Құқық негіздері пәні бойынша емтихан сұрақтары


Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамына



бет4/11
Дата03.10.2023
өлшемі74,49 Kb.
#183522
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Антикор жауаптары

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамынаоның обьектісі, обьективті жағы, субьектісі, субьективтік жағы жатады.
Әкімшілік құқықтың обьектісіне әкімшілік заңдармен қорғалатын, белгілі бір іс-қимыл қауіп төндіретін қоғамдық қатынастар жатады.
Обьективті жағы әкімшілік құқық бұзушылықтың сыртқы көрінісін, іс-қимылдың (әрекеттің, әрекетсіздіктің) өзін көрсетеді. Сондай –ақ оның бірнеше мәрте жасалуы да жатады.
14. Мемлекеттік басқару түсінігі және мәні
Мемлекеттік басқару қоғам дамуының барысында қоғамдық қатынастарды реттеу мен тікелей практикалық ұйымдастырудағы атқарушылық және бөлушілік іс-әрекет. Мемлекеттік басқару барынша кең мағынада, мем\ң істерін басқару, мем\к органдардың барлығының қатынасуымен іске асырылады. Мемлекеттік басқару дегеніміз:
а) заңдарды орындау барысындағы іс-әрекет; б) обьектілер мен адамдарға ағымдағы өкімдік жасау және олардың орындауға міндетті болып табылатын, заңдық күші бар нормативтік актілерді қабылдаумен б\ты іс-әрекет.Мемлекеттің түпкі мәні қандай болса да оның ұғымының, белгілерінің, нысандарының,механизмінің, атқаратын қызметтерінің мазмұны да сондай болады. Демек, осы тұрғыдан қарағанда мемлекетті оқып білуді оның мәнін ашып көрсетуден бастау дұрыс әдіс. Мемлекеттің мәнідегеніміз оның табиғатын, мазмұнын, қызмет ету мақсатын, қоғамдағы қажеттілігін анықтайтын барынша маңызды, тұрақты ішкі ж\е сыртқы жақтары мен қасиеттерінің жиынтығы. Мемлекеттің мәнін ашып көрсетудің екі жолы қалыптасқан: таптықт(маркстік-лениндік) ж\е жалпы әлеуметтік.Басқару формасы - мемлекеттік биліктің жоғарғы органдар ұйымы, олардың пайда болу тәртібі, оларды қалыптастырудағы халықтың қатысуы деңгейі. Басқару формасының негізгі екі түрі бар: монархия және республика.
Мемлекеттік құрылым формасы - мемлекеттің ішкі бөлінісі және олардың өзара қарым-қатынасы. Құрылым формасы бойынша унитарлық, федеративті және конфедеративті болып бөлінеді.
15. Әкімшілік құқықтыққатынас
Әкімшілік құқық – атқарушы билік құрылымдарын қалыптастыру барысында, өкілеттіктерін, міндеттерін, құқықтары мен мемлекеттік қызметшілердің жауапкершіліктерін белгілегенде, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті, азаматтардың өмірлерін, құқытары мен еркіндіктерні қорғауды жүзеге асыруда мемлекеттік басқару процесінде туындаған қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың құқықтық саласы.
Әкімшілік құқықтық қатынастар – мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастар. Оның субъектілері болып мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпорындар, мекемлер, ұйымдар, азаматтар, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар табылады. Әкімшілік құқықтық қатынас ерекшеліктері, билік қатынастары ( тараптардың заңды тепе-теңдігі болмайды), (мемлекеттік басқару саласында болғандықтан) онда мемлекет мүддесі қаралады.
Әкімшілік құқықтық қатынастарды келесі біліктілік санаттары бойынша бөлуге болады:
1) қатысушылар құрамы бойынша: а) аппарат ішіндегі, б) аппараттан тыс;
2) тараптар арасындағы заңды байланыс сипаттарына қарай: а) тік (әрбір тарап билік құзырына ие, көлемі бірдей), б) көлденең (тікелей басқаруға ұқсас, онда тараптар заңды түрде бірдей).
16. Азаматтық құқықтағы міндеттеме
Азаматтық құқықтағы міндеттеме дегеніміз — мүліктік салыстырмалы азаматтық құқықтық қатынас, оған сәйкес бір тарап (борышкер) екінші тараптың (несие берушінің) пайдасына мүлікті беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету жөнінде белгілі бір әрекет жасауға не белгіл бір әрекеттен бас тартуға міндеттенеді."Міндеттеме" ұғымы әртүрлі мағынада пайдаланылады: құқық қатынасы;борыш, міңдет;осы міндет көрсетілген құжат (қолхат, квитанция, вексель,чек,облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттеме).АК-ның 268-бабында міндеттеме құқықтық қатынастар ретінде беріледі: "Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекетгер жасауға, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышкерден өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышкерден атқарғанды қабылдауға міндетті".
Міндеттемелік құқық қатынастарының негізгі ерекшеліктері, экономикалық тұрғыдан алғанда, еңбектің мүліктік нәтижелерінің ауысуынан туындайды (өндіріс өрісінен айналым өрісіне, ол арқылы тұтыну өрісіне ауысуы). Азаматтық құқықтар мен мiндеттер заңдарда көзделген негiздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерiнен пайда болады, өйткенi ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетiлмегенiмен, олардың жалпы негiздерi мен мәнiне байланысты азаматтық құқықтар мен мiндеттердi туғызады.
Осыған сәйкес азаматтық құқықтар мен мiндеттер:
1) заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмiлелерден, сондай-ақ заңдарда көзделмегенiмен, оларға қайшы келмейтiн мәмiлелерден;
2) заңдарға сәйкес азаматтық-құқықтық жағдайларды туғызатын әкiмшiлiк құжаттардан;
3) азаматтық құқықтар мен мiндеттер белгiлеген сот шешiмiнен;
4) заң құжаттарында тыйым салынбаған негiздер бойынша мүлiктi жасау немесе иемдену нәтижесiнде;
5) өнертабыстар, өнеркәсiптiк үлгiлер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және интеллектуалдық қызметтiң өзге де нәтижелерiн жасау нәтижесiнде;
6) басқа жаққа зиян келтiру салдарынан, сол сияқты басқа жақ есебiнен мүлiктi негiзсiз сатып алу немесе жинау (негiзсiз баю) салдарынан;
7) азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттерi салдарынан;
8) заңдар азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.
17. Қылмыстық құқық – құқық қайнар көзі ретінде
Қылмыстық құқық — қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын заң нормаларының жиынтығынан тұратын құқық саласы. Сондай-ақ құқықтың тиісті саласын зерделейтін ғылым мен оқу пәні де Қылмыстық құқық болып табылады. ҚР Қылмыстық құқықының негізгі қағидаттары: заңдылық, ізгілік, жеке бастың жауаптылығы, жазадан құтылмайтыны, әділеттілік, айыптылық қағидаты. Қылмыстық құқықҚылмыстық құқық қоғамдағы конституциялық, азаматтық, еңбек, әкімшіліктік, қаржы салаларымен реттелетін қатынастарды қорғайды. Қылмыстық құқық жүйесі екі бөлімнен тұрады: жалпы бөлім және ерекше бөлім. Жалпы бөлім жалпы қағидаттарды, қылмыстық жауаптылықтың негіздемесін, негізгі ережелер мен ұғымдарды, сондай-ақ жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату тәртібін тиянақтайтын нормалардан құралады. Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімі объектінің белгілері бойынша жіктелген қылмыстардың тізбесінен тұрады. ҚР Қылмыстық кодексінде ерекше бөлім ішкі бөлімдерге, ал ішкі бөлімдер тарауларға бөлінген.
18. ҚР конституциялық құрылыс
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы ұғымы және принциптері. Әрбір мемлекет өзінің Консттуциясына сәйкес мемлекеттік билікті ұйымдастыруды белгілейді сонымен қатар олардың адам және азаматтың аталмыш қоғам өмірімен қарым қатынасын бекіте отырып, мемлекеттік органдар жүйесінің негізін қалайды. Қазақстан Республикасының құрылысы мемлекетті ұйымдастыру тәсілдеріне, оның тұлғамен қатынасына негіз болатын, Конституция нормаларымен бекітілген және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын қоғамдық қатынастардың жүйесі болып табылады. Конституцияда Қазақстан Республикасының құрылысына негіз болатын барлық принциптер бекітілген. Олар – халықтық билік, мемлекеттік егемендік, біртұтастіқ, биліктерді бөлу принципі, құқықтың үстемдігі, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық жолмен шешу, идеологиялық және саяси әр алуандылық және т.б. принциптер болып жіктеледі. Қазақстан Республикасының мемлекетін құру концепциясында Қазақстан Респубикасы конституциялық құрылысның негізгі белгісі ретінде халықтық билікті атап айтуға болады. Қазақстан Республикасының Конституциясына «Мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық» деп белгіленген (3-б). Халық билікті республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады. Сондай-ақ халық өз илігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасын демократиясының тікелей және өкілді нысандары туралы берік сеніммен айтуға болады. Мемлекеттің егемендігі конституциялық құрылыс негіздерінің бірі ретінде Конституциямен жария етіледі. Егемендік республиканың бүкіл аумағын қамтиды, өз аумағында және одан тысқары жерлерде Қазақстан Республикасы халқының ерік жігері негізінде басқа мемлекеттерге тәуелсіз жағдайда, өз алдына дрбес мемлекет функцияларын жүзеге асыруына мумкіндік береді. Қазақстан Республикасының егемендігін қаматамасыз етуде 1995 жылы 25 қазанда қабылданған «ҚазССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» айрықша рөлге ие. Қазақстан Республикасының егемендігін 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы одан әрі нығайта түсті. Ол Қазақстан Республикасын дербес және тәуелсіз мемлекет ретінде бекітті. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет болып табылады.
19. Азаматтық құқықтыққатынас


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет