Құқық негіздерінің қайнар көздері


Лекция 2.Құқық теориясының негіздері.Мемлекет және құқық теориясының қалыптасуы мен дамуның тарихы



бет8/116
Дата17.02.2022
өлшемі1 Mb.
#132231
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   116
Байланысты:
350093 2

Лекция 2.Құқық теориясының негіздері.Мемлекет және құқық теориясының қалыптасуы мен дамуның тарихы.
Жоспар
1.1.Құқықтың түсінігі,мәні,қағидалары және функциялары.
1.2.Құқықтың қайнар көздері (нысаны), құқықтың нормасы, құқықтық қатынастар. бұзушылық және заң аллындағы жауаптылық.
1.3.Заңды жауапкершілік ұғымы, белгілері,түрлері,қағидалары.

Мемлекет басқа ұйымдардан қоғамда әрекет ететін құрылымдарымен және институттарымен, егемендік сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Бұл қасиет мемлекетті басқа ұйымдардан, қоғамның құрылымдары мен институттарынан жоғары қойып, оған өзіндік басымдық, қайталанбас ерекшелік береді. Егемендіктің екі құрамдас бөлігі бар: үстемдік және тәуелсіздік. Мемлекеттік биліктің үстемдігі деп өз аумағындағы ең жоғары билікті айтады. Аумағындағы жұмыс істеп тұрған барлық ұйымдар, бірлестіктер, құрылымдар мен тұлғалар мемлекетгің басымдық ролін мойындайды, өздерін оның мәртебесі мен маңызынан төмен қояды. Олар мемлекеттік биліктін бұйрығын орындауға, мемлекеттің белгілеген тәртібін сактауға міндетті. Мемлекетке тиесілі аумақта бірде бір ұйым, бірлестік немесе құрылым мемлекетке қарсы келе алмайды. Егемендіктің екінші бір құрамдас бөлігі болып саналатын тәуелсіздік дегеніміздің мәнісі, мемлекет өзінің билігін дербес жүргізеді, өзінің стратегиялық бағыты мен тактикалық жолын өзі таңдайды, өз ісіне ешкімді араластырмай, ішкі және сыртқы саясатын өзі жасайды, басқаның үстемдігіне жол бермейді. Тәуелсіздік ұғымының ішкі аспектісі мемлекеттің ішінде жұмыс істейтін бірде-бір ұйымның, бірлестіктің және құрылымның мемлекетгік биліктің дербестігіне қол сұға алмайтындығына ерекше көңіл аударуға міндеттейді. Ал тәуелсіздіктің сыртқы аспектісі, егемен мемлекет басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дербес қарым-қатынасты сақтайды дегенді білдіреді.


«Құқық» терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құқықтың мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз.
Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, «құқық» - ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда «құқық» түсінігі субъективтік (тұлғалар) мағынада қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет