Тыңдаушыларға латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін насихаттау, іс-тәжірибе барысында қолдана алуға үйрету;
Түрлі тапсырмалар арқылы латын графикасында жазу, оқу дағдыларын қалыптастыру;
Сөздік қорларын дамыту.
1-слайд Кіріспе сөз. Сәлемдесу. Үйірменің мақсатын, міндетін түсіндіру.
Слайд 2-4 Қазақ жазуының тарихы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден ,қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп,байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді.
1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып,кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. «Қазақ КСР-нің тіл туралы заңы»1989 ж 22 қыркүйекте қабылданды. Кейін Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет болуына байланысты 1993жылы 28 қаңтарда және 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Жаңа Конституциясында қазақ тілі- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітілді. Осыған сәйкес 1997 жылым 11 шілдеде ҚР-ның «Тіл туралы заңы» қабылданып,оның 4-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі» екені жазылған.
Ал, бүгінгі компьютер заманында интернет жүйесінде үстемдік ететін латын әліпбиі екенін мойындауымыз керек. Бәріміздің электрондық поштамыз бар, астымыздағы көлігіміз, куәлігіміз бен паспортымызда латын әліпбиі тұр. Латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымыз: