Тақырып
Қазақстан
Республикасында
еңбек
қатынастарының
құқықтық реттелуі
Оқу мақсаты
10.3.4.2 Әртүрлі өмірлік жағдаяттарда еңбек құқықтарының
іске асуын зерттеу
Бағалау критерийі
Білім алушы:
Әртүрлі өмірлік жағдаяттарда еңбек құқықтарының
іске асырылуын бағалайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Төменде берілген жағдаяттарды оқып, еңбек құқығының баптарына сәйкес қалай еңбек
құқығы қорғалатынын бағалаңыз.
№1 Жағдаят
Д. есімді азаматты жоғары жалақы береміз деп жұмысқа алады, бірақ келісім шарт
жасасқаннан кейін, оның талаптарын орындамайды. Д. есімді азамат жұмыстан босатуы
жөнінде арыз жасады. Жұмыс беруші жұмыстан босату туралы арыздың жоқ екенін алға
тартып, жұмыстан босатпайды.
Жұмыс берушінің әрекеті заңды ма?
№2 Жағдаят
С.есімді азаматты жергілікті әкім демалыс күні жұмысқа шығуын сұрайды. Бірақ С.есімді
азамат демалыс күні болғандықтан, оның демалатынын айтады, оның үстіне әкімді сотқа
беретіні туралы ескертіп, әкімді жамандай бастайды. Әкім С. есімді азаматқа құбырлар
жарылғанын, төтенше жағдай жарияланғанын ескертіп, сотқа беретінін айтады.
С. есімді азаматтың әрекеті заңға сәйкес келе ме?
Жағдаят №3
В. есімді азаматты бір мекеме жұмысқа алады. Ол екі жыл қызмет еткенен кейін тазалық
жағдайы сақталмағандықтан, оның жалақысы шетелдіктерден кем берілетінін айтып,
қызметінен шығатыны жөнінде арыз жазады. Бірақ жұмыс беруші В есімді азаматты
жұмыстан босатпайды. В есімді азамат ереуілге шығатындықтары туралы жеткізеді.
В. Есімді азаматтың әрекеттері еңбек кодексіне қарсы ма?
Дескриптор
Білім алушы
-
№1 жағдаяттың еңбек құқығының баптарына сәйкес қалай еңбек
құқығы қорғалатынын түсіндіреді;
-
№2 жағдаяттың еңбек құқығының баптарына сәйкес қалай еңбек
құқығы қорғалатынын түсіндіреді;
-
№3 жағдаяттың еңбек құқығының баптарына сәйкес қалай еңбек
құқығы қорғалатынын түсіндіреді.
|