3.Ұлы Жібек жолының Қазақстан жері арқылы өткен тармақтары және ортағасырлық қалаларды картадан белгілеңіз.
Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтардан басталып, Италияның Рим қаласымен аяқталады.
Жетісу жерінен Шығысқа шығатын Ұлы Жібек жолының бірнеше бағыты болған.
1. Оңтүстік-батыс Жетісу бағыты: Тараз – Алматы – Шелек – Сүмбе- Жаркент арқылы шығысқа шықты.
2. Солтүстік-шығыс бағыт: Алматы –Қапшағай –Шеңгелді – Алтынемел- Дүнгене – Қойлық қалаларын басып өтіп, Алакөл жанымен Жоңгар қақпасы арқылы Қытайға шықты.
3. Үшінші бағыт: Тараздан шығып Сарқан жері арқылы – солтүсік-шығыс Қазақстанға бет алады. Бұл жол Құлан – Хантау – Балатопар- Айнабұлақ бекеттерін басып өтеді.
Оңтүстік Қазақстан – Ұлы Жібек жолының батысқа шығатын қақпасы. Жібек жолы Жетісу арқылы тартылған бағыттармен Таразда түйісіп, Испиджабқа келіп екі тармаққа бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |