I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары


– 2– сыныптарға оқу материалын бөлу жоспары



бет81/111
Дата25.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#104981
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   111
Байланысты:
Ұлман Ж Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі кітабыd — копия — копия

1 – 2– сыныптарға оқу материалын бөлу жоспары

( I тоқсан)
Сабақты талдау
Мектепте оқу жұмысының сапасын жақсарту үшін мұғалім жүйелі түрде өз әріптестерінің ашық сабақтарына қатысып, талдау жасау қажет. Педагогикалық тәжірибе барысында колледж оқушылары бақылау, байқау сабақтарын өткізіп, талдайды. Талдау барысында мұғалімнің, практиканттың жетістіктері. Ұсыныстары, кемшіліктері айтылады.
Бақылау жоспары

Дене шынықтыру сабағын талдауға арналған сұрақтар.

I. Мұғалімнің сабаққа дайындығы.


  1. Сабақ жоспарының жағдайы.

А) Сабақтың жалпы және жеке міндеттерінің сауатты қойылуы, кезеңдерінің нақтылығы. Өткен сабақпен және оқу тоқсанның жоспары сәйкестілігі. Алға қойған міндеттердің оқушылардың білім алуына тиімділігі (дайындық деңгейін есепке алу, жұмыс жағдайы, шектелген сабақ уақыты)

Б) Жоспарланған құралдардың алға қойған міндеттермен сәйкестігі, сабақ өткізу барысындағы жағдай, балалардың жас ерекшелігінің ескерілуі. Жаттығулардың ерекшелігі, саны. Денеге түсетін салмақ динамикасы талаптарына қарай жаттығуларды бөлу.Әдіс және әдіс – тәсілдердің алға қойған мақсатпен сәйкестігі (сөздік, көрнекілік, практикалық) дұрыс жазылуы. Айналысушының үлгерімін анықтау әдісі. Жаттығуды орындау барысындағы нәтиженің талап бойынша қойылған критериге сәйкес келуі.

В) Оқушылардың және керекті құрал-саймандардың орналасуының суреттелуі және жазылуы. Жалпы және топтың тапсырмалардың берілу әдісі. Арнайы топ оқушыларына арналған және сабақтан босатылған оқушыларды пайдалану жоспары.

Г) Белгіленген талапқа сабақ жоспарының сәйкестігі. Барлық және терминологиялық нақтылығы, сауаттылығы және ұқыптылығы. Сабақтың құрылуының сабақ құрылысының әдістемелік нұсқауы, теориялық сақталуы. Оқу құру барысында сабақтарын теориялық және әдістемелік нұсқаулардың сақталуы, оқу-тәрбие міндеттерін шешуде ретшіілкьің сақталуы.

2. Сабақтың нәтижелі өтуіне жағдай жасау.

Сабақ өткізілетін орын, керекті құрал-саймандар, оқу құралдарын дайындау. Дәстүрден тыс құралдарды, оқытудың техникалық құралдарын пайдалануы. Сабақ өткізілетін орынның тазалығы. Оқушылардың сабаққа дайындығын көмекшілерге нұсқау беру, өзінің сырт бейнесін тексеру және т.б. алдын ала тексеру.

ІІ Сабақтың өткізілуі.

1. Сабақтың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету.

а) Сабақтың уақытында басталуы және аяқталуы;

ә) Сыныптағы барлық оқушылардың құрал-саймандарды орналастыруынша жинауына, таратылуында қатысуы. Бұйрық берудің нақтылығы мен дұрыстылығы;

б) Оқушыларды формальды, топтық, жеке әрекеттерге ұйымдастыру;

в) Оқу тапсырмаларының мазмұнда түсіндірілуі.

Арнайы топ оқушыларын және белсенді қимыл әрекетінен босатылған оқушыларды жұмыспен қамтамасыз ету.

г) Оқушылапрдың алдында мұғалімнің өзін-өзі ұстауы, қарым-қатынас тактінің сақталуы, оқушылардың жұмысына және тәртібіне талап қоя білуі.

2. Педагогтің оқу-тәрбие жұмысы.

а) мұғалімнің оқу міндеттерін нақтылауы және түсіндіре білу, оқушылардың тапсырмаға саналы келуін және шығармашылық белсенділігін ояту;

ә) Оқытуда диалогтикалық, дамытушылық және тәрбиелік қағидаларды сақтау.

Дене шынықтырудың міндеттерін шешуде адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен байланыстылығын қамтамасыз ету;

б) Сөздік және көрнекілік әдістерді қолдану жаттығуды орындау, денеге түсетін салмақты алықтай білу іскерлігі пән аралық байланысты қолдану.

Оқу тәрбие міндеттерінде жеке әдіс-тәсілдердің сәйкес келуі, айналысушылардың дене жаттығулардың орындай білу қажеттілігі. Оқушылардың зейінін басқару іскерлігі, қауіпсіздікпен және алғашқы көмек көрсетуді қамтамасыз ету, тапсырманы орындауын бағалау және тексеру. Тәртіп пен үлгерімнің дұрыс бағалануы;

в) Инструлық дағдысын қалыптастырылуы.

3. Оқушылардың сабақтағы әрекеті.

а) Оқушылардың сабақтағы қызығушылығы, жұмысқа деген сана деңгейі және жауапкершілігі.

ә) Оқушылардың мұғалімге және өзара қарым-қатынасы. Оқушылардың сырт бейнесі және тәртіптілігі;

б) Оқу міндетерін өз бетімен шешудегі қабілеттілігі. өз әрекетіне бақылау жасай білуі, көңіл-күйі, ой-өрісі және өзінің оқу-жұмысын бағалай білуі;

в) Өзара бағалау және көмек көрсету. Мұғалімнің және оқушылардың және сабақтан уақытша белсенді қимылдан босатылған оқушылардың жұмыс сипаты және тиімділігі.

ІІІ. Сабақты қорытындылау.

1. жалпы сынып және жеке оқушылардың сабақ бойынша қойылған міндеттердің шешілуі.

2. ең тиімді ерекше әдіс-тәсілдерді оқытуда ұйымдастыруда, тәрбиелеуде пайдалану. Оқушыларды тәрбиелеу және оқыту барысында қимылды саналы орын. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу барысындағы негізгі жіберілген қателіктерін ескеру, қимылды сапалы орындай білу іскерліктерін арттыруды ескерілуі.

3. Мұғалімнің кәсіби – педагогтік деңгейі (теориялық, әдістемелік, сөйлеу мәдениет, қимыл әрекетінің дайындығы)

4. Жіберілген қателіктерді жоятын ұсыныстар.

5. Сабақтың жалпы бағасы.

146 – 147 – 148 – 149 – 150 бет схемалар бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет