3. ХІХ ғасырдағы патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілістер орын алған аумақтарды белгілеңіз және олардың маңызын анықтаңыз.
1.1847-1858жж. Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс-Кіші жүз, Арал теңізінің солтүстігі,Жем бойы
2. 1843-1851жж. және 1856-1857жж. Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс-Кіші жүз, Сыр бойы
3.1868-1869жж. Орал (Ырғыз, Елек уезі), Торғай(Орал, калмыков уезі) көтерілісі- Кіші жүз
4. 1870,1873жж. Маңғыстау көтерілісі- Кіші жүз
ХІХғ. Қазақтардың тәуелсіздік үшін күресі орыс отаршылдығы өзімен бірге ала келген қоғамдық өзгерістерге қарсылық ретінде көрінді. Ал, шын мәнінде, бұл қазақ халқының ұлт-азаттық күресі, сонымен бірге екі өркениеттің арасындағы қақтығыс еді.
Ұлт-азаттық қозғалыстардың барысында отаршыл үкімет жойып жіберген хандық билікті қалпына келтіру әрекеті байқалды. Көтерілісшілер өздерінің ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілік белгілерін қайта жаңғыртты
4-билет
1. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің басқа көтерілістерден айырмашылығы.
2. 1979ж. Целиноград оқиғасы мен 1986ж. желтоқсан көтерілісін салыстырып, ерекшеліктерін анықтаңдар.
3. Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасының баскиімі мен Қарғалы шатқалынан табылған тәтіде бейнеленген ортақ белгілерді және айырмашылықтарды анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |