І-ші деңгей: Ағылшын-американдық саяси жүйелер қандай болады?


ІІІ-ші деңгей: 1. Индустриалдық дәуірге дейінгі және жартылай индустриалдық саяси жүйелер қандай болады?



бет3/3
Дата30.01.2022
өлшемі26,61 Kb.
#116179
1   2   3
Байланысты:
7 СЕМИНАР
00043b47-f3a1371a, ЭССЕ Орта Азия, 7 СЕМИНАР, Памуккале, Сөж психология, Новый документ
ІІІ-ші деңгей: 1. Индустриалдық дәуірге дейінгі және жартылай индустриалдық саяси жүйелер қандай болады?
Индустриялық даму идеясы позитивистерден бастау алады. Олар: Сен Симон, О.Конт. Дж.Миль. Ал әдіснамалық негізі — Т.Веблен ілімі. Ғалымдар К.Кларктың «Экономикалық прогрестің алғышарттары» пен Ж.Фурастьенің және «ХХ ғасырдың ұлы үміті» деп аталатын еңбектерінде аса маңызды әдіснамалық тұжырымдар көрсетілді.

ХХ ғасырдың 50-60 жылдары экономикалық дамудың өте күшті қарқын алуы нәтижесінде түбегейлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жүзеге асты. Қалыптасқан жағдай рухани, мәдени өмірде де, сонымен бірге әлеуметтанымдық ойда да жаңа ілімдер мен көзқарастардың қалыптасуына алғышарт болды. Әлемнің бір-біріне қарама-қарсы екі саяси жүйеге бөлінуі -«қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтары неде?» сұраққа жауап іздеген жаңа ілімдерді туғызды.

Индустриялық қоғамның негізі — өндіріс, коммуникация мен әлеуметтік мобилдік, индивидтің бостандығы мен мүдделері ортақ әлеуметтік-мәдени ережелер мен құндылықтар аясында үндесіп жатады.

Осы жылдардағы индустриялық қоғам капиталистік және социалистік болып бөлінді. Социалистік жүйенің капиталистіктен айырмашылығы — оның тұйықтығында, яғни тоталитарлық саяси жүйе жабық индустриялық қоғамды құрды. Ал капиталистік жүйе шындығында индустриялық ілімдерде көп сипатталатын, баршаның игілігі үшін қызмет ететін, әлеуметтік серіктестік принципіне негізделген «әлеуметтік мемлекетті» құрды. Индустриялық қоғамның негізгі принциптері мынадай:



  • Жекеменшік — экономикалық дамудың, жеке бостандық пен әлеуметтік тәртіптің негізі. Жұмыс беруші мен жұмыс істеуші арасындағы қарым-қатынастар акцияға ие болу арқылы жүзеге асады, мұны капиталдың диффузиясы деп атайды;

  • Бизнес — әлеуметтік прогрестің қозғаушы күші, олай болса кәсіпкерлік қолдауға ие болады;

  • Менеджеризм басқару түрі ретінде әкімшілікке арнайы білімі бар адамдарды тартады;

  • Саяси ымыраға бастаушы плюрализмді жақтайтын демократия;

  • Қоғамдық өмірдің идеологиясыздануы (деидеологизация) — әлеуметтік шиеленістерді болдырмайды;

  • Корпоративизм — қоғамның дамуында ұлттық мүддеден жоғары тұратын құбылыс.

Халықаралық трансұлттық корпорациялар ұлттық мемлекеттен жоғары, яғни оған бағынбайды. Олар өздерін кейде «бейбіт шаруашылық жүргізушілер» деп атайды. Әлбетте, олар қандай да болмасын шиеленістерге мүлдем мүдделі емес. «Біртұтас индустриялық қоғам» ілімі аясында конвергенция теориясы пайда болды. Бұл ілімнің негізгі идеясы — екі әлемдік жүйенің, «бай Солтүстік» пен «кедей Оңтүстік», Батыс пен Шығыстың ортақ белгілер негізінде жақындасуы, тұтастануы. Адамзаттың ортақ мекені болып табылатын Жер планетасының болашағы үшін шиеленіссіз, бейбіт өмірді өзара ынтымақтастық негізінде дамытудағы ғылыми-техникалық прогрестің рөлі жоғары бағаланды. Конвергенция іліміндегі екі бағыттың бірі — батыстық. Осы бағыт өкілдері Р.Арон, У.Ростоу батыс елдерінің үлгісімен индустриализация, демократизация, вестернизация арқылы шығыстағы социалистік елдерде жаңа экономикалық тәртіп орнатуды ұсынады. Ал екінші бағыттағы З.Бжезинский мен П.Сорокин «параллель эволюциялық даму» идеясын негізге ала отырып, бір-бірімен жарысушы екі жүйенің өзіндік ерекшеліктері бар екенін, сонымен байланысты оның даму мүмкіндіктері арқылы постиндустриялық деңгейге жетуге болады деген тұжырымға келеді.

Индустриялық даму ілімдерінде әлеуметтік жіктелу мен әлеуметтік мобилдікке аса көп көңіл бөлінеді. Осы мәселе туралы айтқанда Е.Барбер, СЛипсет, Т.Парсонс,П.Сорокин, У.Уорнер туралы айтпасқа болмайды. Әсіресе У.Уорнердің америкалық қоғамның әлеуметтік жіктелуін көрсеткен сызбасы мәлім. Осы кездегі зерттеулер америкалық қоғамның индустриялық даму нәтижесінде әлеуметтік құрылымы пирамида сипатынан айырылып, ромб сияқты болғанын көрсетеді.

«Индустриялық қоғам» ілімі әлеуметтік мобилдік және әлеуметтік жіктелудің өзгерістеріне байланысты «идеологиясыздануы» деген ілімді жасады. Бұл ілімді жасаушылар сүйенген дерек, әрине, әлеуметтік-таптық құрылымның өзгеруі мен антоганистік таптардың жойылуы, әлеуметтік тәртіптің орнығуы. «Идеологияның ақырына» ықпал еткен факторлар арасында бірінші орында тұрған — қоғамның техникалық-рационалдық қызметінің басымдылығы арта түсуі. Р.Арон, Д.Белл, Ж.Эллюль сияқты ғалымдар еңбектері нәтижесінде «идеология неғұрлым аз болса, солғұрлым өте жақсы» деген ұстаным кеңінен қолдау тапты.

Индустриялық қоғам тұсындағы бұқаралық сипатқа ие болған қоғамдық салалар санының арта түсуі де «бұқаралық қоғам ілімінің» саналуан бағыттарын дамытты. Бұл бағыттағы ілімдер бұқаралық сипат алып отырған қоғамдағы адам мен әлеуметтік орта арасындағы өзара ықпалдастықтың табиғатына талдау жасайды. «Бұқаралық қоғам — игілік пе әлде зиян ба» деген сұрақ өзекті сұрақ екені даусыз. Бұқараға деген көзқарастың өзі де саналуан.

«Бұқаралық қоғам» доктринасы көптеген ағымдарды біріктіріп отыр. Мысалы, «плюралистік демократия», «игілік қоғамы», «әлеуметтік серіктестік қоғамы», «келісім қоғамы» және т.б.

Саясат әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы шиеленістерді шешумен, социумның өзекті мәселелерімен және бұқараның конституцияға сәйкес нормалар мен ережелерді орындау тәртібін белгілейтін, қадағалайтын қызмет аясында қалып отыр. Сонымен индустриялық қоғамның бүкіләлемдік, интеграциялық сипаты макроәлеуметтанулық деңгейде оған түсініктеме беруде аса жоғары жауапкершілікті талап ететіні сөзсіз.

ХХ ғасырдың жетпісінші жылдары дамыған елдердің индустриялық дамуының одан әрі тереңдей түсуі жаңа теориялық ұстанымдарды дүниеге алып келді. Осы жылдары әлеуметтану футурология ғылымына өте жақын болды. Адамзат болашағы туралы саналуан идеялар айтылды. Олар оптимистік және пессимистік сарында болды. Теориялардың плюралистік бағытта болғанын атауларынан-ақ байқауға болады. Мысалы, «постиндустриялық» (Д.Белл), «посткапиталистік» (Р.Дарендорф), «постөркениеттік» (К.Болдуинг), «постқазіргі» (А. Этциони), «постбуржуазиялық» (Г.Литхейм), «жаңа индустриялық» (Дж.Гэлбрейт), «есею кезеңіндегі индустриялық» (Р.Арон), «жетілген индустриялық» (Г.Маркузе), «жоғары индустриялық» (О.Тоффлер), «технотрондық» (З.Бжезинский) және т.б. ілімдерде адамзаттың жаңа даму сатысының нәтижесі туралы пікірлер айтылды. Осы ілімдерге тән парадигмалар қайта индустрияландыру және индустриялық қоғамды постиндустриялық қоғамға дейін дамыту болды. «Қайта индустрияландыру» парадигмасында ғылым мен техниканың адамға қызмет етуі, оны адамзатты сақтап қалуға, табиғатты қорғауға бағыттау керек деген идеяларға негіз болды. Ал постиндустриялық қоғам ақпараттық сипатта екеніне баса назар аударылды.

Дэниел Белл — америкалық әлеуметтанушы және публицист, АҚШ өнер және ғылым академиясының майталманы. 1919 жылы 10 мамырда Нью-Йорк қаласында дүниеге келген. Оқуды тәмамдаған соң Колумбия (1959-1969) және Гарвард университеттерінде социологиядан дәріс берді. Беллдің «Идеологияның ақыры» (The End of Ideology , 1960) атты алғашқы ірі еңбегі оны әлеуметтік және саяси ғылымдар саласындағы алдыңғы қатарлы теоретиктердің қатарына қосты. Кіші Артур Шлезингермен бірге Д.Белл 50 жылдардағы Американың интеллектуалдық өмірінде үстем болған либералдық-центристік бағыттағы «консенсус мектебін» басқарды. Бұл мектептің басты қағидасы -дәстүрлі саяси идеологияның сарқылғандығын дәлелдеу.



Коммунизм, фашизм және өзге де «жоспарлық» идеологиялардың орнына Белл саналы әлеуметтік реформизм, еркін нарық және жеке азаматтық еркіндікті қолдайтын либерализмді ұсынды. Ұлтшылдық (Дэниел Бурстейн) және неоконсерваторлық (Ирвинг Кристол) сарындағы либерализм теоретиктеріне қарағанда, Д.Белл америкалық қоғамның біртектілігі мен орта тап құндылықтарының таралуы деңгейін асыра сілтеп баяндаған жоқ.

Д.Беллдің ғылыми шығармашылығында ерекше орын алатын ілім -постиндустриялық теориясы. Д.Белл бұл қоғамның негізгі саяси мәселесі «мемлекеттің ғылымды дамытуға мүдделі болуы» деп санады. Осы ойын дамыта отырып, ол өз кітабында былай деп жазады: «Постиндустриялық қоғам қызмет көрсетуге негізделгендіктен, ол адамдардың арасындағы ойын болып табылады. Ендігі жерде, қара күш пен энергия емес, ақпарат маңызға ие. Негізгі әрекет етуші өз ісінің шебері болуы керек, өйткені оның тәжірибесі мен білімі постиндустриялық қоғам қоятын талаптарға сай болуға мүмкіндік береді. Егер индустриялыққа дейінгі қоғам тіршілікті қамтамасыз ететін тауарлар санымен анықталған болса, постиндустриялық қоғам денсаулық сақтау, білім, демалыс және мәдениеттегі әртүрлі қызмет көрсету түрлерімен өлшенетін өмір сүру деңгейінің сапасымен анықталады».

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет