И. П. Павлов қатынас рефлексі деп атаған



Pdf көрінісі
Дата03.11.2023
өлшемі0,49 Mb.
#189232
Байланысты:
2 модуль 2 лекция Қабылдау (1)
Есеп курс раб


Қабылдау


Қабылдау дегенiмiз –сыртқы дүние 
заттары мен құбылыстарының мидағы 
тұтастай бейнеленуі болып табылады. 
Қабылдау- түйсіктегідей бір 
анализатордың ғана қызметі емес, 
бірнеше анализатордың бірлесіп қызмет 
етуінің нәтижесі. Мәселен, киноны көру 
екі анализатордың (көру, есту) өзара 
байланысып жұмыс істеуінен болады.


Қабылдау туралы жалпы ұғым
Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, 
иісі, формасы т.б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді. 
Мысалы, алманы қабылдауды алайық. Мұнда біздің 
анализаторларымызға оның қызыл түсі, хош иісі, тәтті дәмі т.б. 
осындай қасиеттері бір мезгілде әсер етеді де, миымызда 
тұтас зат бейнесі пайда болады.


Қабылдау – ми қабығының күрделі 
анализдік және синтездік қызметінің 
нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық 
негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің 
жиынтығы мен олардың қарым-
қатынасында пайда болатын уақытша нерв 
байланыстары жатады. Мұны 
И. П. Павлов қатынас рефлексі деп атаған. 
Мәселен, көру анализаторында осындай 
қатынас рефлексінің жасалуы
( яғни тітіркендіргіштердің бір-бірімен 
байланысы ) заттың түрі, түсі, мөлшеріне 
қарамай-ақ оның тұлғасын тануға мүмкіндік 
береді. 


Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері
Қабылдаудың тұтастығы
Қабылдаудың объектісі кейбір жеке 
қасиеттерден, жеке бөліктерден 
тұрғанымен, біз оларды бүтіндей, тұтастай 
қабылдаймыз.
Кей кезде бұрынғы тәжірбиемізде ұшыраған 
кейбір объектілердің жеке бөліктері, шет 
жағасы, үзінділері ғана қабылданса да, біз 
бұларды тұтас зат формасында 
қабылдаймыз. 


Қабылдаудың мағыналылығы.
Бұл ерекшелік те қабылдаудың 
түйсіктерден негізгі 
айырмашылығын жақсы көрсетеді. 
Ол объектілердің мазмұнын 
жақсылап түсінбейінше, белгілі 
тұжырымдар мен сөз арқылы 
аталмайынша, ол толық 
қабылданбайды.


Қабылдаудың таңдамалылығы
Толып жатқан объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз 
( оның қасиетін, сапасын ) қабылдаудың таңдамалылығы 
делінеді. Мәселен, кітап оқығанда ондағы бірер сөз қате 
жазылған болса да байқамай оқып кете береміз. Егер кітапта 
«университет» деген сөз «унверситет» деп қате жазылса да біз 
мұны «университет» деп дұрыс оқимыз. Кітап оқығанда оның 
мазмұнына ерекше көңіл бөлінетіндіктен, мұндай қателер 
көзге түспей қалады. Ал жеке сөздерге, әріптерге шұқшия көз 
салған жағдайда 
( мәселен корректорллар ) текстің мазмұны ұғылмай, күңгірт 
қалып қоятын кездері болады
.


Қабылдаудың тұрақтылығы (константтылығы )
Қабылдаудың константтылығы деп сыртқы жағдайдың 
өзгеруіне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттерінің бір 
қалыпты болып қабылдануын айтады. Мәселен, біздің 
алдымыздағы телеграф бағаналарының бір-бірінен 
қашықтығы көздің тор қабығында бірдей сәулеленбейді. 


Қабылдаудағы иллюзия
Әқашан да қабылданатын затқа, не 
құбылысқа қабылдау сәйкес келе 
бермейді. Түрлі себептерге 
байланысты шындықты бұрмалап, 
теріс қабылдайтын кездер де 
болады. 
Түрлі себептерге байланысты 
шыдықтағы объектілерді қате 
қабылдауды и л л ю з и я деп 
атайды. Иллюзиялар сан алуан 
себептерге байланысты пайда 
болады. 


Апперцепция
Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен 
тәжірбиемінің мазмұнына байланыстылылығын 
а п п е р ц е п ц и я дейді. Апперцепция тұрақты және уақытша 
болып екіге бөлінеді. Тұрақты апперцепция адамның қызығуы 
мен мамандығы, білімі мен дүниетанымына байланысты болып 
отырады. Мәселен, «түбір» деген сөзді әр адам түліше 
қабылдауы мүмкін. 


Байқау және байқағыштық
Байқау дегеніміз – белгілі мақсат пен 
объектіні әдейілеп қабылдау. Қабылдау 
үшін оны көру жеткіліксіз, оған белгілі 
көзқарас бойынша баға беру қажет. Бір 
нәрсені мұқият байқау үшін біраз уақыт 
бойына жүйелі түрде бір объектіні бөліп 
алып қадағалаған дұрыс. 


Кеңістік пен уақытты қабылдау
Кеністік пен уақыт – материяның өмір 
сүруінің негізігі формалары. Сондықтан да 
кеңістік пен уақытты материядан бөлектеу, 
оларды материядан аулақ өмір сүреді деу 
шындыққа сай келмейді. 


Кеңістік пен уақытты қабылдау
Дүниедегі заттардың барлығы кеңістікте 
орналасқан.Олардың әрқайсысының белгілі 
тұрқы бар; ұзын, қысқа, биік.
Көздің түрлі қашықтықтағы заттарды көруге 
бейімделу қабілетін аккомадация дейді, ал 
қашықтық пен заттардың көлемін 
қабылдауды конвергенция 
дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет