ҮІІ тарау. Маңызды р-элементтер және олардың қосылыстары
VII A топ
1-нұсқа.
1. Галогендер тобына жататындар:
а) Si, Ca, Mg, Ba, In б) F, C1, Br, I, At в) C1, I, K, At, Na г) C1, F, Ne, Xe, Cu
2. Галогендердің сытрқы энергетикалық деңгейі мына электронды
формуламен сипатталады:
а) 1s2 2s2 б) 1s2 2s2 2p3 в) 1s2 2s2 2p5 г) 1s2 2s2 2p4
3. Галогендер атомының белсенділігі мына қатарда артады:
а) F, C1, Br, I, At б) C1, Br, I, F, At в) At, I, Br, C1, F г) I, At, C1, Br, F
4. 20˚c температурада 1 көлем хлордың неше көлемі ериді:
а) 3,5 б) 1,7 в) 2,9 г) 2,5
5. Галоген тобына жатпайтын элемент :
а) I б) Br в) Cr г) Cl
6. Мүмкін болатын химиялық әрекеттесу:
а) NaF + Cl2---- б) NaI + F2 ---- в) NaCl + Br2 ---- г) NaCl + F2-----
7. Тұз қышқылы мына заттармен әрекеттеседі:
а) Cu, CuO, Cu(OH)2 б) АgNO3, Ca, NaOH в) Zn, ZnO, Zn(OH)2
г) NaOH, Na2O, метилоранж
8. Бөлме температурасында қатты күйде болатын элемент:
а) F2 б) Cl2 в) Br2 г) I2
9. Хлордың судағы ерітіндісі:
а) хлорсутек б) тұз қышқылы в) хлор қышқылы г) хлорсуы
10. Хлор темірмен әрекеттескенде түзілетін өнім:
а) темір хлориді (ІІ) б) темір оксиді (ІІІ) в) темір хлориді (ІІІ) г) темір бромиді (ІІІ)
11. Галогендердің ішіндегі күшті тотықтырғышы:
а) F2 б) Cl2 в) Br2 г) I2
12. 1826 жылы француз оқымыстысымен ашылған элемент:
а) F2 б) Cl2 в) Br2 г) I2
13. Фтор бос күйінде:
а) сұйық улы зат б) қатты улы зат в) улы газ г) қара сұр түсті улы газ
14. Теңіз балдырларында кездесетін элемент:
а) F2 б) Cl2 в) Br2 г) I2
15. Хлор газы ауадан неше есе ауыр:
а) 2 есе б) 1,5 есе в) 2,5 есе г) 3 есе
16.Галогендер үшін қандай тұжырым дұрыс:
а) молекулалары қ.ж. екі атомды;
б) барлық галоген атомдарының жоғары валенттігі VΙΙ-ге тең;
в) оттекпен қосылыстарында барлық галоген атомдарының тотығу дәрежесі оң;
г) барлық галоген атомдарының сыртқы энергетикалық деңгейлерінде негізгі жағдайда 7 электрон болады?
17.Барлық галогендерге тән:
а) жоғарғы тотықсыздандырғыш қасиет;
б) тотықтырғыш қасиет;
в) жоғары реакцияға қабілеттілік;
г) әдеттегі жағдайда жай заттардың газтектес болуы.
18.Дұрыс тұжырымды көрсетіңдер:
а) 2-5 периодтарда жай заттардың ішінен галогендер ең күшті тотықтырғыштар болып табылады;
б) қатты жағдайда галогендер иондық кристалл торын түзеді;
в) фтор басқа элементтермен қосылыстарында бір ғана тотығу дәрежесін көрсетеді;
г) NaI→NaCl→NaF қатарындағы тұздардың балқу температуралары жоғарылайды.
Достарыңызбен бөлісу: |