4.Жас ерекшеліктеріне қарай негізгі қимыл сапасын (күш-қуат, жылдамдық, ептілік, шыдамдылық) дамыту.
Әр адамға қажетті қасиеттер – күш-қуат, жылдамдық, ептілік, шыдамдылық. Дененің сапалық қасиеттері балалардың қимыл-дағдыларын қалыптастырумен тығыз байланысты. Дене жаттығуларының әр түрлі екпінде өткізілуі дененің сапалық қасиеттерін дамытады.
Батылдық, табандылық, әділеттілік, адалдық, жолдастық сезім, ұжымда жұмыс істей білу, мәдени тәртібін қалыптастыру, еңбекке, қоғам мүлкіне деген жағымды көзқарасын қалыптастыру.
Дене шынықтыру үрдісіне бағалы моральдық және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеудің маңызы зор. Көптеген дене жаттығулары (биіктікке секіру, биіктіктен секіру, кедергілерден секіру, тепе-теңдік жаттығулары, төбешіктен шаңғымен төмен түсу), және ойын түрлері арқылы табандылық, өзара достық сезімдері тәрбиеленеді.
Оқушылардың дене шынықтыруы мен спортқа деген қызығушылығын жүйелі айналысу дағдысын тәрбиелеу.
Мектептің міндеті – балаларды әр түрлі дене жаттығуларына тек мектепте, отбасында ғана емес, күнделікті өмірде маңызды міндетті шешу балалардың қызығушылығын арттыру отырып, берілетін материалдың мазмұнына, түріне, жағдайына, айналысушылардың өзара қарым-қатынасына көңіл бөлу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |