Мәтін: Қазақстан Республикасының Конституциясы Мақсаты: Еліміздің егемендігінен мағлұмат беру, тәуелсіздіктің ұлттық қасиеттеріне тәрбиелеу.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ Конституция - еліміздің Негізгі Заңы. Ол күллі қазақстандықтарға қызмет етеді. Конституцияда Республикамыздың ішкі, сыртқы саясатының негізгі бағыттары белгіленген. Бейбітшілікке құштарлығымыз, барлық, мемлекеттермен тату көршілік пейліміз жазылған. Ұлтына, дініне, нәсіліне қарамай, адамның, азаматгың құқығы ардақ тұтылатыны айтылған. БіздіңКонституция мемлекетіміздің құқықтық негіздерін, оның саяси жүйесін айқындайды. Азаматтардың құқығын мен бостандығын қамтамасыз етеді.
ПРЕЗИДЕНТ 40-бап
Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.
Республиканың Президенті — халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әpi кепілі.
Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс icтeyiн және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
(Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы, 1995, 15-бет)
7-бап
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі.
(Сонда, 6-бет)
9-бап
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі конституциялық, заңмен белгіленеді.
(Сонда, 7-бет)
Тапсырмалар, сұрақтар: 1.Мәтінді оқы.
2. Мәтінге сұрақтар қою арқылы сұхбаттас.
3. Мәтінді мазмұнда.