I нұсқа «Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік» бөлімі



бет3/4
Дата21.04.2023
өлшемі28,8 Kb.
#175124
1   2   3   4
Байланысты:
9-сынып БЖБ-1 қазақ тілі 4-т
Ò ìåíäåã³ êåñòåäå êåéá³ð æ ã³ðó ï íäåð³íåí ëåìä³ê ðåêîðäòàð ê ð, Ò ìåíäåã³ êåñòåäå êåéá³ð æ ã³ðó ï íäåð³íåí ëåìä³ê ðåêîðäòàð ê ð (1)
Бағалау критерийі


тапсырма

Дескриптор

Балл

Оқушы балы

Берілген мәтін бойынша жұмыс

1

Пікірлерді оқып, өзінің түйінді ойын жазады

4




Тілдік бағдар бойынша тест

2

тест сұрақтарына жауап береді

6




Барлығы







10 балл




Сыныбы: ________ Күні: _______ Білім алушының аты-жөні: ________________________


Қазақ тілі, 9- сынып ББЖ №1 (4-тоқсан)
II нұсқа
«Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік» бөлімі
Оқу мақсаты: 9.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білу
9.4.4.4 аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, қолдану


1-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясы­ның 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды. БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Н.Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты туралы айта келіп, екі маңызды ұсынысты алға тартқан болатын. Оның біріншісі - барлық үкіметтердің ізгі ниет білдіру тәртібімен "бір+бір" формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастау. Бұл формула әрбір мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын оны бір пайызға ұлғайтып отыруды көздейді. Осылай еткенде он жылдан соң бітімгершілік сомасы он есеге өседі. Екінші ұсынысы - Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін шақыру. Мемлекет басшысының бұл бастамасы көпшілік елдер тарапынан, сондай-ақ БҰҰ-дан қолдау тауып, Қазақстанның сыртқы саясатын айқындауда айтарлықтай рөл атқарды. Қазақстан экономика, экология, әлеуметтік даму саласындағы Ұйымдармен, халықаралық құқықтың ілгерінді дамуы, адам құқығының сақталуы, лаңкестікпен күрес, ұйымдастырылған қылмыстылық және есірткі бизнесі саласына аса ерекше назар аударады. Қазақстанның ғаламдық ядролық қарусыздандыруға қосқан үлесін тиісінше бағаламау мүмкін емес. Қазақстан әлемде өлшемі бойынша төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқан мемлекет ретінде үлкен беделге ие. Мемлекетіміз Ядролық қаруларды сынауға тыйым салу туралы келісімнің белсенді қатысушысы болып табылады және оның тез арада күшіне енуін қолдайды. 2009 жылы Қазақстан бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 64/35 қарарын бірауыздан қабылдап, 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялады. Лаңкестікпен күрес мәселесі БҰҰ-ның күн тәртібінен он жыл бойы түспеген тақырып. Қазіргі уақытта Қазақстан барлық 13 халықаралық әмбебап лаңкестікпен күрес туралы Конвенцияға қосылды. Қазақстан есірткі бизнесі және заңсыз есірткі таралуы саласындағы халықаралық және өңірлік ынтымақтастықтың дамуына ерекше көңіл бөледі. Біздің мемлекет осы саладағы БҰҰ-ның барлық негізгі конвенцияларын бекітті.
1. БҰҰ-ның күн тәртібінен он жыл бойы түспеген тақырып –
А) Экологиялық мәселе
В) Ланкестікпен күрес мәселесі
С) Ел бірлігін сақтау
Д) Ядролық қаруды сынау
Е) Бітімгершілік күш-жігерінің қорын құру
2. Қазақстан қашан БҰҰ-ға мүшелікке қабылданды?
А) 1992 жылы 5 наурызда
В) 1995 жылы 5 қаңтар
С) 1992 жылы 2 наурызда
Д) 1991 жылы 2 ақпанда
Е) 1993 жылы 2 наурызда
3. БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Н.Назарбаевтың алға тартқан ұсынысының бірі –
А) Лаңкестікпен күрес мәселесін шешу
В) Ұйымның жаңа мүшесі ретінде танымалдыққа ие болу
С) Заңсыз есірткі таралуы саласындағы ынтымақтастықтың дамуына көңіл бөлу
Д) Белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде танылу
Е) Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін шақыру
4. Мәтін қандай стильде жазылған?
А) Көркем әдебиет стилі
В) Ресми стиль
С) Ауызекі сөйлеу стилі
Д) Публицистикалық стиль
Е) Ресми іс-қағаздар стилі
5. Мәтіндегі құрмалас сөйлемдердің санын көрсетіңіз
А) 2
В) 7
С) 6
Д) 3
Е) 5


2-тапсырма. «Балалардың тыныштығы бұзылмасын десек, ...» Ойтолғау жаз
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет