3-жаттығу. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз. М.Әуезов жиырма жасында «Еңлік-Кебек» трагедиясын жазды. Жүсіпбек Аймауытов – қазақ романдарының негізін салушылардың бірі. Мұстафа Шоқай- Ақмешіттің перзенті. Атасы Темір қайтыс болғаннан кейін Ұлықбек 15 жасында әмірші болады. Кигіз үйдің іші төртке бөлінеді.
Салалас құрмалас сөйлемдерге бірнеше мысал келтіре отырып, анықтамасын айту.
Себеп-салдар салалас. Талғаулы салалас. Кезектес салалас құрмалас сөйлемдер туралы жалпы түсінік.
Жаттығумен жұмыс
Мәтінмен жұмыс
Себеп- салдар салалас құрмалас- жай сөйлемдерің бірі екіншісінің себебін білдіреді. Жалғаулығы: өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін.
Талғаулы салалас құрмалас- жай сөйлемдерінде айтылған іс- әрекеттің біреуі ғана орындалады. Жалғаулығы: не, немесе, әлде, я, яки, әйтпесе, не болмаса.
Кезектес салалас құрмалас- іс- қимылдың кезектесіп келетінін білдіреді.