I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары



бет39/111
Дата25.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#104981
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   111
Байланысты:
Ұлман Ж Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі кітабыd — копия — копия

Қатарға тұру. Белгіленген уақыт бойынша бір қатарға, екі қатарға тұру, (10 секундқа дейін). Қатарға тұрудың бұл түрін оқушылар уақыттың қатысынсыз қатарға тұруды жақсы меңгергеннен кейін ғана үйретіледі. Жылдам қатарға тұрғызу алдымен бір орында өткізіледі де, бірте-бірте әр түрлі орындарда өткізіледі.

Жылдам қатарға тұрғызу төмендегідей өткізіледі: мұғалім алдымен оқушыларға ескертеді: қазір “Тараңдар!” деген бұйрық болғанда тарайсыңдар да, ал “Қатарға тұрыңдар!” (бір қатарға) дегенде, жылдам арада қатарға тұрасыңдар”. (Уақыт секундомер арқылы есепке алынады). Қатарға тұру кезінде тәртіп сақтау ескеріледі.

Балалардың орындауында “Тік тұрыңдар!” деген бұйрық қиынға соғады, сондықтан бұл бұйрықты орындау барысында асықпау қажет.

“Тік тұрыңдар!” деген бұйрықты түсіндірген кезде, мұғалім бұйрықтың қысқа түрде орындалуын қадағалайды.

“Тік тұрыңдар!” бұйрығында тұру: тік тұру, аяқты тік ұстау, өкше бірге, аяқтың басы алшақ 45 градус көлемінде ашылған, қол төменде, саусақтар сәл иілген, қозғалмай алдына тік қарау керек.

“Еркін тұрыңдар!” бұйрығы нақты жағдайға байланысты әр түрлі орындалады. “Еркін тұрыңдар!” бұйрығында оқушылар қатарды бұзбай еркін қалыпқа келеді.

Қатарда қолдарынан ұстап шеңберге тұру. Қлдарынан ұстап, не ұстамай қатарға тұру. Сапқа тұрудың ең қарапайым түрі. Шеңберге тұрғызуда төмендегі әдістерді қолдануға болады. Бірінші әдіс:

а) қатарға тұрған барлық оқушыларды қолдарынан ұстап шеңбер жасау ұсынылады;

ә) мұғалім өзінің сол қолымен, қатардың бастауышсының оң қолын ұстайды.

Екінші әдіс:

а) тұрғын барлық оқушыларға бір-бірінің қолын ұстау ұсынылады;

ә) қатардың ортасында тұрғын екі оқушыға орындарынан кетпеу ұсынылады;

б) мұғалім оқушылардан 10-12 адым алшық тұрады да бұйрық береді: “Қолдарыңнан ұстап шеңбер құрыңдар!”

в) мұғалім қолдарын көтеру арқылы оң жақтағылар, оң қол арқылы, сол жақтағылар сол қол арқылы шеңбер құрады. Осы әдістермен таныстырылғаннан кейін, мұғалім оқушылардың қолдарын ұстамай шеңбер жасауын үйретеді. Бұл жерде тәртіп жоғарыда аталғандай үйретіледі. Осы әдістерді оқушылар толық қабылдағаннан кейін “қолдарыңды ұстап шеңбер құрыңдар!” бұйрығы беріледі.

Бір қатардан шеңберге тұру. Мұғалім қатардың бастауышысы болып өзі тұрады. “Менің артымнан сап түзеп жүріңдер!” бұйрығы беріледі, қимыл шеңбер түрінде орындалады, “Сынып тоқта!” бұйрығында шеңбер құрылуы тиіс. Жаттығу бірнеше рет орындалғаннан кейін “Шеңбер бойынша сап түзе!” бұйрығы орындалады.

Бір қатардан үш-төрт қатарға тұру (1-сурет). Бір қатардан үш-төрт қатарға тұру жалпы дамыту жаттығулары, дайындық жаттығуларын орындау, ойын ойнау барысында қолданылады. Бұл жаттығуларды орындау барысында мұғалім оқушылардың өздерін реттік санау әдісін пайдаланады.

Мұғалім үш оқушыны сабаққа ыңғайлы және бір-біріне кедергі

жасамау үшін бір-біріне кедергі жасамау үшін бір-бірден тұрғы-

зады да, қалған оқушыларға үш қатардан тұруына бұйрық береді.

Бұл әдіс толық меңгерілгеннен кейін, қол ұстатпай қатарға тұру

өткізіледі. Сапқа тұрғызу барысында әр қатардың бастаушысы сай-

ланды. Реттік нөмір бойынша үш қатарға – бірінші, екінші, үшінші

қатарға тұрады да бұйрық бойынша шашырайды, белгі берілгенде

1-суре қайта тұрады.

Алдын ала белгіленген орынға бір қатардағы сапта үш (төрт) қатар сапқа тұру. Бұл әдісті үйрету қатарға тұрудан басталады. Егер оқушылар (30-40 дейін) санауды толық білетін болса, “Рет бойынша санаңдар!” бұйрығы беріледі, бұл жерде әр оқушы өзінің реттік нөмірін есте сақтау қажет, санай алмаған жағдайда мұғалім өзі санайда.

Бір орында тұрып аттап барып, секіру арқылы (солға) бұрылу. Бір орында тұрып аттап барып, секіру арқылы бұрылу оқушыларға аяқтың ұшы және өкшесі арқылы бұрылуды меңгертеді. Алғашқы сабақтарда “Барлықтарың оң қолдарыңды көтеріңдер!” “Оң қол жақтарыңа бұрылыңдар!” деген тапсырмалар арқылы орындалады, ал бұрылу әдісіне көңіл бөлінбейді.

Оқушылар оңға және солға бұрылуларды меңгергеннен кейін, аттау арқылы бұрылу, бірте-бірте секіру арқылы бұрылулар үйретіледі. Бұл жерде “Оң-ға!” немесе “Сол-ға!” ал секіру арқылы бұрылуда “Секіру арқылы оң-ға!” бұйрығы беріледі.

Аттап түсу арқылы бұрылу жасау “бір-екі” деп санау арқылы, ал секіру арқылы бұрылу бір рет санау арқылы үйретіледі.

“Сап адымдап жүру!” “Сынып тоқта!” бұйрығының орындалуы. Бұл бұйрықты орындау оқу жылының бірінші тақсанынан бастап қолданылады. Алғашқы бұйрықтың алдын ала және толық орындалуына көңіл бөлінеді.

“Адымдап жүру” бұйрығында оқушылар дененің барлық салмағын оң аяққа түсіреді, сол аяқ еркін (бір орында тұрып аяқтың ұшына тұру), ал “Сап түзу!” бұйрығында, қимылды сол аяқтан бастайды.

Мұғалім түсіндіруді өзінің көрсетуімен анықтайды. 2-3 оқушыға осы бұйрықты көрсетуді ұсынады. Содан кейін барлық оқушылармен жаттығу орындалады.

Көптеген оқушылар тапсырманы бірден орындауы мүмкін, ал барлық оқушылардан талап ету қажет емес.

“Сынып тоқта!” бұйрығының орындалуы барысында оқушылар бір адым алға аттағанда “Тоқта!” бұйрығы беріледі де екінші аяқ қасына алынады.

Үзіліс бағыттағы жүрыс “Маған қарай!” “Затқа қарай!”. Бағытты өзгерту жүрісінде “Маған қарай сап түзе!” немесе “Жалаушаға қарай бағытта сап түзе!” бұйрықтары орындалады. Бұл жерде бастаушы берілген бағыт бойынша, ал оқушылар бастаушының артынан анықталған арақашықтықты сақтап жүреді. Сабақ барысында мұғалім бастаушы етіп барлық оқушыларды қойып отырады, оқушылар бастауышының рөлін атқаруды және бұйрықты орындай білу керек.

Бірінші, екінші, үшінші, төртінші ретімен қатардағы санау оқушылардың дайындығына байланысты бірте-бірте үйретіледі.

Үйрету барысында санаудың ең қарапайым түрі бірінші, екінші болып санау тиімді.Оң жақта тұрған оқушы «бірінші», келесі «екінші», т.с.с. Оң жақтағы көршісінің санауын естенен кейін, келесі оқушы басын жылдам солға бұрып, өз нөмірін айтады.Содан кейін басын алға тік ұстап, бастапқы қалыпқа оралады.сол жақта тұрған оқушылар өз нөмірлерін бастарын бұрмай айтады.

Үштен, төртен, бестен санаулар «Үштен санаңдар!» бұйрығы бойынша орындалады. «Бір орында тоғыздан- алтыдан-үштен!» санаудан, бір орында тоғыздан-алтыдан-үштен санаңдар!» бұйрығы арқылы орындалады.

Ретпен санау.Ретпен санау барысында «рет бойынша санаңдар!» бұйрығы беріледі.Бұл бұйрықты оң жақтығылар бастарын солға бұрып,өзінің көршесіне «бірінші» деп атайды, ал екінші оқушыны оны естіп, басын тура солай бұрып «екінші» деп атайды.Қатардың соңына дейін санау осылай өткізіледі. Ең соңғы оқушы санауды аяқтайды, өзінің нөмірін айтады,алға оң аяқпен бір адым жасайды ,сол аяғын , оң аяққа теңестіреді де «Санау аяқталады»,-деп хабарлайды. Санау барысында бастарын солға бұрылуына,өз нөмірінің айтылуына, бастапқы қалыпқа қайта оралуына көңіл бөлінеді.

Бір орында турып оңға, солға, толық айналу. Бұл айналулар жеке-жеке үйретіледі.Алғашқыда оңға бұрылу үйретілуі қажет, бұл жерде бұрылу оң аяқтың өкшесімен. Сол аяқтың ұшымен орындалады.Оқушыларға бұрылу бір-екі- деп санау арқылыболатынын ескерту қажет. Оңға бір –дегенде оң аяқтың өкшесі, сол аяқтың ұшы бұрылады,ал екі дегенде сол аяқ оң аяқтың жанына қойылады.Бұл бұрылу түрін оқушылар қатарда тұрған үйрету тиімді.Жаттығуды орындау барысында бір деген санауда мұғалім жаттығудың дұрыс орындалуына көңіл бөлінеді, оқушылар дұрыс орындаған жағдайдағана екі деген бұйрықты береді.

Сол бұрылу оқушыларға оңға бұрылуды толық үйренген жағдайда ғана басталады.

2- сынып оқушыларында оңға және солға бұрылу жеке-жеке орындалса, ал жеке орындалса, ал 3-сыныпта оңға,солға бұрылу бірге өткізіледі.

Толық айналу сол аяқтың өкшесімен оң аяқтың ұшымен, сол иықпен 180 градусқа бұрылу арқылы орындалады. «Толық айнал» бұйрығы бойынша үйретіледі, ал «екі!» дегенде оң аяқты сол аяқтың жанына қояды.

Қолды алға созып сапты созу. Қолды жанына созып сапты созу. Сапты созуды ұйретуді сапта тұрған кезде үйреткен дұрыс. «Қолдарыңды алға созып сапты созыңдар!» бұйрығы айтылады. Бұйрық бастаушыдан бастап барлық оқушылар қолдарын алға ,артқа қарай созады,қоладры алдағы көршесіне тимеу керек.

«Бір аяқпен жүру». Бастауыш мектепте оқушыларды бір аяқпен жүруге үйрету қажет. Үйретудің бастапқы кезеңінде сол аяқпен жүру қарастырылады.Жаттығуды орындау «Адыммен сап түзе!» бұйрығы бойынша орындалады.т Бұл бұйрықты орындау үшін төмендегі әдіс қолданылады. Оқушылар бір қатарға тұрады,мұғалімнің «Адым!» -деген бұйрығында сол аяқтарын бір уақытта жайлап көтеріді де «Сап түзе!» деген бұйрықта жүрісті сол аяқтан бастайды.

Сол аяқпен, оң аяққа ауыстыру арқылы жасалған жүрістер жақсы нәтежесін береді.Мысалы, мұғалімнің «Бір», «Үш» деген бұйрығында сол аяқпен «екі», «Төрт» деген бұйрығында оң аяқпен жаттығу орындалады. Оқушылар жаттығуды толық меңгергеннен кейін , жаттығуды музыкамен, ән салумен орындауға болады.

Залды айналып өту, қапсыз және диоганальбойынша жүру. Сапта жүрудің ең қарапайым түрі залды айналып өту.Бұл қимылдарды орындау үшін « залды олға солға айналып өтіңдер!» бұйрығы беріледі. (2- сүрет)

Қарсы жүру бұл қайтып келе жатқан бағытта қатар жолымен жүру ( сол жақта, оң жақта) (3- сурет). Диоганаль бойынша қимылды орындау алаңның бір ұшынан орталық арқылы, екінші бұрышқа жүру. Бұл қимылдарды орындауда «Диоганаль арқылы жүріңдер!» бұйрығы беріледі. Бұйрық орындалу бөлімі жүру бағыты бұрышқа жеткенде беріледі (4- сурет).

Бұрыш арқылы бұрылулар жасау үшін бұрылатын жерді жалаушалар, текшелер, немесе қысқа сызықтар арқылы белгілеп қоюға болады.

Қатарда оңға,солға түзелу.Егерде оқушылар аяқтың ұшына қарап түзелуде меңгерсе, онда қатарда түзелуді үйретуге болады. «Түзеліңдер!» «Оңға түзеліңдер»бүйрығы бойынша оқушылар бастарын оңға (солға) бұрады, бұрылған кезде қатарда өзінен кейін төртінші адамның кеудесін көруі керек.Бұл жағдайда аяқтың ұшы бір сызықтың бойында болуы қөажет.

Мәлімдеме беру.Үшінші снып бағдарламасында , оқушы кезекшінің орындайтын ережесін атқарады және саптың алдында қалай туратынын көрсетеді.Мәлімдеме беру әр сабақта кезекпен орындалады.

Мұғалім залға келгенге дейін кезекші оқушыларды қатарға турғызады,қатарды түзетеді, рет бойынша санатады. Мұғалім келгеннен кейін , кезекші «сынып түзеліңдер» деген бұйрық береді және мұғалімге үш адым қалғанда тоқтап мәлімдейді: «Серік Ахметұлы. Сыныпта 25 оқушы , сабақта(қатарда)22-оқушы.Алдамжаров Сәбит, Санжарова Сания, Қуанышева Мерей сабақта жоқ.Оқушылар барлығы спорт киімін киген.Сынып кезекшісі Темірбеков Данияр ». Мәлімдемеден кейін кезекші жанынан екі адым, үш адым алға жасайды да сыныпқа қарап бұрылады.Мұғалім оқушылармен амандасады, кезекшіге орнына баруға руқсат береді.

Кезекшінің мәлімдемесінен кейін мұғалім: «Сәлеметсіңдер ме балалар!» - дейді оқушылар нақты, анық «Сәлеметсіз бе!»-деп жауап береді.

«Бір орында алтыдан-үштен» немесе «Бір орында тоғыздан –алтыдан» санау арқылы сапты созу.Бұл әдіс сапты созуда қоладанылады. «Санау арқылы адымдап жүру» бұйрығы бойынша оқушылар алға алға қарай өздеріне тиісті адымдар жасайды. «Өз орындарыңда сап түзе» бұйрығы бойынша оқушылар айналып, бір екі санау арқылы өз орындарына келіп тұрады. Бұл бұйрықты орындау барысында мұғалім алдын ала орындалатын қимылды көрсетеді.Бұл жерде оқушылар адым санына байланысты түзеледі (5-сурет)

Бір нөмірінде оқушылар бір сызықтың бойында түзелу керек.

Саптан бір, екі, үш, төрт қатарға бұрылу арқылы тұру(6-сурет).Бұл жаттығулар түрі оқушылар жоғарыда аталған жаттығуларды толық меңгергеннен кейін үйретіледі.Саптан қатарға тұрудың ең тиімді жолы екі қатарға тұру болып табылады.Мұғалім оқушыларды бірінші, екіншіге санайды, әр кім өзінің жұбын есте сақтап қалуы ұсынылады.Алдымен бірінші жұптағылар сапқа тұруды көрсетеді. Соңынан бүкіл оқушылармен орындалады. Бұл жерде «Орталық арқылы саптан екі қатар түзеңдер» деген бұйрық арқылы іске асады, ал егерде қатарға тұру залдың немесе алаңның ортасында орындалса, «Қатарға екіден солға (оңға) сап түзе!» деген бұйрық беріледі. Бұйрықты жұпқа жеке-жеке беруге болады.

Қимыл барысында сапта үшке, төртке бөлініп жүру. Қимыл барысында сапта бөліну үшін «Орталықтан (оңға ,солға) қолды алға созып бөлініңдер!» немесе «Оңға оң қолдарыңды созып бөлініңдер!» бұйрығы беріледі. Бұл бұйрықта топты бастаушы оқушылар ғана қолдарын созады. Қалғандары шүйдеге қарап түзеледі. «Орталықтан үш сапқа сол қолдарыңды алға созып жүріңдер!» деген бұйрық берілгенде саптан сроға қарай үш сап түзеп жүреді(7-сурет). «Ирек», «Иректелген бағытпен жүру» қатарда қарсы жүруді білдіреді. Қимыл жасау барысында «Солға қарсы жүр!» «Оңға қарсы жүр!» деген бұйрық беріледі. Саптағы оқушылар бір қарсы айналып өткенен кейін «Ирек жасап» жүріңдер деген бұйрық беріледі.Иректелген бағытта жүру оқушылар бағытты өзгертіп жүруді толық үйренгеннен кейін үйретіледі (8-9-сурет)

Иректелген бағытта жүру әр түрлі өлшемде болуы мүмкін.Бұл қимылдарды өткізу барысында кеңестікті дұрыс бағдарлау үшін жалауша, гимнастикалық орындық, тіреу ағаш, терезе, есікті қолдануға болады. Гимнастикалық қимылдарды ұзын, көлденең бағытта орындауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет