І. «Клиникалық тексерулердің әдістері» стандарттары


Стандарт «ЭКГ жүргізу техникасы»



бет32/32
Дата22.01.2022
өлшемі42,2 Kb.
#129613
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
І. «Клиникалы тексерулерді дістері» стандарттары

2.23. Стандарт «ЭКГ жүргізу техникасы»

1. Науқасты беліне дейін шешініп, тобықты киімінен босату.

2.Науқасты арқасымен кушеткаға жатқызамыз.

3.Кеуде қуысының жүрек аймағын және тобықтың төменгі үшінші бөлігін ылғалдатқыш гельмен сүртеміз.

4.Ылғалданған теріге электродтың металл пластинкаларын қысқыштар көмегімен орналастырамыз.

5.Электродтарды металл пластинкаларына мына ретпен орналастырамыз:



  • Оң қолға-қызыл электрод

  • Сол қолға-сары электрод

  • Сол аяққа-жасыл электрод

  • Оң аяққа-қара электрод

6.Кеуде қуысының электрод орналастырылатын жерлерін ылғалдатқыш гельмен сүртеміз.

7.Электродтарды номерленген резеңке алмұрт тәріздес сорғышпен науқастың кеуде қуысының 6 аймағына қоямыз:



  • Төстің оң шетіне ІV қабырға аралығына

  • Төстің сол шетіне ІV қабырға аралығына

  • Сол төс жаны сызығына және V қабырға аралығына

  • V қабырға аралығына сол ортаңғы бұғана сызығы арқылы

  • V қабырға аралығына сол алдыңғы бұлшық ет сызығы арқылы

  • V қабырға аралығына сол ортаңғы бұлшық ет сызығы арқылы

8.ЭКГ аппаратын қосып, «бастау» пернесін басып, ЭКГ жазбасын жүргізу .(әр тіркеуде кем дегенде 3 жүрек комплексі болуы тиіс)

9.12 тіркеу жүргізілгеннен соң ,ЭКГ аппаратын өшіру.Электродтарды науқастан шешу.



10.ЭКГ лентасына науқастың аты-жөнін,жасын,күнін жазу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет