І тарау. Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық ертегілерін оқыту процесіндегі 1


Жеке өз іс-тәжірибемнен сабақ жоспарларының үлгілері



бет4/5
Дата08.06.2018
өлшемі118,72 Kb.
#41615
1   2   3   4   5

2.3. Жеке өз іс-тәжірибемнен сабақ жоспарларының үлгілері.

 

Сабақтың  тақырыбы :                 Қарлығаш.



Сабақтың  мақсаты:  1. Білімділік:   Өлеңнің  мазмұнын  меңгере

                                                          отырып, табиғат пен адам  бай-

                                                           ланысының   арасындағы байла-

                                                           нысты   меңгеру.

                                     2.Дамытушылық:

                                                          Ойлау  дағдыларын  қалыптастыра    

                                                          отырып,  өлеңді мәнерлеп оқуға өз

                                                          сөздерімен   әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге

                                                          машықтандыру.

                                    3. Тәрбиелік:

                                                          Табиғаттың адам өміріне,  жан-жануарларға 

                                                          қажеттілігі туралы ғылыми түсінік беру,

                                                          қоршаған ортаны  сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі:     Әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, қазақ тілі.

Сабақтың әдісі:     Венн  диаграммасы, пирамида, ассоцация, бес

                                 жолды өлең,  тірек сөздер, дөңгелек стол.

 

                             Сабақтың  барысы:



1 Ұйымдастыру   кезеңі:

    а) Оқушылармен  сәлемдесу, түгелдеу.

    б) Оқушының  зейінін сабаққа  аударамын.

2 Үй тапсырмасын тексеру:

-         Балалар  үйге қандай тапсырма берілді?

 Сансызбай Сарғасқаевтың  «Шыбық» әңгімесін  түсініп , оқып келу.

а) Әңгіме неге «Шыбық» деп аталған ?

ә) Сен Темірдің орнында болсаң ше? Орманға жалғыз кетер ме едің, әлде бармай-ақ үйіңе қайтып келер ме едің?

б)  Бақыт пен Темірдің қылықтарын салыстыр . Бақыт пен Темірге мінездеме бер.( Венн диаграммасы бойынша мінездеме беріңіз.)

 

                                Өз ісіне тиянақты                  



      Сыпайы                                                         Еріншек

 

Еңбекқор         огшБақыт                                           Өзімшіл                



    


 

 

 

 

 









 

 



 






 

Еңбексүйгіш                                                     Жалқау

                                      Оқушы,  құрдас,

                                      оқуға, бейім,

                                      сауатты.     

    


3.Жаңа сабақ: Қызығушылығын ояту.

-Балалар , біздің бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: Өтебай Тұрманжановтың  «Қарлығаш» деп аталатын өлеңімен оқып танысамыз. Дәптерімізді  ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазайық.

-Балалар «Қарлығаш» өлеңін оқып таныспас бұрын  «Қарлығаш» деген сөзді естігенде сендердің ойларыңа не келеді?

Ой қозғау:  Ассоциациялық аймақ  құру.

 

          Пайдасы мол                                 Адамды қорғайды




 

 


 

                                                                                Киелі құс

    Балапандайды

                      

                                 

                                     Көктем   жаршысы

 

Балалар өз ойларын айтады, мұғалім жазып тұрады. Оқушыларды үш топқа бөлемін.



 Топтарға тапсырма:

1- топқа тапсырма : Әңгіме мазмұны   бойынша жеке-жеке

                                  суреттерге әңгіме құрау.



2-топқа тапсырма: «Бес жолды өлең» әдісі

                                   (Жылан, дәуіт, қарлығаш).

3- топқа тапсырма: «Пирамида» әдісі.

               

                                          Қарлығаш                Жылан                Дәуіт

 

Сергіту сәті: ( Әр түрлі қимылдар жасай отырып орындау)

    

           Аппақ болып таң атты



           Түтін тік боп шығады.

           Қарлығаштар қанатын

           Самғап  биік ұшады.

 

           Қоюланып қара бұлт



           Төкті жаңбыр себелеп.

           Жапырақты жамылып,

           Бұға қалды көбелек.

 

4. 1- топқа тапсырма: Венн диаграммасы.          

 

                      Қарлығаш           Жылан



                                                                    

 

 



2- топқа тапсырма:Тірек сөздермен әңгіме құрау.

                                    Қарлығаш

                                    Сұм жылан

                                    Дәуіт,

                                    Бірлік етті.

3- топқа  тапсырма: Дөңгелек стол.

                                     Қарлығаш туралы өз білімдерін қағаз бетіне

                                      түсіру.

 

5. Сабақты бекіту, қорыту.

 

Өздерің көріп отырсыңдар қарлығаштың өте әдемі, адал құс екенін. Ата-бабамыз құстардың атынан қыздардың есімдерін қойған деп түсіндіре келе сабақты сұрақ-жауап арқылы қорытамын.



     1.Қарлығаш ұясын  қалай салады, көргендерің бар ма?

     2.Қарлығаш  ұясын неліктен адам жүретін жерге салады?

     3.Қарлығаштың шаруашылыққа қандай пайдасы бар?

     4.Қарлығаштар туралы қандай мультфильмдер көрдің?

     5.Қандай ертегілер білесіздер?

 6Үйге тапсырма беру:

     «Құстар – біздің досымыз» тақырыбына әңгіме құрастырып, альбом жинақтау.

 7. Бағалау.

 Әр  топтағы  топ басшыларына бағалау парақшасын беру арқылы бағалап отырамын.  

 

Пәні:                            Көркем әдебиет.



Сабақтың тақырыбы:“Қарлығаштың құйрығы неге айыр?”

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Ертегінің мазмұнын меңгере отырып,оның     мазмұнын айта білуге дағдыландыру. Топта жұмыс істей                                                  

білу,  өз бетінше жұмыс істей білу дағдыларын шыңдау.



2.Дамытушылық:Ойлау дағдыларын қалыптастыра отырып,     ертегіні өз сөздерімен әңгімелеуге, өз ойын ірікпей айтып,  дәлелді сөйлей білуге үйрету.

3. Тәрбиелік :Жауыздықтан жирендіру , әлсіздерге , жәбір  көрушілерге арашашы болуға,жақсылық пен жамандықты айыра білуге, әрқашанда әділ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:          Сұрақ-жауап.Түсіндіру,әңгімелеу,көрнекілік,топпен

                              жұмыс,  кубизм  әдісі.

 Сабақтың көрнекілігі:         Ертегінің мазмұнды суреті, Қожанасыр суреті,

орталықтар  жазылған тіреуіштер, фишкалар, аппликация, ермексаз,     қоржын, асық.



Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:  а)Балаларды түгелдеу.

                                            ә)Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                           Таңертеңгілік жиын:

-Балалар шеңбер жасап тұрады.Оқушылар дөңгеленіп тұрып сәлемдеседі, барлығымыз дөңгелене отырып, бір-бірімізге жылы лебіз білдіріп, жақсы тілек айтып шығайық.

-Әрине, біз бір-бірімізге жақсы тілектер айтуға дайынбыз.

-Ендеше бір-бірімізге күлімдеп қарап, жүрек жарды лебізімзді жеткізейік.

Осылайша барлығы бір-біріне өз тілектерін айтып шығады.

Балаларды орындарына отырғызамыз.



ІІ.Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту.

Кіріспе сөз:

-Балалар,жаңа сабағымызды бастамас бұрын сендерге жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін табыңдар. Балаларға жұмбақ жасырамын.

 

Бұдыр-бұдыр балшықты.



Жинады да талшықты.

Ұқсатып қамытқа.

Үй салады жабыққа.

 

Балалар, бұл жұмбақтың шешуі қарлығаш деп жауап береді.



Дұрыс айтасыңдар балалар

Ой қозғау стратегиясы”

-         Балалар  сендер қарлығаштың қандай құс екенін білесіндер ме ?

Балалар білеміз деп жауап береді .

-         Олар жылдың қай мезгілде ұшып келеді ?

Көктем мезгілінде .

-         Қазір жылдың қай мезгілі ?

Көктем  мезгілі .

-         Балалар , қарлығаш ұясын үйлердің іргесіне немен салады деп ойлайсындар?

Шөп- шалаңмен қалап балшықпен салады деп жауап берді балалар .

-         Ия , дұрыс айтасындар балалар .

Қарлығаш үйлердің іргесіне туқұйрық араласқан лаймен лайлап , қабырғасына шөп – шалаң қалап оның ішіне мамық төсейді . Ондай ұя әрі ыдамды, әрі жылы болады  деп балаларға түсіндіріп өтемін .

Балалар мен сендерге “Қарлығаш әулие ” деп  аталатын әнгімемен таныстырып өтемін. Міне балалар Төле би осылай “Қарлығаш әулие” деп атаныпты .

Ертегі – халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі , ауыз әдебиеті . Ертегінің өзі үш  түрге бөлінеді : Қиял – ғажайып ертегілер , тұрмыс – салт ертегілер , хайуанаттар туралы ертегілер .

-         Балалар біз көптеген ертегілермен таныс болдық .

Кубизм” стратегиясы :

Кубиктің әр қырларына мына суреттерді жабыстырып сабаққа қолдандым

“Мақта қыз бен мысық” ертегісі , “Бауырсақ” ертегісі , “Кім неден күшті” ертегісі , “Қарлығаштың құйрығы неге айыр ?” .

Бүгін өтетің жаңа сабағымыздың тақырыбы : “Қарлығаштың құйрығы неге айыр ?” ертегімен оқып танысамыз . Ертегіні тақтаға ілінген мазмұнды суреттер бойынша балаларға түсіндіремін .

-         Балалар , біздің бүгінгі сабағымызға Қожанасыр қонаққа келіпті .  Қоржынын толтырып сендерге көптеген тапсырмалар әкеліпті . Біз осы тапсырмаларды орындау үшін :



ІІІ . Белсенділік орталықтарға бөлініп алайық .

Қоржыннан асық алу арқылы орталықтарға бөлемін .

-         Балалар біздің сабағымызға ата-аналарымыз қатысып отыр . Әр топқа бір ата-анадан бөліп отырғызамын , оның міндеті топтағы оқушыларға бағыт – бағдар беру .

1 – топ : Әдебиет орталығы :

Тапсырма : Осы ертегідегі кейіпкерлерге байланысты тақпақтар айту .

                    (Қарлығаш , түлкі , маса , айдаһар) .

2 –топ : Стол – үсті орталығы :

Тапсырма : Түрлі - түсті қағаздармен орындалатың аппликация . 

                    Қарлығаштың суретін  қағаз бетіне жабыстыру , қарлығаш

                    деген сөзге сөйлем   құрату . 



3 – топ : Мүсіндеу орталығы :

Тапсырма : Қарлығаштың суретін қағазға салып беремін , оны балалар

                    ермексазбен мүсіндейді .

Сергіту сәті : (Әр түрлі қимылдар жасай отырып орындау) .

 

Шиқ – шиқ еткен қарлығашты .



Қорғамасаң болмайды .

Кіп – кішкентай қарлығаштар .

Адамдарды қорғайды .

 

Таспен атып қарлығашты .



Ұя  бұзған оңбайды .

Құс өкпелеп кетеді .

Ауламызға қонбайды .

ІҮ . Екінші айналымда орталықтың тапсырмалары ауыстырылып беріледі

1 – топ : Әдебиет орталығы :

Тапсырма : “Қарлығаштың құйрығы неге айыр ?” ертегісі бейнеленген

                     суреттер беріледі , сол сурет бойынша әңгіме құрастырады .

2 – топ : Стол – үсті орталығы :

Тапсырма : Қарлығаштың , түлкінің  үзік нүктелер арқылы салып беремін ,

                    оларды қосып , суретті түрлі – түсті қаламмен бояп шығады .

3 – топ : Драма орталығы :

Тапсырма : Балалар осы ертегідегі кейіпкерлердің бейнесінде сахналық көрініс  жасайды .

Балалар бүгінгі біздің сабағымызға қонаққа келген Қожанасырдың  қоржынындағы түрлі тапсырмаларға жақсы жауап бердік.Қожанасыр біздің жауабымызға дән риза. Қожанасыр келесі мектептегі балаларға көптеген тапсырмалары бар екен. Балаларға жеткенше  асығып отыр деп шығарып саламыз.

V. Қорытынды:  “Сандардың сырын аш”  ойынын ойнатып сабақты сұрақ қою арқылы қорытындылап шығамын.

1. Түлкі   Айдаһар  ауруына қандай ем айтты?

2. Оған Маса  қанды не үшін әкелмек болды?

3. Маса қанды қалай жинады?

4. Айдаһар қанды неліктен іше алмады?

5. Қарлығаштың құйрығы неге айыр болды?

6. Адам қарлығашты неге жақсы көреді?

7. Осы ертегі туралы мультфильмді көрдіңдер ме?

8. Ертегі сендерге ұнады ма?

Сандарды ашқанда  “Қарлығаштың құйрығы неге айыр?” етрегісі 

          бейнеленген сурет шығады.

 

VІ.Жиынға оралу.



Бағалау. Балаларды фишкалар немесе гүл, қызғалдақ   

                    беру,мақтап,мадақтау арқылы бағалаймын.

                    Балаларды динамикалық үзіліске шығарамын.

Қарлығаштың  құйрығы неге айыр?

 

Қазақтың көне жерінде ,



Асқар тау, бұйрат белінде,

Айдаһар өмір сүріпті

Күшсізді талай жалмапты

Тіссізді талай қандатты

Патша боп, көп жыл тұрыпты

Жылдардан жылдар өткенде,

Кәрілік жылжып жеткенде,

Қайраты қайтып бұрынғы,

Айдаһар дертке ұрынды

Айдаһар еттен арылды,

Тынысы әбден тарылды,

Көзден от, беттен сән кетті,

Кеудеден қуат ,әл кетті,

Нөкерлер сасып , сабылды,

Не істерін білмей,аңырды,

Адырдың арты жар еді,

Қу түлкі сонда бар еді,

Кей дертті емдеп жазатын ,

Өнері ептеп болатын,

Нөкерлер соған ағылды,

Түлкіге барып жалынды.

Ауруға түлкі келеді,

Тамырын ұстап, көреді,

Не қилы әдіс қылады,

Сан дәріні сынады.

-Тәтті қан іздеп тапсаңыз,

Жазылар, -деді,патшамыз.

Айнала жұртқа қарады:

-Кім іздеп, дару табады?

Біз тұмсық маса бар еді,

Ішкені ылғи қан еді,

Шағуға шебер болатын,

Қадалып қанды соратын,

Келместен сөзге ол енді,

Шөлмегін алып жөнелді.

Масадай малғұн зұлымға

Жамандық жасау қиын ба?

 

 



 

 

 



 

 

Бесікте жатқан нәресте



Жылы жұмсақ емеспе?

Деген бір  арам ой келді,

Не болмақ дүние, ойла енді.

Келді де шақты баланы,

Шырылдап бала қалады

Осынау маңды мекендеп,

“Жақсылық қайтсем етем” деп,

Зұлымдыққа қаны қас

Жүретін бір Қарлығаш

Жөнелді іздеп масаны,

Қырлардан қырға асады.

Шарлады көпті көлбеген,

Жарысты жүйрік желменен.

Айдаһарға жеткізбей,

Тиісті емін еткізбей,

Масаны қуып жетеді,

Айқасқа түсіп кетеді.

Алыспай өлмек қайда бар?

Алас ұрған Айдаһар

Болдырмаған бұйрығын,

Қарлығаштың құйрығын

Жартылай жұлып алыпты,

Айыр боп содан қалыпты.

Содан бері Қарлығаш

Болса да нәзік талдырмаш,

Адал досы адамның,

Аты туған баламның!

Сабақтың тақырыбы:  “Мақта қыз бен мысық” ертегісі.

Сабақтың мақсаты:      1. Ертегінің мазмұнымен танысу және оның идеялық мәнін ашу.

2. Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлесіп жұмыс істеуге, жауапкершілікке, бір-бірін құрметтеуге, өзара сыйласуға тәрбиелеу.

3. Өз бетінше және топпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру. Тіл байлығын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Ертегінің мазмұнды суреттері, орталықтар жазылған

                                          тіреуіштер, құпиялы үшбұрыш, ақ көгершін.



Сабақтың әдісі:             Топпен жұмыс, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Сабақтың түрі:              Аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс:  Математика, тіл дамыту, жапсыру.

Сабақтың барысы:      

І Ұйымдастыру кезеңі.

а) балалармен сәлемдесу, түгелдеу.

ә) оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген тақырыпқа М. Әлімбаев “Сары жапырақтар жауғанда”. Оқушылардан сұрақ-жауап арқылы сұраймын.

ІІІ Жаңа сабақ.  Қызығушылығын ояту.

Сыныпты қызғалдақ, саңырауқұлақ, көбелек,   3-топқа бөліп аламын.

І-топ. “Қызғалдақ тобы”.

ІІ-топ. “Көбелек”.

ІІІ-топ. “Саңырауқұлақ” тобы.

- Балалар, кәне барлығымыз бері қарайықшы.

- Міне, мына фигураларды біз не деп атаймыз?

-Үшбұрыш


- Тағы қандай фигураларды білеміз?

- Төртбұрыш, дөңгелек.

- Дұрыс, балалар біз бұл фигуралармен қандай сабақта оқып таныстық?

- Математика сабағынан оқып таныстық.

- Дұрыс, балалар, ендеше біз бұл үшбұрышты “құпиялы үшбұрыш” деп атаймыз.

         Қазір үш топтан  үш бала шығып, бір-біреуден таңдап  аламыз да ішіндегі сұрақтарға жауап береміз, жауап берген оқушыға сол “құпиялы үшбұрышты” сыйлаймын.

         Біздің бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбын мен сендерге жұмбақтап айтамын. Сендер оның шешуін табыңдар.

         Оны балалардың барлығы жақсы көреді. Үйде ұйықтар алдында ата-әжелеріміз айтып, бізді ұйықтатып тастайды. Оны тек қана өмірде оқиғалар емес, қиял-ғажайып, яғни өмірде болмайтын ойдан шығарылған оқғалар деуге де болады. Бұны не дейміз? (ертегі).

Ертегіні мазмұнды суреттер бойынша балаларға түсіндіремін.

Сергіту сәті:                   Түн болды.

                                          Сәлден соң таң атты

                                           Аспанды бұлт басты

                                           Жаңбыр жәйлап жауды

                                           Жаңбыр қатты жауды.

                                           Күн ашылып енді жел тұрды

                                           Жел қатты тұрды

                                          Енді ауа тынық болып тып-тыныш болды.

Балалар ақ көгершіннен бізге хат жіберіпті, оның ішіне  бізге тапсырмалар беріпті, біз бұл тапсырмаларды барлығымыз бірге бірлесе отырып орындауымыз керек.

Белсенділік орталықтарға бөлініп алайық.

1-топ. “Қызғалдақ ” тобы.

Әдебиет орталығы:

Тапсырма: Осы ертегідегі кейіпкерлерге байланысты тақырыптар айту.

2-топ. “Көбелек” тобы.

Оқу орталығы:

Тапсырма: “Сөзжұмбақ” шешу.

3-топ. “Саңырауқұлақ” тобы.

Өнер орталығы:

Тапсырма: Осы ертегідегі кейіпкер бейнесінде сахналық көрініс жасау.

Топпен жұмыс:

Үш  топтың оқушылары бірлесе отырып, ертегідегі кейіпкерлердің қима суреттерін тақтаға ретімен қойып шығады. Содан соң топқа бір-бір сұрақтан қоямын.



1.   “Қызғалдақ” тобы:

- Ертеңгінің басты кейіпкерлері кімдер?



2. “Көбелек” тобы:

- Ертегідегі үй жануарларын ата?



3. “Саңырауқұлақ” тобы:

- Ертегінің соңы немен аяқталады?



VІ Қорытынды:

Балалар біз бүгін қандай ертегімен танысамыз.

-         Мақта қыз бен мысық ертегісі.

-         Ертегі сендерге ұнады ма?

Мысықтың құйрығын қайтарып алуына көмектескендерді атаңдар?

Сиыр, ағаш, тауықтарға не нәрселер керек екен?

Сабақты сұрақ-жауап  арқылы қорытамын.

VІІ Бағалау. Жұлдызша, үшбұрыш, төртбұрыш беру арқылы бағалаймын.

Тақырыбы:             Ертегілер еліне саяхат.

Мақсаты:                Оқушыларға ертегі арқылы олардың өмірге деген дұрыс

                                  көзқарасқа, ой-өрісін, сөйлеу тілін,жақсылық пен

                                  жамандықты айыра білуге, жаман әдеттен айлақ болуға

                                  үйрету, баулу.  Өз  отанын сүюге, ана тілін қадірлеуге

                                  үйрету. Қызығушылықтарын талғампаздық қасиеттерін

                                  қалыптастыру.



Көрнекілігі:                   Орман көрінісі бейнеленген суреттер, ертегі

                                  кейіпкерлерінің суреттері, қоян, тиін, аюдың суреттері.



Барысы:                 Балалар біз бүгін “Ертегілер еліне саяхат” жасаймыз.

                                 Балалармен бірге орманның ішінің әсемдігіне таңданып

                                 келе жатқанда, балалардың құлағына бір дауыс келеді.

                                 Жақындай келе ол дауыс қоянның дауысы болып шығады.

                                 Қоян байқаусызда қақпанға түсіп қалған екен. Қоянды

                                 балалар қақапаннан шығарып алғысы келеді, бірақ ол

                                 үшін  алдымен мына сұрақтарға жауап беруіміз керек.

Тапсырма:             Мына суреттегі кейіперлердің атын ата? Олар қандай

                                 ертегілерде кездеседі? (қиял-ғажайып ертегілер).

Балалар берілген сұраққа жауап беріп, қоянды қақапаннан босатып алады. Қоянды ортаға алып барлығы бірге мына өлеңді  шырқайды.

                             Ұзын-құлақ сұр қоян.

                             Естіп қалып сыбырды.

                             Ойлы-қырлы жерлермен

                             Ытқып-ытқып жүгірді.

 

                               Қарап еді артына



                              Қиығын сап көзінің

                              Кеше жатқан томпаңдап

                             Көжегі екен өзінің

 

Ақ қоян” деген қимылды ойын ойналады.



Мына сөйлемді жалғастыру қажет.

1.     Қоян қыста ақ, жазда….

2.     Қоянның құйрығы қысқа, құлағы…..

3.     Қоянның артқы аяғы ұзын, алдыңғы аяғы……

Балалар қоянмен қоштасып, ары қарай орманды аралап  келе жатқанда, мұғалім қане тыңдаңдаршы балалар, ормандағы ең көңілді жануар туралы жұмбақ жасырамын.

Секең – секең етеді,

Орман оның мекені.

Отырғанда шоқшиып

Құманға ұқсап кетеді.

- Бұл қай аң?

- Тиін.

- Дұрыс, айтасыңдар балалар!



         Сендер білсеңдер айтыңдаршы, тиін немен қоректенеді?

Жаңғақ, саңырауқұлақ, шырша бүршігімен қоректенеді деп жауап берді балалар.

         Біз тиінға қоректенетін азығын жинауға көмектесейік. Ол үшін мына сұрақтарға жауап берейік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет