Жетiлген адамдықалыптастыру халықтық тәрбиенің қозғаушы күші. Өзiн-өзi жетiлдiру адам табиғатының биiк құндылықтардың бірі. Жетiлу ұғымы қоғам дамуына байланысты өзгерiп отырады. Адамнын арғы тегiнiң санасы өзiн-өзi сақтау инстинктiсiмен байланысты болды. Содан соң денсаулықты шынықтыру, оны күту идеясы пайда болды. Еңбек адамды қплыптастырды. Еңбек құралдарын ыңғайлы, әдемi етiп жасау қажеттігі еңбек құралдарын жетілдіруге ұмтылыс. Өзiн-өзi жетiлдiруге деген ынтаны туғызды. Тіршілік үшін күресте адам өзiнiң iс-әрекетін басқа адамдармен
үйлестiрiп, бiр-бiрiне көмектесу керек екенін түсіне бастады. Алғашқы адамдар ыңғайлылық пен ынғайсыздықты,әдемілік пен ұсқынсыздықты ұға бастады.
Адамзаттың екi үлкен жетiстiгi - тұқымкуалаушылык пен мəдениет (рухани және материалдық) индивидтiн жетілуіне әсер етті. Адамзат прогресі жетiлуге ұмтылыссыз мүмкін емес еді. Адам материалдык және рухани мадениет саласындағы еңбегi арқылы өзiн-өзi жетiлдiрдi. Осы мәселе жөнiнде Г.Н. Волков былай деп жазады: <<Этнопедагогикадагы күрделі мәселе - ұлттық мінез ерекшелiгiмен тығыз байланысты жетiлген адам мәселесі. Жетiлген адамды тәрбиелеу бағдарламасынан ұлттық өзіндік сана керiнедi. Ол қоғамдық жагдайлардың ықпалымен үнемi эволюцияға ұшырап отырады>>. Ғалым: «Жетiлген адам идеясы этникалық ұгым емес. Бұл табиғатпен келiсiм. оған икемделу мен езгерту қажеттiлiгi жөнiндегi, адамды дамудың жаңа сатысына көтергiсi келетін барша адамзатқа ортақ идея>>, - дейдi.
Этникалық ерекшеліктер адамды жетiлдiру бағдарламасының кейбiр
бөлiктерiн өзгертуден пайда болады. Жетiлген тұлға туралы әрбiр халықтың түсiнiгi тарихи жағдайлардың ықпалымен калыптасты. Халық өмiрiн ұлттық идеалдардан көруге болады. Орта Азия, Қазақстан халықтарынын «нағыз жiгiт>> образы орыс жiгiтiнен iс-әрекетiмен, мінез-құлық, журiс-тұрысымен ерекшеленеді. Бірак жетiлген тұлға идеалы негiзiнен көп халыктарда бір-біріне жақын. Барлық халыктар акылдылықты, денсаулықты, еңбекқорлықты, кеңжүректiлiктi, қайырымдылықты, салмақтылықты дәрiптейді. Барлық халықтарөз ұлтын және басқа ұлттарды кұрметтейтiн тұлга тәрбиелеуді арман етедi. Ұлттық қадiр-қасиеттi тәрбиелеу жеке тұлғаны жетiлдiрудiң негiзi. Ұлттық қасиетті тәрбиелеу ұлтқа кір келтiретiн мiнездi
сынаумен қатар жүреді. «Саған қарап халқына баға береді», «Халқыңның
адал ұлы бол» деген өсиет сөздер барлық халықтардың педагогикасында
бар. Сонымен халықтың бақытты болуы езін жетiлдiрусiз мумкiн емес еді.
Жетiлген адамды тәрбиелеу ушiн жұмбақтар, жастар мерекесі, табиғат, т.б.
колданылады.