Иқ спектроскопия



бет6/8
Дата07.02.2022
өлшемі171,42 Kb.
#84277
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
537069.pptx
537069.pptx, 00068020-3fb6ab5c, "Театр" үйірмесінің күнтізбелік жоспары

Химиялық косылыстардың әр түрлі топтарының түрліше ИҚ-спектрлерін сан рет өлшеу кезінде сіңіру жолақтары интенсивтігінің өзгеруін әрі оның қалпының ығысуын туғызатын ішкі факторлардың болатынын анықтады. Олар сипаттауыш тербеліс жиілігімен байланысты. Сыртқы факторларға өлшеу шарттары (агрегаттық күйі - газ, сұйық ерітінді, қатты) жатады. Ішкі (құрылымдық) факторлар негізінен белгісіз құрылымды анықтау үшін маңызды. Бұл жағдайда сыртқы фактордың ыкпалын азайту үшін, мүмкіндігінше. өлшеуді полюссіз еріткіштерде өткізу ұсынылады.


Жеке косылыстардың, оптикалық материалдар мен қолданатын еріткіштердің ИҚ-спектрлерінің атласын, сондай-ақ сипаттауыш топтық жиіліктердің (әр түрлі атомдар тобы) реттеуші диаграммалары мен кестелерін, жалпы және арнаулы білімдерді пайдаланып, зерттеуші химик-аналитик сапалық спектрофотометрлік талдаудын мәселелерін ойдағыдай шеше алады:
талданатын қосылыстағы құрылымды элементтерге тән қасиеттерді (функңионалдық талдау), олардың молекулада салыстырмалы орналасуын анықтау
зат ерітіндісінің немесе қоспаларының сапалық, кейде жартылай сандық құрамын анықтау
белгісіз заттарды салыстыру арқылы анықтау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет