«Құқық негіздері» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 10-сынып


ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР



бет8/12
Дата13.10.2023
өлшемі103,31 Kb.
#185249
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
«Құқық негіздері» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік-emirsaba.org

ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Жеке құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау




Тақырып

Азаматтық құқықтың принциптері мен субъектілері


Қазақстан Республикасында тұтынушылар құқықтарының заңды түрде бекітілуі


Оқу мақсаты

10.3.1.2 Азаматтық құқық принцптерін нақты мысалдар арқылы түсіндіру


10.3.2.2 Заң терминдерін пайдалана отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жолдарын нақты
жағдаяттық мысалдармен (казустармен) түсіндіру


Бағалау критерийі


Білім алушы
  • Азаматтық құқық қағидаттарын түсініп нақты мысалдар арқылы анықтайды


  • Заң терминдерін пайдаланып тұтынушылардың құқықтарын қорғауына байланысты жағдаяттардың


шешу жолдарын көрсетеді




Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану



Орындау уақыты

20 минут




Тапсырма

  1. Жағдаятпен танысып, азаматтық құқықтың қағидаттарының бұзылған/бұзылмағанын анықтап, міндеттемелердің орындалу тәсілдерінің барлық тараптарға тиімді жолдарына талдау жасаңыз.


Б. есімді азамат екінші деңгейлі банктен алған тұтынушылық несиесін уақытылы 2 жыл бойы төлеп келеді. Алайда жұмыс орнының қысқаруына байланысты ол жұмыстан шығып қалады. Несие төлеу қабілетінен айырылған азамат Б. оны төлеуден жалтарады. Екінші деңгейлі банк кепіл ретінде тұрған тұрғын үйін міндеттеме бойынша өтеуді талап етеді. 1 жыл өткен соң екінші деңгейлі банк қарызды өтеу үшін коллекторлық агенттікке жүгінеді. Коллекторлық агенттік Б. азаматты тауып, онымен қосымша келісім шарт жасаcып борышқордың жылжымайтын мүлкін алып қалатынын мәлімдеді. Азамат Б. жылжымайтын мүлкін беруден бас тартады.



Сұрақ 1. Азамат Б. азаматтық құқық қағидаттарын бұзды ма? Бұзса қандай?
Сұрақ 2. Коллекторлық агенттік азаматтық құқық қағидаттарын бұзды ма? Бұзса қандай? Жауабыңызды ашып жазыңыз.


Сұрақ 3. Міндеттемелерді орындау тәсілдерінің қандай жолы(тәсілі) тараптарға тиімді болады? Кемінде 3 жолын көрсетіңіз.

  1. Жағдаятпен танысып, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жолдарын анықтаңыз.


Азамат Д. электроника техникасын сататын дүкеніне өзінің жеке мақсатына пайдалану үшін ноутбук сатып алуға барады. Дүкеннің кеңес беруші менеджері (сатушы) оған қазір жеңілдіктер жүріп жатқандығын және арзандатылған бағамен «А» маркалы ноутбук сатып ала алтындығын хабарлады. Азамат Д. зауыт кепілдік мерзімін 1 жылға беретінін ал электроника

дүкені қосымша ақыға 2 және 3 жылға кепілдік мерзімін ұзартуға болатындығын білді. Жеңілдетілген баға бойынша сатып алған азамат Д. кепіл шартына және дүкеннің қосымша кепіл шартына қол қояды. Арада бір жыл өткен соң азамат Д. сатып алған ноутбукты өзі қызмет ететін жұмысқа апарып пайдаланады. Қызмет барысында ноутбук арқылы түрлі бағдарламаларды кезекті сынақтан өткізу барысында ноутбук істен шығады. Тұтынушы ретінде электроника дүкенінен барып, тегін жөндеп беруді талап етеді. Алайда дүкендегі компьютер жөндеушілер оны жөндеуден бас тартады.

    1. Неліктен электроника дүкені ноутбукты жөндеуден бас тартты?


    2. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңының қандай нормасы/ бабы бұзылды?



    1. Тұтынушылардың құқығын қорғайтын одаққа мұндай жағдайда жүгінуге бола ма?



    1. Азамат Д.-ның ноутбукты жұмыс мақсатында пайдалану заңды ма? Жауабыңызды түсіндіріңіз.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет