Құқық негіздерінің қайнар көздері



бет63/116
Дата17.02.2022
өлшемі1 Mb.
#132231
түріЛекция
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   116
Байланысты:
350093 2

Бұл прищиптерге: заңдылық қағидасы, азаматтардың заң алдында теңдігі, жауаптылықтан құтылмайтындық принципі, жеке жауаптылық қағидасы, әділеттілік, ізгілік принциптері, кінәсіздік презумпциясы және т. б. жатады.
Қылмыстық заң - Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика Парламенті қабылдаған құқылық кесім болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың кайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу - қылмыстык заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттердің (әрекет немесе әрекетсіздіктің) көрінісі, нәтижесі болып табылады. Әрекет дегеніміз адамның кылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз адамның заң, нормативтік кесімдер, нұсқаулар немесе арнаулы жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы.
Адамның қылмысқа қайшы немесе оған кайшы емес мінез-құлқы оның ойлау жүйелері арқылы, содан соң белгілі бір іс-әрекеттер арқылы көрініс береді. Ондай нақты іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған, жүзеге аспаған ойлар, пікірлер соншалықты қатерлі болғанына қарамастан, қылмыс деп есептелмейді.
Сонымен, қылмыстық заңдармен жазалау катерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп аталады. Осы анықтамадан қылмыстық құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік, жазаланушылык қылмыстың белгілері екендігі көрініп түр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет