Мектеп жасына дейінгі балалардың уақытты қабылдау ерекшеліктері
Уақыт объективті түрде, біздің санамыздан тыс және әрі одан тәуелсіз түрде бар болады. Оны қабылдау әрі танып білу – нақты уақыттың біздің санамызда бейнелеуі ғана.
Уақыттың сипатты ерекшеліктері болып табылатындар:
Оның озып өтуі; уақыт қозғалыспен байланысты;
Оның қайтымсыздығы;
Көрнекі формалардың болмауы, «ол көрінбейді де, естілмейді де».
Орыс тіліндегі время (уақыт) ежелгі орыстың веремя деген сөзінен шыққан, ол айналу деген мағына береді. Өйткен, келер және осы шақтар; олар алмаса алмайтындай болып, өзара байланысқан. Уақыттың қайтымсыз болу қасиеті, уақыттың бір бағытпен өтуі табиғат пен қоғамның жоғары өрлеу сызығы бойымен мәңгі даму ,ескіден жаңаға өту белгісі.
Түсініктік қабылдау деген уақытты қабылдаудың негізі болмақ. Алуан түрлі анализаторлар комплексі уақыттың баяу өтетіндігін түйсікпен қабылдауға септігін тигізеді, алайды И.М.Сеченов сету және бұлшық еттер түйсігінің баяулығы арқылы барып сезінеді». Сондықтан есту мен бұлшық еттер түйсігін М.И.Сеченов уақыт пен кеңістіктің жарым-жартылай анализаторы деп атаған.
И.П. Павлов уақыт санағы нерв жүйесінің әрбір элементіне , әрбір клеткасына тән деп көрсетті және де анализатордың қай-қайсысы да «уақыт санай» алатындығын эксприментжүзінде дәлелдеп берген. И.П.Павлов уақыт қабылдаудың физологиялық негізі болып табылатын қозу мен тежелудің алмасып отыруы, осының өзі «уақыт санауға» мүмкіндік береді де деген-ді. Бұл пікір бірқатар дәлелденген.
Уақытты қабылдау жөніндегі психология.
Адам уақытты қабылдаудан бұрын жануарлар дүниесінің бүкіл даму жолын өтіп отыр. Алайда тіпті сол писхологиялық жоғары сатыдағы жануарлардың уақытты қабылдауы- уақытты адамның қабылдауынан жағынан өзгеше таза биологиялық құбылыс. Адамның уақытты саналы түрде қабылдау әлеуметтік – өндірістік практика жүзінде қалыптасқан. Уақыт өлшеудің алуан түрлі құрал-жабдықтары ,эмоция, уақыт ұғымдары, қондырғылар мұның бәрі жануарларда атымен болмайды т.б. Уақыт жөнін адам бағдарлағанда уақыт бейнесінің өзара бірін-бірі толықтыратын әр түрлі екі формасы болады. Олардың бірі –уақыт ұзақтығын тікелей түйсіну, бұл висцераль сезумен шарттасып жатады, мұның негізінде шартты рефлекстер пайда болады. Екіншісі-уақыттың өзін қабылдау, анағұрлым күрделі әрі жетілген бейнелеу формасы бұл болса, жалпылама органикалық негізін де дами келе екінші сигналдық системаның қортындылау функциясымен тығыз байланыста болады. Уақыт ұзақтығын тікелей қабылдау болса, ол біздің қабілетіміз, ешқандай көмекші құралсыз – ақ уақыт бойынша бағдарлау арқылы білінеді. Осы қабілет «уақыт сезу» деп аталады. Алуан түрлі іс-әрекеттерде «уақыт сезу» не темпті сезу ретінде, не ритмді сезу ретінде, не жылдамдыкты сезу ретінде білінеді. Осы сезімді қалыптастыруда көптеген анализатор әрекеті негізінде уақытты дифференциялау тәжірбиесі белгілі бір роль атқарады. Мәселен, «уақытты сезу» дегенге сезіп қабылдаумен қатар логикалық компоненттер де енеді, олар: уақыт өлшеуіштерін білу. Сонымен, «уақыт сезу» деген бірінші және екінші сигналдық системалардың өзара әрекеттесуіне негізделеді.
«Уақыт сезу» әр түрлі даму басқышында болуы мүмкін. Ерте кезде уақыт эталондарын білмей тұрып та бай сезім тәжірибесіне сүйеніп қалыптасады. Нәресте дыбыс береді, өйткені тамақтанатын мерзімі жетті. Нәресте тойынды – ол тыныш, жымиып жата береді, ұйықтайды. Оның әзір «уақыт сезу» дегені жоқ, ондай сезім нақтылы әрекетпен байланысты ғанақалыптасқан, яғни оның қабылдау сферасы аса тар. Уақыт бірліктерін игергеннен кейін және оларды қолдана келе, «уақыт сезу» кеңінен пайдаланылатын болады.
«Уақыт сез» адамның практикалық іс- әрекетінде арнйы ұйымдастырылған жаттығулар және де уақытты бағалау әдістерін игеру нәтежесінде дамиды әрі жетіледі. Мұндай жағдайда ол іс-әрекетті реттеуші ролін атқара бастайды.
Сонымен, уақыт қабылдау, бір жағынан, сезім негізіне келіп тірелсе, ал екінші жағынан – уақытты бағалаудың көпшілік қабылдаған эталондарын игере келіп тіреледі. Уақытты сезім қабылдауға септігін тигізетіндер өзіміздің органикалық өміріміздің қатаң периодты болып келетін барлық негізгі процестері болмақ (дем алыс ритмі, жүрек соғысы т.б)Адамның күнделікті өмірінің ритмі де дәл сол сияқты уақытқа деген шартты рефлекстер тәрбиелеуге себін тигізді.
Психологиялық зерттеулердің көрсетуінше, екінші сигналдық система уақыт жөнінде түсінік қалыптастыруда,уақыт аралығын бағалауда зор роль атқарады. Ал сөзбен қабылдаған өлшеу бірліктері есебімен әр түрлі уақыт мөлшерін айтамыз, процсетердің темпін, ритімін, олардың алмасуын және периодтылығын өрнектеп айтамыз.
Уақытты қабылдау негізі деп, басқада қабылдау сияқты, бейне, түзетіп преспективтік амалдар системасын айтады. (Б.Г.Ананьев) . Уақыт болса, осы процестердің ритм мен темп бойыншы, реті бойынша т.с.с. ерекше өтеу сипаты іспетті, ал бұл –көпшілік қабылдаған эталондар көмегімен өлшенеді.
Уақыт аралықтарын өлшеуді және қайыра бейнелеуді бағалау ерекшеліктері қандай?
Зерттелудің айтуынша, уақыт аралығын сөзбен бағалау ең аз дәлдікпен сипатталады. Уақытты ең дәл қабылдау уақытты қайыра бейнелегенде байқалады. Сұның себебі сол, егер қабылданатын уақыт аралығын қабылдағанда және өлшегенде есте сақталған белгілі эталонмен ішьей салыстыру қажет болса, ал демонстациялап көрсетілген уақыт аралығын қайыра бейнелегенде оны эталонмен іштей салыстырумен қатар, ол аралықты із жүзінде әлгінде демострацияланған эталонмен салыстыру керек болады. Аталған уақыт аралығын өлшегенде туатын қиындық солол аралықты бағалау крек, одан кеін өлшеугке көшеді, мұның өзі бірқатар анализаторлар көмегімен орындалады – сөз қозғалыстары, қозғалыс, көру-барлығы байланысқан түрінде, өйткені барлығынан да саналатын уақыт анализаторы жоқ. Уақыттың алуан түрлері қасиеттері анализаторлар комплексі жәрдемімен білінеді.
Сонымен, психологиялық зерттеулердің барлығы да сөздің рекше ролін ерекше атап көрсетеді.
Мектепке дейінгі балалардың уақыт бойынша бағдарлауын дамыту міндеттері.
Физиологиялық зерттеулердің көрсетуінше, ерте жастағы балаларда уақытқа деген шартты рефлекстерді тәрбиелеу жылдамдығы әр түрлі, ал мектеп жасына дейінгі балалрда үлкен қиындықпен келеді және аса тұрақсыз да.
Уақыттың созылмалы болып өтіп жататаынын, оның қайтымсыздығын және периодтылығын балалардың қабылдауы аса қиын, өйткені көрнекі формалар жоқ. Балалар үшін уақыт қатынастарын белгілейтін сөздің мәнісін түсіну де күрделі, өйткені ол салыстырмалы сипатты; мысалы, енді-қазір немесе бүгін-кеше-ертең т.б. сөздер нені болғанда реалды нақтылы момент, олардың көрсетңп отырғаныүздіксіз жылжып отырады. Бұл баланың бірден игере алмайтындығы»,-деп жазды С.Л.Рубиштейн. Сондықтан мектепке дейінгі балалар ересек адамдардан: «Бүгін деген ертең бе, ал енді бүгін бе?» , «Жел деген айналып тұратыны рас па?: жаз еді,өтіп кетті, тағы орала ма?» дегендерді жиі сұрайды.
Ерте даму кезінде бала уақыт жөнінен уақыттан тыс, сапалық белгілер негізінде бағдарлайды.
Мысалы келтірейік. Сана.Н. 2 жас 6 айда, жатар алдында жуынады, сосын мамасына былай дейді: «Қазір мен Қайырлы таң!» деймін. Мамасы: «Жоқ, оны сен ертегісің айтасың, ал қазір кеш болды». Сана: «Оның не айырмашылығы бар?». Мамасы жымияды. Сана: «Біз жуындық қой, енді «Қайырлы таң!» деу керек. Мамасы: «Айырмашылығы сол, ертеңгісін жарық болады, адамдар жұмысқа барады, ал кешкісін қараңғы түседі, адамдар ұйықтайды. Кешкісін «Қайырлы түндеу керек». Сана: «Жоқ , қайырлы түн дегенді шешініп ,ұйықтарда киетін көйлегімді кигеннен кейін айту керек. Ал мен қазір жуындым, «Қайырлы таң!»деймін.
Бұдан біз балалардың уақыт қатынастарына ерте қызығатынын байқаймыз. Балдырғандар арнаулы уақыт терминдерін қиындықпен игерсе де, олардың сөз қорының дамуына қарай қазіргі, өткен және келер шақ етістіктің уақытқа байланысты айырмашылығын орынды пайдаланатын болады.
Кіші топтың балалары сапалық белгілері бар оқиғаларды уақыт жағынан аиқын шектей біледі. Олар тәулік бөліктерін, тұсында атқарылатын әдепті әрекеттермен байланыстырып, айыра біледі,өздеріне жақсы таныс және де өздерін эмоция жағына қыздыратын кейбір уақиғаларды белгілі бір уақыт мерзімімен байланыстырады. «Елка-қыс түскенде» , «Жаз келгенде дачаға барамыз» т.с.с. Төр бес жасар балалар мазмұны жөнінен өзінің жеке тәжірбиесінен белгілі бір түсінігі бар кішігірім уақыт аралықтарын әжептәуір дәл анықтайды, мысалы , олар демалыс күннен кейін музыка сабағы не санау бойынша сабақ өтетінін біліді. Оны күтіп жүреді, оған дайындалады, тәрбиешіден оны сұрап қояды.Алайда ол сабақтардың ұзақтығы туралы түсінігі дәл емес, тәрбиеші сабақтың ақырына дейін бір минут қалғанын бірнеше рет ескертіп тездетіңдер десе де, бұны бұлар елең қылмайды, өйткені миннуттың ұзақтығын олар білмейді, минут деген сөз оларда сезімдік қабылдаумен байланыспаған.
Ал ұзағырақ уақыт аралықтары жөніндегі түсінікке келсек, ересек балаларда да олар дәл емес. Аса қөне заман жөнііндегі олардың түсінігі де тіпті де бұлдыр. Солай бола тұрса да , ерте де өткендерге балалар қызығады, алайда әр бала уақыт тұрғысынан әр түрлі шектейді, бұның бәрі ересек адамдардыңбалаларды уақыт қатынастарымен таныстыра ма, балаға белгілі әр түрлі уақиғаларды уақыт тұрғысынан шектеу жөнінде әңгімелесе ме, соған байланысты. Байқасақ дұрыс басшылық берілсе, бала көптеген нәрсені игере алады екен.
Мысал келтірейік. Ересек адамдар Пушкин тауларына баратынын әңгімелеп отыр. Сана Н. (5 жас 2 айда)қуанып отыр. Мамасы: «Біз Пушкин тауларына барамыз. Сен оның бәрін өзің көресің» -«Ой, мама, күлдірмеші. Пушкин қайтыс болды емес пе?»-«Қашан?», «Әлдеқашан, 100 жыл өтті ғой», «Әлдеқашан қалай: сенің кішкене кезіңде ме?»-«Қойшы мама (күледі)! Сен де, папам да Пушкин қайтыс болған кезде болмаған едіңдер. Сен білесің бе мама, оны оны өлтірмегенде де ол қазір қартайып барып өлер еді. Ол бәлкім, мен тіпті кішкене кезімде өлген болар еді».
Осы сияқты мысалдарға қарағанда мектап жасына дейінгі ересек топтағы балаларды кейбір тарихи оқиғаларды белгілі бір дәрежеде түсіне біледі.
«Балалар бақшасында тәрбиелеу программасы» ересек топтағы балаларды кейбір тарихи оқиғалармен таныстырады, осы жастан бастап-ақ балаларда уақыт жөнінен бағдарлай білуді қалыптастыру қажет.
Уақиғалардың уақыт бойынша өту ретін дәлірек шектеу және түсіну қабілетін дамыта келе, осы уақиғалардың септік тәуелділіктерін сан мен түсіну мүмкін болады, ал негізгісі сол алуан түрлі уақыт эталондармен пайдалана білу іскерлігін дамыту, мұның өзі уақыт қалыптастыратын сан көрсеткіштері жағынан өрнектеп көрсетуге мүмкіндік береді.
С.Л.Рубинштейін былай жазды: «Уақыт жөніндегі түсінік балаларда әдетте кеш дамитын болғанмен «әсіресе оны тәрбиелеуге жеткілікті көңіл бөлмеген жағдайда), оған баланың ой-жотасы жете бермейді деп қорғауға болмайды».
Уақыт жөнінде түсінік қалыптастыруда сөздің атқарар ролі үлкен: ұзақтығы әр түрлі уақыт аралықтары сөз арқылы абстакцияланады және қортындыланады; секунд, минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл т.б. Осы арнаулы атаулармен балалардың пайдалану дәлдігі уақыт эталондарының әрқайсысының нақты мазмұны қандай, ол қандай негізгі белгілермен сипатталады-соған байланысты. Алайда қандай уақыт аралықтары болса да сипаттайтын нақтылы белгілер аса шектеулі келеді, өйткені олар адам өмірінің тұрмыстық, экономиткалық және географиялық шарттармен айқындалады. Күн дегенде- ол әр уақытта да, қай жерде де жарық және халықтың еңбек етуі деп, ал түн болса –қараңғы және халық ұйықтайды деп сипаттала бермейді.Сондықтан, тәуліктердің жыл мезгілдерінің т.с.с. алмасу тәуелділігін айырып көрсеткендей, көрнекіқұралдарды табу аса маңызды. Қай эталонды болсын түсіну үшін ортақ белгілерді табу қажет. Мәселен, кеше, бүгін, ертең, т.б. сөздердің мәнісін айқындау үшін, ең алдымен тәуліктердің өтіп жататын және алмасыпотыратынын түсіну қажет. Әдетте бір тәуліктің екіншісімен алмасу белгісі деп кішкене балалар Москва куранттарының соғысын біледі. «Тәулік айналып тұрады» дейді төр-бес жасар балалар . «Тәулік» эталонын оның құрамын (ертеңгілік,күн, кешкілік түн) , олардың ұзақтығын және алмасыуын үш –төрт жасар балалар ересек адамдар дұрыс басшылық беріп отырған жағдайда саналы түрде түсіне алады. Тәуліктің алмасуын түсіну оқушыларды уақыттың басқа эталондарының (апта күндері, айлар мен маусымдар, жылдар т.б) мәнісімен таныстырғанда негізге алынады, бұлардың әрқайсысын балалар өзінше бірнақтылы белгілермен байланыстырады.
Мәселен, уақытты балалар реал өмірлік процестердің сипаты ретінде түсінеді: ол процестердің ұзақтығын, шапшаңдығын, өту ретін, темпі мен ритмін сипаттайды.
Мектеп жасына дейінгі және төменгі кластардағы балалар уақыт категориясын іс-жүзінде қалайша айтады екен? Зеттеулердің көрсетуінше, ылты-жеті жасар балалар уақыт устеулерін орынды қолданатын көрінеді. Бірақ уақыт категорияларының бәрін бірдей бірден саналы түрде түсіне бермейді әрі дұрыс айта да бермейді. Уақиғаларды уақыт жөнінен шектейтін және шапшаңдығын өрнектейтін үстеу сөздерді баяу игереді. Алайда балалар қиын ұғынатын уақыт үстеулерін ашып түсіндіру жөнінен бірнеше сабақ өткізсе, олардың түсінігін нықтай түсер еді. Бұдан шығатын қортынды: алты-сегіз жасар балалардың уақыт ұғымдары сөйлеу процестінің үздіксіз өсу стадиясында болады. Бұлайша даму баланың алт-жеті жасар аралығында ,егер ол пройесті біреу басқарып отырса,әсіресе қаулап өседі. Алайда уақыт қатынастарының мектеп жасына дейін асанәзік деференциациясы аса баяу қалыптасады және де жалпылама жалпылама баланың ойы әрі сөйлеу қабілетіне тікелей байланысты. Баланы оқыту мен тәрбиелеу-оларды басқарудың құдіретті құралдарының бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |