Негізгі тапсырмалар, сұрақтар: Буын үндестігі дегеніміз не?
Сингорманизм дегеніміз не?
Бірнеше сөз жазып, оларға қосымша жалғаңыз, жазылған сөздерді буынға бөліңіз.
Дауыссыз дыбыстардың үндесуін ассимляция немесе дыбыс үндестігі дейміз. Дыбыс үндестігінің 2 түрі бар:
а) ілгерінді ықпал (Прогрессивті ассимляция)
ә) кейінді ықпал (Регрессивная ассимляция)
Егер сөздің соңғы дыбысы қатаң к, қ, п дыбыстарының біріне аяқталып, оларға жалғанатын қосымша дауысты дыбыстардың бірінен басталса, онда қ-ғ-ға, к-г-ге, п-б-ға айналады:
Тарақ-ы- тарағы
Жүрек-ім- жүрегім
Мектеп –ің- мектебің