаттың
тұтас дүниетану көзқарасын, адамдардың жан-жақтылығының социумын, өздерінің жеке шығармашылық дәлдіктерін бүтін және толық аяқтауды қамтыды. Франк философияны әртүрлі сенулерге, мазмұн мен сапа көзқарастар жүйесіне апармайды. Ол бұл ғылым
«ғылыми дәлелденгендіктен ерекше философия - бұл тұтас дүниетаным» деп көрсетеді. Франк философиясында ғылым, білім, ғылыми білім ерекше орын алады. Антикалық ғылымның туу кезеңінен бастап, Франк философия мен ғылымның бір-біріне сәйкес келгенін дұрыс белгіледі, сол уақыттан бері философия ғылым ретінде қаралып, ғылыми білім үшін ерекше белгілердің қатарына енгенін көрсетеді. Бұл белгілер Франктың келесідей мән мазмұнымен сәйкес келеді:

    1. білім ең алдымен тіршілік мұқтаждықтарына тікелей қатынассыз, ақиқатты іздеусіз өңделмеген білім ретінде болды;

    2. білім еркін дамып, әрбір ойлаушы ақиқатқа жетуді дұрыс санап, анықталған білімді өзгерту мен түзетуге құқылы болды;

    3. білім дәлелденді және тексерілді, сонымен бірге ұғымдардың қисынды жасалған жүйесі қаланды.

Сонымен, ғылыми білім мен ғылым – бұл білім, бұл ақиқатты дербес еркін жолмен іздеу және қисынды жүйеге келтірілген білім арқылы іске асыру, - деп көрсетеді Франк. Осыған орай, Франк екі маңызды сұраққа ерекше көңіл бөледі:

  1. Арнайы ғылымдар мен философияның арасындағы қатынас жүйелілігінің шынайылығы қандай?

  2. Дербес ғылым ретінде философияның ерекше заты қандай?

Франк күні бүгінге дейін көкейкесті, қарапайым емес сұрақтарға жеткілікті жауап беріп қана қоймай, керісінше, позитивизмнің пәндік сындарын талқыға салып, оның негізгі жолдарының толық еместігін көрсетеді.
Қазіргі уақытта ғылым көптеген білімдерді қамтиды, бірақ бар білімдердің іс жүзінде мұндай жиынын түгел қамти алмады. Барлық ғылымдардың жиынтық түрінде бір санаға сия алмауы көптеген ғылымдардың бірігіп дайындаған ғылыми білім энциклопедиясы ретінде қолданылады. Мұндай энциклопедия болса да, ол философиялық бола алмаушы еді.
Франктің пікірінше арнайы ғылымдар мен қосалқы ғылымның салаларын бір тұтастықты қамтамасыз ететін ерекше білімнің жүйесін құрайтын ғылым керек. Осындай ғылым философия болып табылады. Ғылым философиясы ғылым тарихына және нақты тарихи құжаттарға негізделеді. Бірақта, Франктің айтуы бойынша, философия «ғылымның қортындысындағы ақиқатқа негізделмейді, керісінше оның негізгі қызметі дұрысын, нақтысын, яғни бір жүйеге
келтіретін ғылыми қорытындылардың формасын шығару керек. Өйткені, ешқандай білім басқа білімдермен салыстырылмай, әмбебап жүйге келтірілмей дайын, аяқталған, нақты бола алмайды».
Сонымен, Франктің ең бір маңызы жетістіктерінің бірі - ол философияның спецификасын анықтау, ғылымның және философияның тәуелсіздігін құруында, соның негізінде «барлық жеке және арнайы ғылымдардың негізін, қорытындысын жасайды».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет