Экономикалық методология: оның мақсаттары мен міндеттері. Экономикадағы негізгі әдістер. Басты методологиялық зерттеулердің даму контекстіндегі экономикалық методологиясы. Экономикалық ғылымдар үшін философия жалпы методология ретінде.
ХVІІІ – ХІХ ғғ. экономикалық методологияның эволюциясы. ХХ ғ. экономикалық методологиялық негізгі бағыттары. Экономикалық методология дамуының негізгі кезеңдері.
Қазіргі экономикалық методологияның негізгі бағыттары.
Экономикалық ғылым және методология. ХХІ ғасыр аралығындағы экономикалық методологияның негізгі мәселелері. Формальды және математикалық методтың қазіргі экономикалық теорияда қолданылуы.
Математика және экономика: тіркесушіліктің негізгі нүктелері. Математикалық методтың күшті және әлсіз тұстары. Экономикалық теориядағы математизация мен формализацияның негізгі бағыттары.
Экономикадағы негізгі заңдар. Микроэкономиканың негізгі заңдары. Динамикалық және статикалық заңдар. Қазіргі экономикадағы эволюциялық талдау.
Белгілі философиялық көзқарастар тұрғысынан қарағанда методология субъективтік, диалектикалық-материалистік, эмпирикалық, рационалистік және басқа да бағыттарды қолдануды талап етеді. Бұл методология адамдардың таптық құрамына қарамастан, экономикалық жүйені тұтас зерттеп, осының негізінде экономикалық өркениеттің объективтік рационалистік заңдар ашып зерттеуді талап етеді. Құрал ретінде математикалық эконометрика,
кибернетика қолданылады. Зерттеу нәтижесі экономикалық үлгілер, схемалар, графиктер пайда болады. Рационалистік әдіс объективтік шындықты талдаудың тұрақты динамикада жүргізілуін қалайды. Бұған өндіріс болу, айырбас және тұтынушыдың ішкі байланыстары мен заңдарын зерттеу тәсілі жатады.
Рационалистік және аналитикалық әдістердің өзара байланыстары әсіресе соның ішінде ұдайы өндіріс пен экономикалық өсу процестері талдаулары толық байқалады. Позитивтік әдіс экономика ғылымының белгілі бір философиясын құруды, экономика туралы білімді тұжырымдауды, фактілеу суреттеп баяндау және жүйеге келтіру негізінде экономикалық ортаның даму заңдары мен категорияларын ашуды, тәжірибе қолдануды, нарықтық байқау- бақылауды талап етеді. Демек, экономикалық ғылымның философиясы бұйрық-әкімшілік, нарық жүйелерінің тепе-теңдігі және эволюциясы туралы ілімді, олардың құрылымы мен инфрақұрылымы туралы ілімді қалыптастырады.[3]
Танып білудің нормативтік әдісі адамдардың барынша жоғары үнемділік принциптерге негізделген практикалық әрекеттерін талдауды талап етеді. Бұл әдістің басты принципі шаруашылық іспен шұғылданатын барлық субъектердің пайдасын көздейтін нәтижеге жету болып табылады. Экономикалық өмір нақты жағдайдағы фактілердің жиынтығы болып табылады. Сондықтан бұл әдісті қолдану үшін, неғұрлым жоғары дәрежені талдап, қорытынды шығару дәрежесіне көтеруді тілейді. Экономикалық құбылыстарды талдау экономикалық құбылысты, оны жеке элементтерге бөліп және әр элементті тұтас құбылыстың қажетті құрамды бөлігі деп зерттеуді талап етеді. Ал синтез құбылысты алдымен әр бөліктен тұратын құрылым деп, содан кейін осы элементтердің біртұтас қосылымы деп зерттеп, жалпы қорытынды шығарады.