Мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікті бағдарлауының
кейбір ерекшеліктері
Кеңістік бағдарлануы үшін қандай болмасын санақ системасымен пайдалана білу қажет. Алғашқы кезеңде бала кеңістікте түйсіктік санақ системасы дегеннің негізінде, яғни өз денесінің жан -жағына қарай бағдарлайды. Мектеп жасына дейін бала негізгі кеңістік бағыттары бойынша сөзбен айтылатын системаны игереді; ілгері -кейін, жоғары- төмен, оңға -солға. Мектепте оқып жүргенде балалар жаңа санақ системасын игереді,ол- горизонт жақтарына қарап,солтүстік,оңтүстік,батыс,шығыс.
Әрбір санақ системасын игеру алдында алған білімге негізделетіні тағайындалған.Мысалы,зерттеулерде ІІІ- ІҮ класс оқушыларының горизонт жақтарын игеруі олардың негізгі кеңістік бағыттарды географиялық картадан қаншалықты дифференциялай білетіндігіне байланысты екендігі айқын көрсетілген. Солтүстік, мысалы, алдымен балалдардың кеңістіктегі жоғары бағытымен ұштасады, оңтүстік - кеңістіктегі төмен бағытымен, батыс -сол жақ бағытымен және шығыс- оң жақ бағытымен ұштасады. Кішкене баланың негізгі кеңістік бағыттарын дифференциялау баланың «өзіне қарай» бағдарлау деңгейімен олардың «өз денесінің схемасын» игеру дәрежесіне байланысты келеді, ал мұның өзі шындығында «түйсіктік санақ системасы» болып табылады да (Т.А.Мусейибова).
Кейінірек оған өзге санақ системасы - сөзбен айту -қосылады. Бұл- баланың бағыттарды түйсік айыруға қатысты атауларды; жоғары,төмен, ілгері, кейін, оңға, солға бекіту нәтижесінде пайда болады.
Сонымен, мектепке дейінгі жас -негізгі кеңістік бағыттар бойынша сөздік санақ системасын игеру кезеңі. Бала оны қалайша игереді.
Зерттеулердің көрсетулеріне қарағанда, айырылатын бағыттарды, бала ең алдымен өз бойындағы белгілі бір мүшемен байланыстырады. Мына сияқты байланыстарды осылайша реттейді: жоғары басы жағына, ал төмен-аяғы жағына, ілгері -беті жағына,ал кейін- арқасы жағында, оңға- оң қол жағына, ал солға - сол қол жағында. Өз денесіне қарай бағдарлану баланың кеңістік бағыттарын игеру негізі болмақ.
Адам денесінің әр түрлі осьтеріне сәйкес келетін негізгі бағыттардың (фронталь,вертикаль және сагитталь) үш пар тобының ішінен ең алдымен жоғары бағыт белгілі болады, мұның себебі, сірә да, бала денесінің вертикаль қалыпта болуымен байланысты болар. Ал төменгі бағыттың вертикаль осьтің қарама -қарсы жағы ретінде,бағыттардың пар топтарының дифференциясы ретінде бұның өзі горизонталь жазықтыққа ғана тән (ілгері -кейін және оңға- солға) дараланып қалыптасып кейінірек өтеді. Горизонталь жазықтыққа оған және бағыттар тобына сәйкес түрде бағдарлану дәлдігі мектеп жасына дейінгі балалар үшін, әрине, үш өлшемді кеңістіктің әр түрлі жазықтықтардың (вертикаль және горизонталь) дифференциялаудан анагұрлым күрделі мәселесі екендігі айқын.
Кішкене бала парлас қарама қарсы бағыттар тобын негізінен игергеннен кейін де әр топтың өзі ішінде дәл айыруда қателесе береді. Бұған мына фактілер айғақ: балалар оң жақты сол жақпен, жоғарыны төменгімен, кеңістік ілгері бағытын қарама қарсы кейінмен шатастырады. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін, әсіресе оңға солға бағыттарын айыру қиын тиеді, бұның негізі өз денесінің оңы мен солын дифференциялау процесі болмақ.
Олай болса, бала кеңістік бағыттарын парлауды, олардың адекваттық белгілеулерін және де іс жүзінде айыра білуді, біртіндеп қана игереді екен.
Кеңістік белгілеулерінің әрбір парында алдымен біреуі айырып көрсетіледі,мысалы, астында, оң жақта, жоғары жақта, кейін, ал осылармен салыстыру , негізінде қарама қарсыларын түсіне аламыз; үстінде, сол жақта, төменгі жақта, ілгері. Сонымен өзара байланысқан қарама қарсы кеңістік қатынастарының бірінің дифференциясы екіншісін білуге келіп тіреледі, ал мұның өзі оқыту методикасында өзара кері кеңістік түсініктерді бір мезгілде қалыптастыру қажет дегенді білдіреді.
Осының барлығы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі кеңістік бағыттары бойынша сөздік санақ системасын игеру процесі әрі ұзақ, әрі ерекше екендігін көрсетіп отыр.
Бала айнала қоршаған кеңістікте бағдарлану кезінде өзінің игерген санақ системасын қолдану немесе пайдалану іскерлігін қалайша икемдейді екен.
Достарыңызбен бөлісу: |