Құқық негіздерінің қайнар көздері



бет53/116
Дата17.02.2022
өлшемі1 Mb.
#132231
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   116
Байланысты:
350093 2
1508-29a Жұмаева Н., 1508-29a Жұмаева Н., 1508-29а Жұмаева Назым, Жұмаева Н. Философияның таңдаулы 25 кітабы, Ерубаева Ж.С., К. Айткалиева, Bushmanova Assem
Міндеттеме түсінігі
Азаматтық-құқықтық қатынастардың арасында көп кездесетін негіздердің бірі - міндеттемелер.
Міндеттемеге сәйкес бір тұлға (борышкер) басқа тұлғаның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сол сияқты белгілі әрекеттер жасауға не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті.
Міндеттеменің субъектілері: несие беруші және борышқор. Несие беруші құқықты тарап, яғни борышқордан белгілі әрекеттерді жасауды немесе белгілі әрекеттерден бас тартуды талап ете алатын жақ, ал борышқор, керісінше, несие берушінің пайдасына белгілі әрекеттерді жасауға немесе жасамауға міндетті тарап.
Міндеттеме құқықтық қатынастың бір түрі болғандықтан заңмен қорғалуы тиіс. Борышқор өз міндеттемесін дұрыс орындамағаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылуы да мүмкін.
Міндеттеменің мазмұны тараптардың, яғни несие беруші мен борышқордың құқықтары мен міндеттері арқылы баяндалады. Несие берушінің құқықтары борышқордың мінез-құлқы арқылы анықталғандықтан, міндеттемелік құқықтық қатынастар заттық құқықтық қатынастардан осы көрсетілген белгінің нәтижесінде ажыратылады. Заттық құқықтық қатынастарда меншік иесі өз әрекеттерінің нәтижесінде өзіне қажетті құқықтық жағдайды анықтауға мүмкіншілігі бар.
Міндеттемеге бір мезгілде бірнеше несие берушілер мен борышқор қатыса алады. Мұндай ережені міндеттемелік көпжақтылық деп атаймыз.
Үлестік міндеттеме бойынша әрбір борышқор заңмен немесе шартпен белгіленген өз үлесін несие берушіге орындайды, ал әрбір несие беруші борышқордан өзіне тиесілі үлесті орындауды ғана талап ете алады.
Үлестік міндеттеменің ерекше түріне субсидиялық міндеттеме жатады. Оның мәні Азаматтық Кодекстің 288-ші бабына сәйкес анықталады. Негізгі борышқор несие берушінің міндеттемені орындау туралы талабын қанағаттандырмаған жағдайда бұл талап орындалмаған бөлігінде басқа борышқорға (субсидиялық борышқорға) мәлімденуі мүмкін. Бұл заң құжаттарында немесе несие беруші мен борышқордың арасындағы міндеттеме ережелерінде көрсетілуі тиіс. Мыс: Азаматтық Кодекстің 330-бабы. Кепіл болушылық. Осы ережеге сәйкес кепіл болушы басқа жақтың (борышқордың) несие берушінің алдында осы жақтың міндеттемесінің толық немесе ішінара субсидиялық орындалуына жауап беруге міндеттенеді.
Ортақтасқан міндеттемеде несие беруші әрбір борышқордан міндеттеменің толық көлемде орындалуын талап етеді. Ортақ міндеттеме екі жағдайда пайда болуы мүмкін: 1) егер мұндай ереже шартта анықталса; 2) егер мұндай мән-жай заңда көрсетілсе. Ортақтас борышқорлар міндеттеме толық орындалғанға дейін міндетті болып қала береді. Борышқорлар ортақтасып міндетті болған жағдайда несие беруші барлық борышқорлардан да немесе олардың кез келгенінен де, борышты түгелдей де, бөлшектеп те, орындауды талап етуге құқылы. Борышқордың бірінен толық қанағаттанбаған немесе беруші алынбағанды ортақтас борышқордың қалғандарынан талап етуге де мүмкіншілігі бар.
Борышқорлардың бірінің ортақтас міңдетті толық орындауы қалған борышқорды несие берушінің алдында жауапкершіліктен босатады (287, 3-ші тармағы).
Сонымен бірге, заң ортақтасқан міндеттемені орындаған борышқорға қалған борышқордан міңдеттеме мөлшерінде кері талап (регресс) қоюға мүмкіндік береді. Азаматтық Кодекстің 289-ші бабына сәйкес басқа тұлғаның міндеттемесін орындаған борышқор орындалған міндеттеме мөлшерінде сол тұлғаға кері талап (регресс) қоюға құқылы. Сонымен қатар ортақтасқан міндеттемені орындаған борышқор қалған борышқордын әрқайсысына оның өзіне тиесілі үлесін шегеріп, тең үлеспен кері талап қоя алады.
Шығармашылық бостандықтың жоғары қағидасы әрбір азамат үшін ғылыми зерттеулердің, өнертапқыштық және рационализаторлық қызметтің ауқымды дамуымен қамтамасыз етілетін ғылыми-техникалық және көркем шығармашылықтың еркіндігіне шын мәнінде кепілдік берілуімен бейнеледі. Бұл үшін мемлекет қажетті материалдық жағдай жасап, ерікті қоғамдар мен шығармашылық одақтарға қолдау көрсетуі тиіс, халық шаруашылығына және өнердің басқа салаларына өнертапқыштық және рационализаторлық ұсыныстарды енгізуді ұйымдастырады.
Заң - авторлардың құқықтық еркін кеңейтеді, ғылымның, өнер мен әдебиет шығармаларының жетістіктеріне қол сұғылмаушылығына қосымша кепілдік белгілейді, шығармалары республика мүддесіне сәйкес пайдаланылатын авторлар мен ұйымдардың өзара қарым-қатынасындағы қоғамдық мүдделерді қамтамасыз ететін нормаларды тиянақтайды.
Бідің мемлекетімізде санаткерлік құқығын қорғау мақсатында патенттік заң, тауар белгілері туралы заң, авторлық құқық туралы заңдар және үкіметтің бірнеше қаулылары жұмыс атқаруда. Оның ішінде патент бажының көлемі мен төлем тәртібі және өнертапқыш қызметінің мәртебесі қаралған. Санаткерлік шығармашылығының қорғау мен құқықтық реттеудің айрықша маңызы бар.
Шығармашылық санаткерлік қызметтің нәтижесі адамдардың рухани өмірі болып саналады. Ол қоғамның материалдық аясының өндірістік қызметімен бірге дамиды. Адамдардың шығармашылық өндірісі - қоғамның индустриясына ауыл шаруашылығына, ғылымға және басқа саласына үлкен әсер етеді. Шығармашылық жетістіктерін пайдалан отырып оны мемлекет құқықтық жағынан қорғап, дамытып отыруы қажет.
Шығармашылық қызмет саласын құқықтық реттеу және қорғау мәселелері, барлық мемлекетаралық және өкіметаралық экономикалық келісімдердің құрамдас бөлігі болып табылады. Онсыз біздің елге ешбір мемлекет немесе фирма тәуекелге бел буып, қазіргі заман технологиясын алып кеп келмейді. Санаткершілік меншігі қорғалмаған елде, сырттан бірінші болып ескірген техника мен технологиялар жеткізіледі. Мемлекетке берілетін инвестиция көлемі мен талаптары (шарттары), санаткерлік меншігінің құқықтық қорғану деңгейіне байланысты.
Санаткерлік меншік құқығының объектілеріне:
1.санаткерлік шығармашылық қызметінің нәтижелері;
2.азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары жатады.
Санаткерлік шығармашылық қызметінің нәтижелеріне:
1.ғылым, әдебиет және өнер туындылары;
2.орындау, фонограмма және хабар таратуды ұйымдастыру.
3.өнертабыс, пайдалы үлгілер, өндірістік үлгілер;
4.селекциялық жетістіктер;
5.интегралдық микросызба топологиялары;
6.ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары (ноу-хау);
7.заң актілерінде көзделген реттерде санаткерлік шығармашылық қызметтің басқа да нәтижелері жатады.
Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдарына:
1.фирмалық атаулар;
2.тауарлық белгілер (қызмет көрсету белгілері);
3.тауарлар шығатын жерлердің атаулары (шығатын дерін көрсету).
Селекциялық жетістіктер- өсімдіктердің жаңа түрін, сортын табу, жануарлардың түрін шығаруды айтамыз. Интегралдық микросызба топологиясы - автордың шығармашылық қызметінің нәтижесіндегі еңбек, интегралды-микросызба элементтерінің жүйесі мен байланысын геометриялық-кеңістік орнығуының материалдық жазбаларда бейнеленуін айтамыз. Ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары - өндірістік ұйымдастырудың принциптері туралы ақпарат есеп жүйесінің құпиялығы, техникалық ұйымдастыру немесе коммерциялық ақпарат, соның ішінде өндіріс құпиялары (үшінші тұлғалары белгісіз).
Дүние жүзінде Санаткерлік меншігінің Халықаралық альянсы (СМХА) Санаткерлік меншігінің дүниежүзілік ұйымы (СМДҰ) сияқты беделді, халықаралық ұйымдар бар. Біздің елімізде, санаткерлік меншік құқығы саясатын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдар бар. Әділет мин-ң авторлық құқық туралы комитеті, патенттік және тауарлық белгілер жөніндегі мемлекеттік мекеме (Қазпатент).
Санаткерлік меншік құқығының немесе дараландыру құралдары деп иегердің мүліктік құқығын, санаткерлік меншік объектісін пайдалану, иелік ету және билік ету әрекетін айтамыз. Егер бұл әрекеттер заң актілеріне қарама-қайшы келмесе (ст.964 ч.1 АК КР) Санаткерлік меншік объектісінің иегерінің айрықша құқығы болып, мүлікке құқық қабілетін айтамыз. Аталған объектіні өз еркіне қарай пайдалану. Иегер мүлікті заң бойынша пайдалануға, иеленуге оған билік жасауға құқы бар. Осы құқық қабілеттілік санаткерлік меншікке қатысы бар. Егер затты иесі пайдаланса, санаткерлік меншікті көптеген тұлғалар пайдаланады. Енді затты иесі иемдену құқы болса, санаткерлік мешік объектісін иелену мүмкін емес. Затқа иесі қожалық жасаса (иесі атынан жіберсе), ол оған немесе зат алады, санаткерлік меншік объектісін айыру барысында меншік иесі өз құқығына сай осы әрекеттерді қайта жасауға мүмкіндігі бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет