I-тарау. Инновациялық педагогикалық технологияның теориялық негіздері



бет2/4
Дата11.01.2017
өлшемі1,1 Mb.
#7419
1   2   3   4

Деңгейлеп оқыту ерекшелігі :

1.Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.

2.Деңгейлеп оқыту әртүрлі категориялардағы балаларға бірдей зейін аударып ,олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3.Деңгейлеп -саралап оқыту құрылымында білім игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (минималды базалық ), бағдарламалық , күрделенген деңгей.

Базалық деңгей – мемлекеттік стандар бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс . Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып , уақытымен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.

4.Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін :

*жеке тұлға ерекшеліктеріне;

*психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау, қабілетінің ерекшелігіне , ойлау ,қабылдау, зейін еркшелігіне , өзінің эмоциясын басқара білуіне );

*пән бойынша білімді игеру деңгейіне / оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып , көңіл бөлу керек. [11].

Деңгейлеп оқыту барысында оқушы мен мұғалім іс әрекетінің жүйесі.

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Дайындық кезең

Оқушыларды оқу материалын базалық , бағдарламалық күрделенген деңгейлер бойынша игеруін анықтау.




Диогностикалық кезең.

Білімді меңгеру деңгейін анықтайтын тапсырмаларды дайындау. Оқушылардың білімді меңгеру деңгейін диагностикалау . Оқушылардан сауалнама алу.Сынып жетекшілерімен оқушылар және олардың ата-аналарымен әңгімелесу.

Диагностика нәтижелері мен өз қызығушылықтары негізінде пәнді оқу деңгейі таңдалады.Оқушы өзіндік таңдау жасайды.

Оқушыларды топтарға бөлу кезеңі

Оқушыларды топқа бөлуді ұйымдастыру : әр топ үшін оқу мазмұнын анықтау . Әр деңгейде оқытуға қойылатын нақты талаптарды дайындау Дайындалған талаптарды оқушыларға ұсыну.

Белгілі топты оқушының таңдауы. Топтардағы оқыту талаптарының жобасын талқылауға қатысу.

Деңгейлеп оқыту жүзеге асырылу кезеңі.

Оқушылардың топтардағы жұмысын ұйымдастыру.

Таңдалған топта өзінің оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

Деңгейлеп оқыту жағдайына білімді меңгеру нәтижелерін бағалау кезеңі.

Атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша оқушыларды бағалау. /Кері байланыстың дұрыс орнауы , жүзеге асыру/.

Жеткен нәтижелер бойынша өзара бағалауды және өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру.

Бастапқы ғылыми идеялар :

-деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді .

-деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді .

-деңгейлеп-саралап жұмыс істеуге мүмкіндік береді Деңгейлеп оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей бағдарламалық және күрделенген деңгей. Базалық деңгей – мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек.

Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс . Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.

-оқушының жеке тәжірибесінде негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін:

-жеке тұлға ерекшеліктеріне;

-психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау қабілетінің ерекшелігіне , ойлау, қабылдау, зейін ерекшелігіне , өзінің эмоциясын басқара білуіне );

-пән бойынша білімді игеру деңгейіне (оқушының білімі мен іс әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек ).

Әрбір тақырып бойынша өткізілетін сабақтар кезектесіп келетін бес типтен құралады.

Бірінші – тақырыпты жалпы талдау сабақтары (оларды лекциялар деп атайды).

Екінші – қиыстырылған семинар сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмысының процесінде оқу материалдарының тереңдей талдануы.

Үшінші – материалды пән аралық қорытындылау сабақтары.

Төртінші – материалды қорытындылау және білімді жүйелеу сабақтары (тақырыптық сынақтар деп аталады).

Бесінші – практикум сабақтар.Балалардың даму деңгейінің бірыңғай болмауына , жеке қабілеттеріндегі айырмашылықтармен басқада себептерге байланысты сыныпта оқу үздіктерімен үлгермеушілер пайда болатыны белгілі.

Сондықтан мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде : жаңа материалды беру, бекіту, қайталау, білім, білік дағдыны бағалау кезінде деңгейлеп саралап оқытуды ұйымдастырады . [34].

Білім беру ұйымдастырудағы қайта құрулармен оқытудың жаңа мазмұны мұғалімдер қауымына жаңаша іскерлікпен пәндерді оқытудың жаңаша технологиясын ендіру міндеттерін шешуді талап етуде.

Кеңестік педагогика мен дидактиканың озық шеберлері В.Шаталовтың , В.Шейманның , Е.Ильиннің тәжірибелерінің мақсаты – оқушының оқу танымдық қызметін дұрыс ұйымдастыра отырып түпкі нәтижеге жету яғни оқушының сабақ үстінде бағдарламалық талаптар (міндетті және мүмкіндік ) деңгейінде жан-жақты терең біліммен саналы тәрбие алуы еді. ХХ ғасырдың соңында адамдар жаңа технологиялық зерттеулер (В.Беспалько, В.Монахов) жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту үрдісінде іске асуы үшін оны технологияландырудың қажет екенін дәлелдеп отыр.

Педагогикалық технология мынадай төрт негізгі шартты қанағаттандыруы тиіс (В.Беспалько).

-педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспромптарды жоюы қажет.

-оқушының танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу тәрбие үрдісінің табысына негізделуі қажет.

-оқу мақсатын диогностикалық түрде анықтап, оның меңгерілуі сапасын дәл тексеріліп , базалау қажет.

-іс жүзінде оқу-үрдісінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс.

Қазіргі заман талабы әр оқушының сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны өзі игеріп, ізденіп, талап – пікір таластыру деңгейіне жетіп , даму үстінде . Осындай өздігімен дамуды қалыптастыратын Ж.Қараевтың «Деңгейлеп- саралап оқыту» технологиясының тиімділігі мен маңыздылығы қажетті . Бұл технология оқу үрдісінде:

-оқушыға сенімділік білдіру;

-пәнге қызығушылығын арттыру;

-оқушы біліміне сеніп, әрі дамыту;

-өзіндік шығармашылық деңгейге көтерілу көзделген [4].

Профессор Ж. Қараевтың технологиясының тиімділігі сол жаңа тақырыпты балаларға шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі тиіс.Сондықтан мұндай сабақтарда оқушылардың ынтасын белсенділігін арттыру үшін мәселелік сұрақтар қойып отыру .Тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар жүйесі сабақта қарастырылды.

(Қосымша №2-3 кесте ).

Сабақ үш кезеңмен жүргізіледі және оның мынадай тиімділіктері бар.

1-кезең. Тірек тапсырмалар мен жұмыс.

Мұнда жаңа тақырыпты меңгеруге қажетті бұрын өтілген материалдарды қайталау.Бұл үйде орындалып келетін тапсырма болғандықтан ,үй жұмысын талдауға барлық оқушыларды қатыстыруға және уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Осы кезеңде әңгімелесу , көрнекілік мәселелік оқыту әдістерін қолдана отырып, оқушылардың бұрын алған білімін ескере сабаққа қызығушылығын арттыру және білімін қадағалау жүзеге асырылады. Осы жұмыстар арқылы оқушының сабаққа зейіні ауып, жаңа тақырыпты өздігінен меңгеруге дайындалады.



2- кезең. Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру.

Бұл кезеңде оқушыларға тақырыпты меңгеру жұмыстар беріледі. Алдымен оқулықпен жұмыс істеп тақырыптан керекті мәліметтерді таба білуге , ізденімпаздыққа үйренеді , әр оқушының танымдық қызметіндегі дербестікті дамытуға мүмкіндік туады . Оқытудағы іздену көзқарасы оқушының өнімді іс -әрекетіне негізделеді. Мұнда оқушы жаңа тәжірибені мүмкіндігінше өз бетімен меңгеруі тиіс. Оқу барысында оқушы өзін-өзі жетілдіреді . Одан кейінгі кезеңде оқушы тақырыпты оқып үйреніп топ болып талдауға уақыт беріледі. Оқушы тақырыпты оқып болған кезде мұғалімнің үй тапсырмасын тексеруге немесе жеке оқушылармен жұмыс істеуге уақыты бар . Мұнда оқушылардың барлығы қатысады. Тақырып тақтада талданады. Оқушылар жартылай ізденіс , мәселелік және зерттеу әдістерін қолданады.



3-кезең. Деңгейлік тапсырмалар тиімділігі.

Оқушылар білімін бағалау мен бақылау жүйесі арасындағы байланыс. Қоюшы әр сабақта жинаған ұпайларын «Даму мониторинг» кестесінде белгілеп отыру арқылы талдау жасалады.

Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты:


  • жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар.

  • оқушы ізденіске, шығармашылыққа бөленеді.

  • дарынды оқушылар мүмкіндігі анықталды.

  • әр оқушы өзін -өзі бағалайды, өз білімін жоғары деңгейге жеткізе алады, материалды толық меңгереді.

  • жаңа тақырыпты жаңа әдіспен түсіндіріледі.

  • тест, диктант арқылы тақырып меңгеріледі.

  • өзіндік жұмыстар жүргізіледі.

  • бақылау жұмысы алынады.

  • бақылау парағы жасалады.

Қорыта келе, деңгейлік тапсырмалар ауқымы өте кең . Мектеп оқушыларына берілетін тапсырмалар оқушылардың ойлауына әсер етеді. Тасырманы орындау үшін бала жауапты өзі іздестіреді. . Оны шешуде ақыл – ойы дамиды , ойлануына жан – жақты әсер етеді деп түйіндеуге болады.

Деңгейлеп оқыту - оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі заман талабы әр оқушының сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны игеріп , ізденіп, талап – пікір таластыру деңгейіне жету мақсатын көздейді.



1.3.Деңгейлеп оқытудағы деңгейлік тапсырмалар мен оқушылардың

даму мониторингі.

Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие болды. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту процесін технологияландырудың қажеттігінен туып отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп практикасына енгізілуде. Атап айтқанда , академик В.М. Монаховтың оқыту технологиясы жұмыстарында айтылғанда оқытудың ұжымдық тәсілі.[30].

Профессор Ж.А. Қараевтың жұмыстарында еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүрген:

-оқытуды дербестендіру мен деңгейлік дифференциалдау;

- білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру

Принциптеріне негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технология алғаш рет зерттелген. Егер осы жұмыстарда қарастырылған оқытудың педагогикалық технологиясын оқу-тәрбие процесіне, оқытудың жаңартылған жүйесінің жобасы ретінде енгізетін болсақ, онда:



  • білімді демократияландыруға және ізгілендіруге;

  • оқыту сапасын арттыруға;

  • басқару тиімділігін жетілдіруге;

  • оқушылардың дамуына бақылау жасауға;

  • оған сәйкес бағалауға болатыны дәлелденіп отыр[19].

Бұл жағдайда педагогикалық технология- компьютерлік техниканың тиімді пайдаланылуына мүмкіндік туғызады. Сондықтан да , бірқатар мектептерде жүргізіліп жатқан біздің тәжірибелік –сынақ жұмыстарымыздың басты міндеті дәл осындай оқытудың жаңа педагогикалық техналогиясын оқыту процесіне енгізу болып табылады. Педагогикалық технология дегеніміз- тәжірибеде жүзеге асырылатын, (В.П. Беспалько), белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы [4].

Педагогикалық технология


Педагогикалық технология

Педагогикалық жүйеде

Әдістемелік жүйе

Педагогикалық жүйе
Тәжірибеде


Дпр


жүзеге асыру

+

Бұл жерде: Әдістемелік жүйе {Мақсат ,мазмұн, әдіс, сабақ түрі, құралдар}Дпр {Ы+Әбн+Оә+Түз.ә.+Бә+Басқ.}



Тқ

Қайда: Мақсат- өздігінен білім алу мақсаты (жаңа мақсат) . Ол дәстүр оқытудағы мазмұнды, әдісті, сабақтың түрін, құралдарын жаңа мақсатқа сай өзгеруін талап етеді.

Тқ –оқушының танымдық қызметі; Ол төмендегі іс-әрекеттерден тұрады

Әбн - әрекеттің бағдарлық негіздері (өткен материалдар);

Оә - орындаушылық әрекеттер, мысалы, өздігімен деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Түз.ж. –түзету әрекеттері (бақылау жұмыстары);

Бә -бақылау әрекеттері (бақылау жұмыстары);

Басқ . –педагогтік басқару, болашақта (жоғарырақ деңгейлерді оқушылар өзін -өзі басқарады)

Жалпы , педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты –жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылғандықтан бұл жерде де, жаңа технология бойынша, әдістемелік жүйенің басты компоненті- оқыту мақсаты болып қалады. Бірақ бұл мақсат - өздігіне дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру, сондықтан оның өзіндік танымдылық іс -әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Жаңа мақсат оқытудың әдістемелік жүйесінің қалған бөліктерінің (мазмұны, әдісі оқыту түрі мен құралдарының) олардың өзара байланыстағы қалыптармен өзгерулерін талап етеді.



Осы талапты орындау үшін төмендегі төрт ұсынысты қажет деп санаймыз.

  1. Жаңаша өзгерген мақсат оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекетінің әдістерін меңгерулерін талап етеді. Бұл әдістердің мұғалімдердің күнделікті жұмысына пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Демек , біздің жағдайымыздағы «оқыту әдістемесі» деп отырғанымыз «оқушы-мұғалім» деген өзара тығыз байланыстағы қатынасты қарастырады. Бұл жағдайда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады.

  2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері болып, оқытудың дербес және топтық түрлері табылады. Оқытудың бұл түрлеріндегі ең бастысы оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып өз беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту.

Оқытудың фронтальды түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдалынылады.

  1. Жаңа технологияның жаңа мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет деп отырмыз ғой. Ол –оқыту құралдарына деген көзқарасты да өзгеруді талап етеді. Бұл өзгерістер бойынша оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс -әрекетін жүргізе алатындай құралдар болуы керек

  2. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар қажет. Ол оқулықтардың қандай болу керек екендігі төменде айтылады. Осы жерде компьютерлік техниканың да функциональды мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету қажет, себебі комьютерлік техника-оқушыға, ол ізденіс және зерттеу жұмыстарын жүргізе алатындай оқытушы орта құруына мүмкіндік береді. Жаңа мақсат талап ететін жаңа оқулықтарда –оқу материалдарының мазмұны жаңаша баяндалуы қажет [29].

  • Қалайша ?!

  • Оқытудың басты мақсаты өздігімен білім алып дами алатын жеке тұлға қалыптастыру болғандықтан, теориялық материалдардың мазмұны әңгімелесуші – оқулықтарда беріліп, оқушының өздігімен жаңа тақырыпты меңгеруіне қолайлы және қызықты мазмұндалуы керек. Мұндай талаптарды қанағаттандыру үшін оқулықта келтірілген тапсырмалар «сұрақ-жауап» диалогы түрінде беріледі, оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін дамытуға бағытталады. Бұл тапсырмалар , негізінен, жаңа тақырып бойынша заңдар мен ережелерді өздігімен шығаруға және анықтамаларды өздігінен құрастыруға жетелейді. Жаңа меңгерген тақырыптарды бекіту үшін, қарапайым мысалдар келтірсе жеткілікті. Осындай әңгімелесуші- оқулықтардың мазмұны, бұл жағдайда, білім алу құралына айналады.

Біздің педагогикалық техналогияны құруға қажетті тұжырымдама, С.Л. Рубинштейннің еңбектерінде айтылған, «ойлау барысында ойлау берік объектісін жаңа байланыстарға қосуға педагогикалық, психологиялық негіз бар»-деген ойыннан алынған. Ол бойынша өнертапқыштық пен жаңалықтар ашуға жетелейтін баланың жаңа қасиеттерін ашуға болады екен.

Технологиямыздың тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория



  • Л.С. Выготскийдің «оқыту процесінде оқушының ақыл –ойының дамуы «актуальды даму»аймағынан «жақын арадағы даму» аймағына ауысуы» туралы теориясы. Бұл ауысу- тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған 1-ші деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін жоғарғы деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады.

Осындай іс-әрекет деңгейлері арқылы оқушылар оқу материалдарын әр түрлі деңгейде қабылдайды.

В.П.Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі: Бірінші деңгей- «міндетті, оқушылық», екінші –алгоритмдік, үшінші-эвристикалық және төртінші –шығармашылық деңгейлердегі қабылдау [4].

Сондықтан да, оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін, оқытудың жаңа технологиясы бойынша, дифференциалды және дербес деңгейлік принциптерінің талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабақ түрлеріне арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар әңгімелесуші-оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлері.

Әңгімелесуші –оқулық бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтама, ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу мысалдармен оларды бекіткеннен кейін, жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді. Деңгейлік тапсырмаларға, мысалы математика пәнінен, төмендегідей талаптар қойылады.



Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:

  1. жаттап алуға лайықталған болуы керек:

  2. алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтануына мүмкіндік беруі тиіс:

  3. тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.

Математика пәнінде мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және олар оқушының өзі шығарған ереже, анықтама, заңдарын бекітуге арналады. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызықтылық жақтарына ерекше көңіл аударған жөн.


Екінші деңгейдегі тапсырмаларға:

  1. Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады.

Математика мұндай іс-әрекетке келтіретін тапсырмалар: мәтінмен берілген кері есептер; кері байланыс функциясын атқаратын тексеру тапсырмалары т.с. с.

  1. Оқушының ойлау қабылетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар : логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.

Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмаларды біз төмендегінше топтастырдық:

  1. танымдық-іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару, анықтамалар, формулаларды жаттау, т .с. с. жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Эврика! Мұндай жұмыс –анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай есептерді шешу барысын оқушылар жаңа есептерге тап болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек.

  2. Әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер.

  3. Өздігінен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігінен шығару өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын шығару, көрнекі құралдар дайындау берілетін тапсырмаларға берілген тапсырмалар.



Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:

  1. Оқушылардың жинағын өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген теорема дәлелдеген заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығарды.

  2. Олимпиадалық есептер.

  3. Берілген тақырыпқа өз бетінше реферат, баяндамалар дайындау.

Демек , бұл тапсырмалар –оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады [19].

Сонымен , қорытып айтатын болсақ, бұлар:



Бірінші деңгей үшін-игерілгенді пысықтау мен қайталауға, ережелері мен анықтамаларды, формулаларды жаттауға арналған.

Жоғары деңгейлер үшін-алған білімдерін өз бетімен қорыту мен жүйелеуге және тәжірибеде қолдануға арналған тапсырмалар.

Технология бойынша жүргізілетін оқушылардың өз бетімен білім алу процесі «басқаруға ыңғайсыз»-делініп, сыналып жатады. Сонда айтатындары: «оқушы осы кезеңде өз білгенін істейді, оның іс-әрекеті көбінесе, қате болады»-дейді.

Мүмкін , дәстүрлі оқу процесінде оқушыларды дәстүрлі оқулықтар бойынша өздігінен оқытуға тырысып, осыған ұқсас өздік жұмыстарды жүргізген кезде солай болса, болған шығар.

Бірақ , оқытудың жаңа технологиясы жағдайында:

-оқушылардың өздігінен жүргізетін танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша құрастырылып;

-Оқыту проблемалық принциптер бойынша жүргізіліп;

- барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса, оқушыларда ынталану пайда болады. Сондықтан да, жаңа технология бойынша сабақ беруші мұғалімдер, үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын байқаған. Олар өзара бәсекелесе отырып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус, математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешіп, өтіп жатқан тақырыптан барынша көп ұпай алуға тырысқан, себебі, ертең жаңа тақырып басталады. Нәтижесінде «екіліктер жойылумен қатар,» «үштік» алып жүрудің өзі де ұят саналатын болған [29].

Осы жерде , «үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын, белгілі бір себептермен, қуып жете алмайтын оқушылармен қалай жұмыс істеуі қажет?»-деген сұрақ туады. Бұл мәселенің де шешуі қарастырылған.


  • Мұндай жағдайда, барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі;

  • Сыныптың басқа оқушылары өздігінен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалімнің де үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты болады. Ол сынып оқушыларының өздік жұмыс іс-әрекеттерін ұйымдастырып, басқару, жалпы бақылау жасау және балалардың өз-өзін бағалауын бақылау функциясын атқарады.

  • Бұл қалайша жүзеге асырылады? Бізге үйреншікті бақылау мен бағалауға қарағанда деңгейлеп оқыту барысындағы бақылау мен бағалаудың ерекшелігі неде?

  • Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат-сынып оқушыларын «қабілетті»және «қабілетсіз» деп жасанды түрде әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен қатар, барлық оқушыға қатысты, ізгілендіру принципі де сақталады.

Деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны есепке алынып отырылады.

Қандай оқушы болмасын, мысалы өзінің жақсы оқитынына қарамастан, жұмысын «оқушылық», «міндетті», 1-ші деңгейдің , ол үшін жеңіл болса да, тапсырмаларын орындаудан бастайды.

Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап: әрқайсысы, білім игерудегі өз қабілетіне қарай, өз биігіне жетеді. Бұл барлық оқушыларды тірек білімімен қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының талаптарына сай келеді. Нақтырақ айтсақ :

- барлық оқушылардың оқу мақсатында 100% қол жеткізуінің кепілі болады және оқу пәндерінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда міндетті бірінші деңгейді игеруін толық жүзеге асырады. Бұл өз кезегінде, мемлекеттік стандарттың min-талаптарының орындалуына кепілдік береді.

«Есепке алу» жүйесін жүргізу нәтижесінде үлгерімі нашар оқушылар да, кем дегенде, «оқушылық» деңгейге сәйкес білімді толық меңгеріп алатынын өз тәжірибемізден байқадық. Себебі ,ол осы деңгейдің тапсырмаларын толық және дұрыс орындап, өткізбегенінше, келесі деңгейге көшпейді. «Міндетті» деңгейде толық меңгергеннен кейін оқушы әрі қарай ілгері ұмтылады; өзіне өзінің сенімі артады.

Олардың әрқайсысы 1-ші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы.

Осылайша , бір деңгейден бір деңгейге, өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, өз қабылетін де жетілдіреді. Бұл жағдайда жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының мақсатына айналды. Біз дайындаған жұмыс дәптерлерінде тапсырмалар үш деңгейде ғана берілген. Төртінші деңгей тапсырмаларын құрастыру мүмкіншілігін ұстаздарға қалдырдық [19].

Деңгейлік тапсырмаларды дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол деңгейді игергеніне сәйкес ұпай алады: бірінші деңгей үшін-5 ұпай, екінші деңгей үшін-10 ұпай, үшінші деңгей үшін-15 ұпай.

Біздің жағдайда, әр жаңа тақырып бойынша жасалған деңгейлік жұмыстардың үш деңгейге бөлінуі, үй жұмысын жақсы ұйымдастыруға және реттеуге мүмкіндік береді. Себебі, тақырыпты меңгерудегі төрт деңгейлік тапсырмалар үлгерімі өте жақсы оқушыға есептеліп, соған сәйкес құрылғандықтан, бұл жұмыстарды толық, сабақ үстінде орындап бітіруге, барлық оқушылардың мүмкіндігі жете бермейді. Сондықтан да олар үйде өз бетімен немесе сабақтан тыс уақытта мұғалімнің көмегімен аяқтауға беріледі:


  • бірінші деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушыларға екінші деңгейдің тапсырмалары;

  • екінші деңгейдің тапсырмаларын орындаған оқушыларға одан да жоғары деңгейлік тапсырмалар беріледі;

  • т. с. с. деңгейден деңгейге көтеріле береді.

Ең жоғары деңгейдегі шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларды, әрине, дарынды да, еңбекқор оқушы орындай алады.

Осылайша , әр тақырып бойынша оқушыларға, сыныптан тыс уақытта, жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы көбірек ұпай жинап көтеріңкі баға алуға мүмкіндік беріледі және дамыта оқыту принципі орындалады. Нәтижесінде оқушылардың табиғи қабылеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына жақсы жағдай жасалады.

Сонымен, әр деңгейдегі тапсырмаларды оқушылар (дұрыс орындалғандығын мұғалімге тексеріп алып) тақта жанында ілулі тұратын жалпы ведомоста және өздеріндегі арнайы деңгейлік жұмыс дәптерлерінің соңындағы ведомоста (+)- пен белгілеп отырады.

Бұл оқушылар арасында, олардың бір-бірінің үлгерім деңгейлерін бақылай отыра алатындықтарынан, өзара жарыс тудырады. Бірақ , оқушылардың өзара көмегіне және мұғалім тарапынан жасалатын демеп жіберуге жол беріледі. Сондықтан бақылау мен бағалау ішкі бақылау мен ішкі бағалау болып табылады. Сабақ дұрыс орындалған барлық тапсырмалар жиналған ұпайларды есептеумен аяқталады.

Жинаған ұпайларын оқушылар әр сабақтың соңында нүктемен белгілеп отырады. Осы нүктелердің арасын түзу сызықтармен біртіндеп қосса, график шығады. Ол – оқушының даму мониторингі деп аталады. Мониторинг бойынша мұғалім кезекті тақырыптық бақылау жұмысының алдында әр оқушының өткен материалды қандай деңгеймен меңгергенін қадағалап, үлгермеушілермен қосымша жұмыс жүргізеді.

Тақырыптық бақылау жұмысы да әр деңгейлі тапсырмалармен беріледі. Бұл жағдайда ол бөгде біреудің көмегінсіз орындалады және мұғалім тарапынан оқушылар қатаң бақыланып, өздерінің нақты алған білімдерін тиісті ұпайларын алады. Осындай бақылау мен бағалауды біз сыртқы бақылау біз сыртқы бағалау ретінде қарастырамыз. Бұл ұпайлар , оқушылардың даму моторингтерінде белгіленеді.

Оқушының даму моторингі, оның жеке басының қабылетіне қарай тақырып бойынша игерген білім сапасының обьективті сипатын көрсетеді. Осы жағдайда оқушының даму деңгейі – басқалармен емес, уақыт өткен сайын, өзімен -өзін салыстыру арқылы анықталғандықтан, ол оқушыларға деген ізгілік қатынасты көрсетеді.

Сонымен , оқытудың педагогикалық технологиясын қолдану жағдайында бағалау процесі арнайы қосу әдісімен жүзеге асырылады. Бағалау жүйесі негізі болып оқушы білімінің ең төменгі деңгейі алынады және ол деңгей мемлекеттік стандарттың ең төменгі талабына сәйкес келеді. Бұл деңгейдегі тапсырмаларды дарындылығына да, бейімділігіне де, жоғары даму деңгейіне де қарамастан оқушылардың барлығының дұрыс орындауы міндетті.

Бірінші деңгейдегі барлық дұрыс және мезгілінде орындалған тапсырмалар «есеп -зачетқа» алынып отырады дедік қой. «Зачеттің» «екілікте» айырмашылығы: осы бірінші деңгейдің «есепке алынбаған» тапсырмаларын қашан «есепке алғанша» , міндетті түрде, қайта-қайта тапсырыла береді.

Өзін -өзі бағалау «қосу» әдісімен жүргізілетіндіктен оқушы бұрынғыдай «екілік» аламын деп қорықпайды. Оқушыда жоғары ұпай жинауда ұмтылушылық пайда болады. Бұл дұрыс орындалған тапсырмалардың саны тікелей тәуелді.

Сонымен :


  • технологияның принциптері –оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында, өздігінен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады екен;

  • өздігінен оқытудың осындай мақсаттары жүзеге асыру үшін, білім беру жүйесінің алдында тұрған басты мақсат- жаңа технологиясының талаптарына сай жаңа оқулықтар буынын жазу болып табылады. Жаңа оқулықтар мен дидактикалық құралдардың ерекшелігі-қысқа мерзімді ешқандай бейімдеусіз –ақ олардың мазмұнын компьютерге кіргізуге болады себебі, бұл құралдардың құрылымы электрондық оқулық құрылымдарына ұқсас .

Қорыта келе, оқытудың жаңа технологиясы , яғни «Деңгейлеп оқыту технологиясы » еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр.Осылардың ішінде барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса, оқушыларда ынталану пайда болады. Сондықтанда жаңа технология бойынша сабақтан бас алмайтындығы байқалған. Олар өзара бәсекелесе отырып жұмбақ , сөзжұмбақ , ребустар сияқты әртүрлі тапсырмаларды шешіп , өтіп жатқан тақырыптан барынша көп ұпай алуға тырысқан, себебі, ертең жаңа тақырып басталады. Нәтижесінде оқушылардың ынтасы артып, сонымен қатар даму мониторингі де күннен –күнге жоғарылай түседі. Демек , мұғалім берген тапсырмалар оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру отырып және бағалау деңгейі жоғарылай түседі. Сонымен қатар , тапсырмалар ауқымы да өсіп , шығармашылыққа ұласады.

II – тарау. Бастауыш сыныптың оқу- тәрбие үрдісінде деңгейлеп

оқыту технологиясын пайдалану жолдары.

(оқушылардың даму мониторингі , бағалау рейтингісі)
Қазіргі заманның талабына сай білім беру үшін бүгінгі таңда оқытудың мазмұнын өзгерту, яғни білім беру сапасын арттыру қажеттілігі туындап отыр.Көптеген педагогикалық технологиялар оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланып келеді.

Деңгейлеп оқыту оқушылардың білімін жаңа әдіспен ,яғни рейтингтік жүйе бойынша бағалауға мүмкіндік береді. .Яғни оқушылардың әр тақырып бойынша қорытынды бағасы оның жинап алған ұпайымен сәйкес қойылады. Жинаған ұпайларын оқушылар сабақ соңында кестеде тиіс нүктемен белгілеп отырады. Осы нүктелердің арасын үздіксіз сызықпен біртіндеп қосса , график шығады. Ол оқушының даму мониторингі деп аталады. [29]

Мониторинг дегеніміз - белгілі бір нәрсенің жай –күйін бақылау , талдау және болжау жүйесі. Бұл сөз ағылшынның «монитор» деген сөзінен алынған. Белгілі параметрлі анықтаудағы бақылау құралы. Мониторинг техникалық құралдардың көмегімен жүргізілетін бақылаудың ерекше түрі деп қарастыруға болады.

Мониторинг жүргізгенде шұғыл түрде белгілі бір ақпараттың көлемін талдай аламыз және өңдей аламыз. Бақылаудың тиімді жаңа технологиясы уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Компьютерді қолдану арқылы үнемі бақылауға болады. Бұл – мониторингтің тағы бір ерекшелігі.

Мониторинг- педагогикалық үрдіс негізінде білім беру мақсатын таңдаудағы өзекті мәселе мен құралдарын шешу барысында диогностикалық , прогностикалық зерттеудің жағдайын ғылыми негізге сүйене отырып үздіксіз бақылау.

«Мониторинг» деген сөздің өзі Ресейде Чернобль апатын кейін Чернобльдеге балалардың денсаулық жағдайын, бақылау ретінде пайда болды және орыс тіліне сіңіп кетті.

Мониторинг ішінде басқарудың өзіндік қызметі, педагогикалық әрекет барысында бағалау жүргізіледі. Соның барысында кері байланыс қамтамасыз етіледі. Педагогикалық жүйенің соңғы мақсаты нәтижелер мәлімделеді. Педагогикалық мониторинг педагогикалық жүйенің дамуын болжау , сонымен қатар оның жағдайын үздіксіз бақылауын қамтамасыз етуді көрсетеді. Сондай-ақ , ол әлеуметтік – психологиялық , медициналық мониторинг , оқушының жеке басының көзқарасын жалпылай алу мақсатында бұл оқу орындарында ең қажетті болып табылады.

Мониторингтің мәні әр тоқсанның не әр тараудың соңында шыққан графиктен көріп тұрады. Даму мониторингіне қарап , білім деңгейін оқушы өзі бақылап отырады. Яғни оқушылар өздігімен орындайтын жұмыстарын өзі бағалайды. Бағалаудың әділетсіздік мәселесі шешіледі.

Мониторинг ерекшеліктері:

1)оқушының белгілі бір тақырыпты төмендеу меңгергенін , аздау ұпай алғанын байқап , біліміндегі олқылықты жою мақсатында тапсырмалар жүйесін ұсынамыз;

2)шәкірт өз кемшілігін байқайды, өз тұрғыластарынан қалмау үшін не керек екенін аңғарады.

3)өз зейінін тәрбиелейді ;

4)білім жүйлігімен тізбекті байқайды.

5)ойланып оқуға дағдыланады;

6)білім алуға жоспар, тезис құруға машықтанады;

7)оқушының білім сапасын арттыруға жағдай туады;

Мониторингтің көмегімен оқушы білімді меңгеру деңгейін ғана емес, анықтайтын білім сапасын , дағды қалыптасқанын бақылауға болады.[29]

Білім мониторинг –көп деңгейлік жүйе .

1-деңгей- жеке дара және дербес , оны мұғалім жүзеге асырады.(сынып оқушыларының даму динамикасын белгілі бір бағытта белгілеу).

2-деңгей – мектепішілік.

Мұнда оқушы білімінің дамуын мекеменің әкімшілігі жүзеге асырады(сыныптардың даму динамикасын бақылау).Тоқсан , жарты жылдық , жыл бойында анықталған критерий бойынша бақылау.

3-деңгей . білім мекемелерінің даму динамикасын байқау.

Оқыту ісіндегі маңызды жұмыстардың бірі – оқушылардың пәндер бойынша алған білім деңгейлерін бақылау және тиісті дәрежеде бақылау.

Оқушының сабаққа тиянақты қатысып отыруы , өз оқуына жауапкершілікпен қарауы, алған теориялық білімін болашақта пайдалана білуі осы кезеңнің дұрыс өткізілуіне көп байланысты.

Рейтенгтік жүйеде сабақта орындаға әрбір тапсырмаларын ұпай арқылы бағалап отыру көзделеді. Бұл жүйе арқылы оқушының әр пән бойынша даму деңгейі мен бейім қабілетін ертерек байқауға мүмкіндік жасалады.

Рейтинг жүйесінің артықшылығы төмендегідей.

Оқушы қызметінде:

1)оқушыны жеке тұлға ретінде өз бетінше дамуы мен тәрбиесіне ықпал етеді;

2)пәндерді оқытуда ізгілендіру ұстанымына жәрдемдеседі;

3)оқу жұмысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастыру;

4)рейтинг бақылау қызметі тәрбилеуші , дамытушы, бақылаушы және басқарушы рөлін де атқара алады;

5)рейтингтік жүйе оқушылардың танымдық іс-әрекетіне тікелей саналы түрде әсер етуге мүмкіндік туғызады. Шәкірттің ақыл-ой әрекетінің сипаттамаларын, тапсырманы орындау тездігі , түсіну тереңдігі т.б. көрсететін жүйелі байланыс сапсы артады;

6)жұмыс нәтижесі мен өз мінез-құлқын дұрыс бақылап –бағалау дағдысын қалыптастырады;

7)ырықты зейінін тәрбиелеп , жетілдіруге ықпал етеді;

Мұғалімнің қызметінде:

1)оқушының оқуындағы кемшіліктерді анықтап , түзетудің әдістері мен тәсілдерін алдын –ала белгілі бір жүйеге келтіру мүмкіндігі бар ;

2)бақылау үлгілерін , бағалаудың қалыпты критерийін жасау;

3)оқу қызметін тиімді ұйымдастыру мен оған түзету жасау тәсілдерін меңгерту;

4)оқушының білім деңгейін бағалау мен анықтауда компьютермен жұмыс істеу дағдысын меңгеруі;

5)сыныптағы әр оқушы үшін жаңа көңіл-күй ахауалын қамтамасыз етуді жоғары деңгейде ұйымдастыру т.б. педагогикалық қызметтің орнығуына жағдай жасау;

Мониторинг пен рейтинг өзара тығыз байланысты . Мониторингсіз рейтинг , рейтингсіз мониторинг болуы мүмкін емес . Сондықтан аладымен рейтингтік жүйеге кеңірек тоқталып өтсек дейміз.

Рейтингтік жүйе әрбір оқушының дара қабілеттері мен мүмкіндіктерін нақты анықтап береді.Жыл бойына баға алмай қалған немесе қай тақырыпта көңілді көбіріек бөлу керек екендігін нақтылап көрсетіп тұратын білім көрсеткіші іспеттес кесте . Білім берудің мемлекеттік стандарт талаптарына сай оқыту нәтижелеріне қорытынды шығарғанда оқушы мен оқытушының іс-әрекетінде рейтинг бағаны пайдалану орынды.

Рейтинг көрсеткіші бағаланатын нысанның топтағы басқа осындай нысандарға қатысты реттік орнын сипаттайды.

Оқушының рейтингі оған қойылған барлық бағалардың жиынына тең шаманы көрсетеді.Оқытушының рейтингі оның қойған барлық бағаларының жиынына тең шаманы айтады.

Оқушылардың үлгерім деңгейіне қойылатын бағасы рейтинг әдісімен өлшенгенде мыналар ескеріледі:

-оқушылардың білімі мен білігі;

-орындалған жұмыстың көлемі мен саны;

-тексерілген жұмыстың маңыздылығы;

-тексерілген жұмыстың күрделілігі;

-босатылған сабақтың саны;

-сыныптағы және мектептегі тәрбиелік жұмыстарға қатысуы;

-олимпиадаға қатысуы.

Рейтингтік жүйенің ең басты ерекшелігі – шәкірттің сыныптағы сабақ кезеңдері , үйдегі іс-әрекетін толығымен қамтып, бүтін сандармен өрнектелетін балдар ретінде қойылып отырады . Олар оқу үрдісінің өң бойында нәтижесін көрсете алады.

Рейтинг жүйесінде оқушының оқу әрекетінің барлық түрлері бағаланады. Бұнда оқу үрдісіндегі және одан тыс оқу әрекетінің жинақтаған нәтижелері оқушының білім деңгейін сипаттайды .

Академик В.Беспалько оқушылардың білімді қабылдаудың кешенді құрылымын ұсынады:

1-деңгей : реппродуктивтті білімге сәйкес көмек беру арқылы есте сақтау.

2-деңгей : алгоритмдік деңгей бұл бағдарламадағы базалық білімге сәйкес;

3-деңгей :эвристикалық деңгей . Оқушылар материалды саналы түрде меңгереді, өз бетімен белсенділік көрсетеді.

4-деңгей :шығармашылық деңгей . Бұл деңгейде өз бетімен оқу материалын меңгерген оқушы шығармашылықпен жұмыс жасайды .

Рейтінг –тест жүйесін енгізу жолында баса көңіл аударатын мәселе тест сұрақтарының сапасы. Ол төмендегдей сипатта:

1)тест сұрақтары мен жауаптың нұсқаулары нақты қойылып мейлінше түсінікті болуы ;

2)сұрақ оқушының өз бетінше ойлауына жауаптарды салыстыра отырып , дұрысын табуына мүмкіндік беретіндей дәрежеде болғаны дұрыс ;

3)тест әзірлеуде сұрақтардың әр түрлі дәрежеде құрастырылуы және сұрақтарды жеңілге қарағанда жоғарырақ ұпаймен бағалау;

4)тест сұрақтарының ғылыми түрде жасалуы және тақырыпты толық қамтуы;

5)сұрақтардың оқушылардың теориялық мәселелерді білуімен қатар алған білімін іс-тәжірибесімен байланыстыра бейімділігн байқауы.

Кең өріс алып келе жатқан жаңалықтың бірі болып саналатын бұл әдіс оқушылардың тереңде тиянақты білім алуына жол ашады.

Жалпы білім беретін мектепті реформалау барысында шәкірттердің оқытудың нәтижелерін тексеру және бағалау жүйесін жетілдіру мәселелерін күн тәртібінен түскен жоқ . Осы тұрғыдан алған да оқыту нәтижелерін бағалаудың қазіргі тәртібін қайта қараған жөн. Рейтингтік жүйе оқушының тапсырманы жеке орындауын қатаң түрде талап етеді. Бұл дәстүрлі жүйеден гөрі оқушы біліміне әділ баға береді.

I-деңгей – Оқушының деңгейін , міндетті түрде фактілі білімдердің жалпы қорын жинақтау. Тақырыпты зерделеуде ережелердің , анықтамаларды білу , не үйрендің , не аласың?

II деңгей - алгоритмдік деңгей -өткен материалды ережелерді , анықтамаларды одан әрі ашып көрсете білу , тереңдетіп беру, есептер , ребустар , сөзжұмбақ тапсырмалар оқулықтың соңындағы тапсырмаларды беруге болады.

III деңгей – эвристикалық деңгей (танымдық іздену ) жаңа тақырып меңгерген білімдерін жетілдіріп , тереңдетумен қатар өзінше анализ ,салыстыру , анықтау , қорытындылау , проблемалық жағдайларды шешу.

IV деңгей - шығармашылық деңгей – оқулық тапсырмасынан тыс олимпиада , рефераттар , теорема дәлелдеу , мұғалімнің көмегінсіз жаңа заңдылықты қорытындылау , айқындау.(Қосымша № 4-5)[19].

2.1.Бастауыш сыныптардағы тіл сабақтарында деңгейлеп оқыту

технологиясын қолданып жүргізу жолдары.
Қазіргі заман талабы бойынша оқытудың басты мақсаты өздігінен білім алып дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан , біздің бастауыш сынып бірлестігі Ж.А.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын өз сабақтарында кеңінен қолданып жүрміз . Бұл технология оқушының білімдеңгейіне сәйкес жеңілден қиынға қарай оқытылады. Деңгейлеп оқыту төрт бөліктен тұратыны барлық ұстаздарға белгілі .

1. Оқушылық деңгей. Бұл міндетті деңгей боғандықтан барлық оқушы тапсырманы толық орындауы тиіс.

2. Алгоритмдік деңгей. Бұл деңгейде өтіп кеткен материалды талдап , бұрынғы тапсырмаларға ұқсас орындайды. Бірақ бұларды орындау үшін алған білімдерін түрлендіріп пайдалану керек.

3. Эвристикалық деңгей. Өз бетіндік жұмысты қалыптастыру мақсатында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген қарапайым білімдерін жетілдіріп тереңдетеді. Тағы жаңа білімдерін меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашады. Анализ бен синтез , салыстыру арқылы анықтау , қорытындылау. Бұл деңгейде ребус , сөзжұмбақ , анаграмма құрастыру , зертханалық жұмыс жүргізу , эвристикалық сұрақтар болуы қажет.

4. Шығармашылық деңгей. Бұл деңгейде берілген тақырыпқа өз бетімен реферат , баяндама , эссе , өлең , жұмбақ , жаңылтпаш құрастыра білу қажет .Біз сіздермен осы технологияны қазақ тілі пәнінде қалай қолданып жүргеніміз жайлы ой бөліссек деген оймен сіздерге ұсынып отырмыз.

Мысалы, 2- сыныпта өтілген «Жұрнақ пен жалғау » тақырыбында , білімді бекіту сабағында мынадай деңгейлік тапсырмалар берілді.



2- сынып бойынша .

1- деңгей тапсырмасы мынадай болды:

Жұмбақты көшіріп , қосымшалы сөздердің астын сыздырту.

Әрі шешен , әрі әнші , әрі күйші.

Әр үйде бар, тапқышым , кәне ,тапшы.



2- деңгей . Мақалды жатқа жаздыру , қарамен жазылған сөздердегі жұрнақ пен жалғауды тиіс белгілермен белгілету.

1.Өнерлінің өрісі кең.

2. Білімдіге дүние жарық .

Білімсіздің күні кәріп .



3- деңгей. Сөздердегі -шы, - ші, - лы , - лі, -ды, - ді жұрнақтарын жалғап жазып , 2-3 сөйлем құрастыру , түбір мен қосымшаны ажыратқызу.

Білім – білімді

Ән - әнші Ақыл – ақылшы

өнер - өнерлі Жұмыс – жұмысшы Қар – қарлы



Үлгі : Менің әнші болғым келеді.

4- деңгей. «Менің досым » тақырыбына шағын әңгіме жаздырып , қосымшалы сөздердің астын сыздырту.

3-сынып бойынша.

«Түбір мен қосымшаның жазылуы » тақырыбына мынандай деңгейлік тапсырма берілді.

1- деңгей. Көп нүктенің орнына - лар , - лер, -тар , - тер – дар , - дер жалғауының тиістісін қойып , сөздерді көшіріп жаз.

Балалар , өрмекшілер , достар , көбелектер , қыздар , гүлдер.



2- деңгей . Қосымшалы сөздердің түбірін , жұрнағын ,

жалғауын ажыратқызу.



Қосымшалы

Сөздер


Түбір

Жұрнақ

Жалғау


Оқушылар

оқу

Шы

лар

Әншілер

ән

Ші

лер

Ғарышкерге

ғарыш

Кер

ге

Асханада

ас

Хана

да



3- деңгей . Көп нүктенің орнына негізгі түбірді тауып жаздырту .

Осы сөздерді қатыстырып 3-4 құрап жаздырту.



Қақ –қағу , қағады , қағып.

  • жағу , жағып ,жағады.

  • шабу , шауып шабады.

- шөгу , шөгіп , шөгеді.

Үлгі : Асан атасына шөп шабуға көмектесті.

4- деңгей. «Қыс » тақырыбына бір шумақ өлең құрастыру немесе әңгіме жаздырту .

Әрбір тапсырманы кезеңдерге бөліп қарастырдық.


1-кезең. Ұйымдастырушы және үй тапсырмасын тексеру кезең.

Жаңа тақырыпты оқушыларға меңгеруге қажетті және оған негіз болатындай өткен тақырыптар бойынша еске түсіруге арналған төмендегі тапсырмаларға балалар үйден дайындалып келеді. Сондықтан оларды жаңа сабақтың алғашқы 2 минутты аралығында пысықтап үлгеруге мүмкіндік туады.

1.Мамандық иелерімен танысу.

Мамандық иелерінің аттарына сұрақ қою.

2.Сөз таптарын атау . Оларға қысқаша тоқталып өту.

Сөз таптары

Зат есім Сын есім Сан есім Етістік



  1. Зат есімдерге берілетін сұрақтар .

Кім ? Кімдер? Не ? Нелер?
2- кезең. Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау дағдысын

қалыптастыру кезеңі.

Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеруге жетілуші тапсырмаларды орындату. Бөлінген 8 – 10 минут уақыт өткен соң , мұғалім өзі балалармен бірге талқылап келесі 10 – 12 минутта сабақтың негізгі мақсатына жетеді

1.Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырату арқылы зат есіді табу.

2.Зат есімге жалғанған қосымша арқылы заттың біреуге тән екендігін ажырату.

А)Менің қаламым . Біздің қаламымыз.

Сенің қаламың Сендердің қаламдарың.

Сіздің қаламыңыз. Сіздердің қаламдарың.

Оның қаламы. Олардың қаламдары.

ә) Сөздерді берілген үлгі бойынша өзгертіп жазу.

Б) Сұрақ қою арқылы тәуелдеулі сөздерді табу.


3. Бекіту, қорытындылау.

А) Зат есімнің тәуелденуі дегеніміз не?

Ә) Дәптер сөзін тәуелдеу.

3- кезең. Оқушылармен кері байланыс жасау. Олардың алғаш алған білімдерін тексеру.

Деңгейлік тапсырмалар .

1-деңгей. (5- ұпай).

Жаңа тақырыпта кездескен негізгі ұғымдар үлгі бойынша берілген тапсырмаларды орындау. Оларға барлық оқушы міндетті жауап береді. Барлығы 5- ұпай жинап есептелінеді.Бағаларын алады. Егер оқушы осы деңгейден аса алмаса журналға «3» бағасын қойылады.

1.Зат есімнің тәуелденуі не?

2. Кітап сөзін тәуелдеу.

3. Өлеңді мәнерлеп оқып , тәуелді сөздерді табу

2- деңгей. (10 ұпай).

1- деңгейдегі алған білімдеріне негізделіп құралады. Дұрыс орындай алмаған 5- ұпай тағы 10 ұпай қосып , 15 ұпай жинайды. Келесі деңгейдің тапсырмаларына шамасы жетпесе журналға «4» қойылады. Олар :

-ым , - ім , - ымыз, - іміз.

- ың, - ің, - ыңыз, - іңіз.

- ы, - і, - ы , - і;

2 . Жекеше және көпше түрде тәуелденеді .

3. Зат есімнің жеке қасиеттері.

3-деңгей. (15 ұпай).

Бұл эвристикалық болғандықтан , оқушы тақырып бойынша негізгі қорытып , өз пікірін айта алатындай тапсырма болуы мүмкін . Дұрыс жауап бере алған оқушы 1 -2 деңгейден жинаған 15 ұпайға тағы ,15 ұпай қосып 30 ұпай жинайды . Жуналға «5»деген баға қойылады.

1.Сөз таптарының қай түрі тәуелденеді?

2.Бір сөзді қосымшалар арқылы тәуелдеп зат есімге айналдыру.



4- деңгей.

1.Зат есімнің тәуелденуін басқаша тұрғыда өзгерте алуы.

2. «Болашақ заманға саяхат» тақырыбына ой қозғау.

Сабақтың соңында әр оқушының жинаған ұпайлары есептеледі. Үйде әркім өзінің тоқтаған жерінен деңгейлік тапсырмаларды жалғастырып орындап келуге тапсырмалар алады. Тақырып бойынша қорытынды баға журналға келесі сабақтың басында қойылады.

Төртінші шығармашылық деңгейдің тапсырмалары негізінен мемлекеттік стандарттық міндетті деңгейінен жоғары болғандықтан , оның бағасы ерекше - бестен жоғары деп бағаланады. Бұл жерде : бірінші деңгейдің тапсырмалары мемлекеттік стандарттың міндетті ең минимальді қолсап көлемі болғандықтан , оны өте жақсы меңгерген кездің өзінде келесі деңгейдің тапсырмаларына шамасы келесе есептелуі немесе үздіксіздікпен бағаланады.


.

2.2.Бастауыш мектептегі қазақ тілі сабағын деңгейлеп

оқыту технологиясына сүйене жүргізудің мүмкіндіктері.
Оқушылардың жаңа тақырыпты өз беттерімен меңгерілуі үшін қолайлы әдіс – тәсіл : тапсырмаларды сұрақ – жауап , диолог түрінде беріп, оқушылардың танымдық іс - әрекетін дамытуға бағыт – бағдар беру. Бұл тапсырмалар негізінен жаңа тақырып бойынша заңдар мен ережелерді оқушылар өз бетімен шығаруға және анықтамаларды өздігінен құрастыруға жетелейді. Жаңа меңгерген тақырыптарды бекіту үшін қарапайым ойындар , схемалар , тіректермен жұмыс жасаған тиімді. Соңынан оқушылар жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы алғаш алған білімдерін тереңдетіп, бойындағы жеке қабілетін дамыта алады. Деңгейлік тапсырмаларға төмендегі талаптар қойылды.

Бірінші , оқулық деңгейдегі тапсырмалар :

-жаттап алуға лайықты болу керек ;

-жаңа тақырыпта меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап , пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс;

-тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы тиіс;



Екінші , алгоритмдік деңгейдегі тапсырмалар :

Өтіп кеткен материалды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар . Бұлар өзгертілген жағдайда тапсырмаларды талдап, бұрынғы тапсырмаларға ұқсас , бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалануын қажет ететіндей нұсқа беру.



Үшінші , эвристикалық деңегйдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару, анықтамалар , формулалар жаттау , т.с.с.) жетілдіріп, тереңдетумен қатар , ол тағы да жаңа білімді меңгеріп , ол үшін жаңалық ашуы тиіс : Эврика – анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау , қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай тапсырмаларды орындау барысында оқушылар үшін жаңа проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы өзі жаңа әдістер іздеуі керек.

Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары: берілген тақырыпта өз бетімен баяндама , реферат дайындау.

Сонымен қорыта айтқанда , бірінші деңгей үшін – игерілгенді пысықтау мен қайталауға , ережелер мен анықтамаларды , формулаларды жаттауға арналған. Жоғарғы деңгей үшін - алған білімдерін өз бетімегн тереңдетіп қорытуға , жүйелеуге және тәжірибеде қолдануға арналған тапсырмалар. Ж. Қараев технологиясы бойынша деңгейлік тапсырмалар:



Зат есім тақырыбына байланысты берілген тапсырмалар:

I-деңгей тапсырмасы .

1.Зат есім дегеніміз не?

2.Зат есім түрлерін ата.

3. Негізгі зат есім дегеніміз не?

4.Туынды зат есім дегеніміз не?
II- деңгей тапсырмасы .

1.Зат есімнің жалпы және жалқы есім түрлері бар. Мысал келтір.

2. 1.Мәтінді түсініп оқы .

2.Зат есімнің астын сыз.

Қайсысы жалпы есім, қайсысы жалқы есім екенін айт.

Ауылдағы үлгілі отбасының бірі – Омаровтар әулеті. Өйткені Омаров Әділ – озат жұмысшы . Балалары тәртіпті, сабақты жақсы оқиды. Үлкен ұлы Қазақстан Қарулы күштері қатарында адал қызмет атқарады.


3.Ребусты шеш.
III- деңгей тапсырмасы .

1. Қала атауы: Алматы, ................, .................,......................., .......................

2.Зат есімді тәуелде .

Мысалы: қарындаш., әке.



IV- деңгей тапсырмасы .

Өз қалаң немесе ауылың туралы эссе жаз


Осы деңгелік тапсырма бойынша үлгі нұсқа.

1- деңгейлік тапсырма .

1. Зат есім дегеніміз заттың атын білдіретін сөздерді айамыз. Зат есімдерге кім ? не? Кімдер ? нелер ? деген сұрақтар қойылады.

2. Зат есім түрлері: негізгі және туынды болып бөлінеді.

3.Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейміз.

Мысалы: ана , жер, көз.

4. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз. Мысалы: іскер, байлық, кезекші.


II- деңгей тапсырмасы.

1. Кісінің аты – жөні , жер – су аттары жан – жануарға қойылатын атаулар жалқы есім деп аталады.

Жалқы есім әр уақытта бас әріппен жазылады: Сәуле, Тараз, Ақтөс.

2. Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есімдер дейміз. Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады.: көген , қазына , өзен , аққу, оқытушы.

3. Ребус шешуі: оқулық.
III- деңгей тапсырмасы .

1.Қала атауы: Алматы , Тараз , Астана , Арқалық, Атырау.

2. Зат есімді тәуелде. Мысалы : қарындаш , әке.

I. Менің қарындашым, әкем.

II. Сенің қарындашың , әкең.

Сіздің қарындашыңыз, әкеңіз.

III. Оның қарындашы, әкесі.

I. Біздің қарындашымыз, әкеміз.

II. Сендердің қарындаштарың, әкелерің.

Сіздердің қарындаштарыңыз, әкелеріңіз.



  1. Олардың қарындаштары, әкелер.


IV- деңгей тапсырмасы .

Менің туған жерім.

Меің туып өскен жерім Тараз қаласы Байзақ ауданы Абай аулы . Мен ауылда оқып білім алдым . Біздің ауыл өте әдемі ,айнала қоршаған жасыл- желек , биік ағаштар мен бақтар. Сонымен қатар мұражай мен мәдениет үйі бар. Біз ол жерлерге мейрам, мерекелерде барып демалып қайтамыз.Өзімнің туып өскен жерім әр уақытта маған ыстық.


Етістік тақырыбына байланысты берілген деңгейлік тапсырма :

  1. деңгей тапсырмасы .

1. Етістік дегеніміз не?

2.Етістік түрлерін ата.

3.Дара , күрделі етістік дегеніміз не?



















4.Жұмбақтың шешуін тап.

1.Күн күледі,жер түледі.

2. Қалың киімді ұнатады,













Шешіндірсең жылатады.


II- деңгей тапсырмасы .

1. Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.

а) Жанында , бір мал, қораның, шөп, тұр.

ә)Малдан , шықты, тауық.

б)Ол , салыпты , ұя , маяға.

в)Жүсіп , маяның , шықты , үстіне,

г)Ол, алды, ұядан , жұмыртқа.

2. Көп нүктенің орнына тиісті зат есімдерді қойып, сөйлемді көшіріп жаз.

..............................кісінейді, ....................... мөңірейді, .................... ызыңдайды,



...........................үреді,......................қыңсылдайды,...................шықылықтайды.

3.Тірек сызбаны толтыр.



Ш-деңгей тапсырмасы .

1. Сөзжұмбақты шеш.

1. Ата – анаға қызының баласы кім болады?

2.Апан – апан ,ескі шапан.

Иір қобыз, жарық жұлдыз.

3.Иесі – сәби, өзі әрі төсек, әрі оған үй.

4. Қазақ халқы қыста жейтін етін не деп атайды.

5.Сұйық заттар құятын теріден жасалған ыдыс.

6.Жанұяға жаңадан мүше болып келген адам.

7.Тілі бар, үні жоқ,

Өзін адам түсінген .

Жүрегі бар да қаны жоқ,

Сөйлеп тұрған ішінен .


2. Жұмбақты шешіп , жаттап ал.

Жерде жатып желіндейді,

Күз түскенше желінбейді.

Үндеместен төлдеп жатыр ,

Су беріңдер шөлдеп жатыр.
























IV- деңгей тапсырмасы .

Суретке қара. Сурет бойынша сөйлем құрастыр.



«Әжейдің шеберлігі».

.........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

.....................................................................................................................................


Сын есім тақырыбына байланысты берілген деңгейлік тапсырма:


  1. деңгей тапсырмасы .

1. Сын есім дегеніміз не?

2.Мысал келтір.

3.Көп нүктенің орнына тиісті сын есімді қойып жаз.

…………… бәтеңке , ……… тон, ……………сай, ………….айран, …….шие, ……….. көше.



Керекті сөздер: қалың , жылы, ащы, терең, кең, тәтті.

4. Мақалды жатқа жаз.

1.Жақсы адам – елдің ырысы,

Жақсы жер – жанның тынысы.

2.Адам адамның аты арып , тоны тозбас.

1. Сын есімді тауып , оның қай сөзбен байланысып тұрғаныны сызбамен көрсет.



II-деңгей тапсырмасы .

1.Бір зат есімге қатысты бірнеше сын есім тауып жаз.

Мысалы : тақтай , көше , жылқы , кесе.

Үлгі : жалпақ

қалың тақтай

тегіс


2. 1Жұмбақты оқы , шешуін тап.

2.Сын есімнің астын ирек сызықпен, зат есімді түзу сызық сыз.

Үстіне тігін көк шатыр ,

Астында қызғылт дәу жатыр.

























3.Сөзжұмбақты шеш.

1.Зат атауы.

2.Кітап қандай?

3.Сенім синонимі.

4………………. ертеңі бітпес.

5.Өзен аты.

6. Бір аптада неше күн бар.

7.Қазақтың қос жұлдызы.


III-деңгей тапсырмасы.

Сын есім Зат есім.

Жазық,арық, биік аспан, түйе, дала,

Ашық, бойшаң,қысқа , қымыз, қыз, сорпа ,

Ащы, дәмді, сұр , жуас жіп, қой, тау, қоян.

Сын есімдерді тиісті зат есімдермен тіркестіріп көшіріп жаз.

2.Жаңылтпашты жатқа жаз.

Үшкір тұмсық ,

Сұр шымшық .

Сордан ұшты,

Құрт шымшып.

1.Сын есімдердің астын ирек сызықпен сыз.

2.Олар заттың қандай белгісін білдіріп тұр?
IV-деңгей тапсырмасы .

Ормандағы жан – жануарлар туралы қысқаша әңгіме жаз.

(олардың түсін , түрін сипатта).

Мысалы мына тақырыпта «Ормандағы айлакер түлкі.»


Сан есім тақырыбына байланысты берілген деңгейлік тапсырмалар:

  1. деңгей тапсырмасы .

1.Сан есім денегіміз не?

2. Мысал келтір.

3. Сөйлемді көшіріп жаз.Сан есімнің астын сыз . Оларға сұрақ қой.

Біз үшінші сыныпта оқимыз.Сыныпта жиырма бес оқушы бар.

Әр партада екі оқушы отырады. Мен екінші қатарда, бірінші

партада отырамын.

4. Сан есімдерге –ыншы , -інші жұрнағының тиістісін жалға . Сонда оларға қандай сұрақ қойылады.Сөздерді қатыстырп сөйлем құра .

Үш күн, екі үй, алты бала, жеті ата ,тоғыз пәтер.

Үлгі :үш күн – үшінші күн.


II-деңгей тапсырмасы .

1. Санды сөзбен жаз.Оларды қатыстырып сөйлем құра.

5 , 6, 7 , 10, 20, 90.

18, 23, 54, 66, 77.



Үлгі :Мен бесінші сыныпта оқимын .

2.Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып көшіріп жаз. Сан есімдердің астын сыз.

Асқар ………….. жаста. Ол ……………..сыныпта оқиды. Ағасы оған үнтаспа сыйлады.. Үнтаспа ……………..теңге тұрады. .Асқардың ағасы шопан. Ол …………….рет бәйге алды.

*Сан есімлерді тап.Олардың астын сыз.

*Шопан, бәйге сөздернің мағынасын түсіндір.

3.Мақалды жатқа жаз.

*Ер бір рет өледі. * Қырық кісі бір жақ

Қорқақ мың рет өледі. Қыңыр кісі бір жақ.

1.Сан есімді тап .

2.Мақалдың мағынасын ауызша түсіндір



  1. 3. Қыңыр деген сөздің мағынасын түсіндір.


III- деңгейлік тапсырма .

1.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, көшіріп жаз.

Неше ? Қанша ? Нешеу?

Бір біреу

........... ..............



Керекті сөздер:

екі , үш, төрт , алты , жеті, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу.

2. Кел , ойнайық!

Шифр : «е»- екі сөзінің бірінші әрпі , демек

Мысалы : e= 2 -1 (екі) ж =7 -1(жеті) i= 8-4 (сегіз) б = 5 – 1(бес)

Тапсырма:

2-2 7-4 3-2 7-4 5-1 6-1 6-2 6-1 10-2

9-4 1000-3 ұя 4-1 30-3 10-2 13-3 6-2 2-2

2-1 10-2 5-1 6-1 6-2 6-1 6-2 2-2 4-2

30-2 5-2 20-4 5-2 20-4.
*Ребусты шешсең , мақал сөз шығады.

...............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................



IV-деңгей.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет