І нұсқа 1-билет Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар. 1867-1868жж. «Уақытша ереже»


ХІІІ-ХV ғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер және олардың орналасқан аймақтарын картаға белгілеңіз



бет39/57
Дата03.06.2022
өлшемі1,06 Mb.
#145856
түріҚұрамы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57
Байланысты:
І Н с а 30 билет

3. ХІІІ-ХV ғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер және олардың орналасқан аймақтарын картаға белгілеңіз.
Алтын Орда (ХІІІ ғасырдың ортасы-ХV ғасырдың ортасы). Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі ұлан-ғайыр жерді алып жатқан. Орталығы алғашында Еділ бойындағы Сарай-Батуда, кейін Сарай-Беркеге көшірілген.
Ақ Орда (ХІV-ХV ғасырдың басы). Жайық өзенінен батыс Сібңр ойпатына дейінгі, Сырдарияның орта және төменгі ағысы аралығындағы кең-байтақ аумақты алып жатты.
Моғалстан (ХІV ғасырыдың ортасы-ХVІ ғасырдың басы). Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен Қырғыстан аумағы.
Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір (ХІV-ХVІ ғасырлар). Қазақстанның солтүстік-батысы. Алғашқы алып жатқан жері еділ мен Жайық өзендерінің жазық алқабы. Нойғалар солтүстік-шығысында Батыс Сібір ойпатына дейін, солтүстік-батысында Қазан қаласына, ал оңтүстік-батысында Арал мен Каспий теңізіне дейін көшіп-қонып жүрген.
Әбілқайыр хандығы батысында-Жайық (Орал), шығысында-Балқаш, оңтүстігінде-Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысы, солтүстігінде-Тобыл және Ертіс өзендерінің орта саласы аралығын алып жатты.
17- билет

  1. Оғыз мемлекеті (территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы)

  2. Астананың Ақмола қаласына көшірілуінің себептері мен тарихи маңызы.

  3. Қазақстан аумағындағы сақ-сармат дәуірінің археологиялық ескерткіштері және олардан табылған алтын киімді адамдардың обаларын картаға белгілеңіз.



Жауабы:
1. Оғыз мемлекеті (территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы)
Оғыз мемлекеті (9 ғасырдың соңы-11 ғасырдың ортасы). 9 ғасырдың ортасында Сырдарияның орта және төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайпаларының саяси бірлестігі құрылды. «Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Алайда "оғыз" сөзінің пайда болуы туралы әр түрлі пікірлер жоқ емес. Кейбір ғалымдар "уыз" сөзінен шықты десе, екінші біреулері "садақтың оғы" деген сөзден пайда болған дейді. Ал үшінші бір ғалымдар "өгіз" деген тотемдік сөзден пайда болды деп дәлелдеуге тырысады. Махмуд Қашқариәл-Марвази еңбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар — боз оқ және үш оқ (учук). 8 ғасыр ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың «Көне Гузия>> деп аталатын ордасы болды. 9 ғасырдың бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, кангар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. 9 ғасыр соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қол астына қаратады.
Печенегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-европа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері және Жетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды.
9 ғасырдың соңы мен 11 ғасырдың басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар туралы алғашқы деректер 9-10 ғасырлардың басанда араб деректерінде (мысалы, әл-Якубидің (9 ғасыр) еңбегінде) айтылады.
Оғыздар мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарды.965 жылы Хазария жеңілгенге дейін оғыздар хазар қағандарымен ұзақ уақыт күрес жүргізді. Хазар қағанатының талқандалуы оғыз державасының саяси қуатынын өсуіне себепші болды. X ғасырдың аяғында оғыз жабғулары орыс князьдерімен біріге отырып, Еділ Бұлғариясын да күйрете жеңді. X — XI ғасырлар шегінде оғыз мемлекеті құлдырай бастайды. Алым-салықтардың жыртқыштықпен жиналуына наразы болған оғыз тайпаларының көтерілістері жиілей түседі. Оғыздардың тарихи аңыздарына қарағанда, бұл көтерілістер өкімет басына X ғасырдың орта кезінде немесе оның екінші жартысының бас кезінде келген Әли ханның басқаруына қарсы жүргізіледі. X ғасырдың соңы - XI ғасырдың басында оғыз мемлекеті құлдырай бастады. Бұл , бір жағынан, Әли хан тұсындағы алым-салықтың өсуіне халық наразылығының күшеюімен, екінші жағынан, Шығыстан төнген салжұқ тайпаларының толассыз шабуылдарымен түсіндіріледі. Әли ханның мұрагері Шах Мәлік тұсында Оғыз мемлекеті қайта күшейді. Тіпті 1041 жылы Хорезмді басып алды. Ішкі талас-тартыс, салжұқтарға қарсы сыртқы шабуылдар оғыз мемлекетін әлсіретті. Осы тұста солтүстік-шығыста қыпшақ тайпаларының шабуылдары күшейді. Бұл оғыз мемлекетінің өмір сүруін тоқтатуына алып келді. Араб деректерінде «Мафазат әл –Ғұз» деп аталған Оғыздар даласы Дешті Қыпшақ құрамына енгендігі айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет