1-сурет. Өсімдік ұлпалары.
1. Сабақ ұшындағы түзуші ұлпа.
2. Ағаш қабығындағы жабын ұлпа.
3. Жапырақ жұмсағындағы негізгі (фотосинтездеуші) ұлпа.
4. Өсімдік сабағындағы өткізгіш ұлпа (түтікше жасушалары көрсетілген).
Фотосинтездеуші
ұлпа
жасушаларының
қабығы
жұқа,
жасушааралықтары
кең,
хлоропластары көп болады. Хлоропластары бір-біріне кедергі жасамайтындай белгілі ретпен
орналасады. Бұл ұлпада өсімдікті органикалық заттар және энергиямен қамтамасыз ететін
фотосинтез реакциясы жүреді. Қор жинаушы ұлпалар өсімдік сабағында, пиязшығында,
жапырағында, жемтамырында, тамырсабақта кездеседі. Қор жинаушы ұлпада нәруыздар,
көмірсулар, майлар және т.б. артығы қорға жиналады. Энергияға бай қосылыстар өсу кезінде
қорға жиналып, өсімдіктің өсуі мен дамуына жұмсалады.
Су жинаушы ұлпаның жасушаларының қабығы қалың, ірі болады. Вакуолінде желімтек,
созылғыш заттар бар, ол ылғалды сақтап тұрады. Су жинаушы ұлпа шырынды (кактус,
бозкілем, семізот, алоэ, агава) және сортаң (тұзы көп) жерде өсетін өсімдіктерде (сораң,
сарсазан) болады. Алоэ суды шырынды жапырағына, кактус өркеніне (сабағына) жинайды.
Жасушалар арасындағы кеңістіктер ауаға толы болады. Іші ауаға толы жасушалар әсіресе
сулы және батпақты жерде өсетін өсімдіктерде кездеседі. Олар ұлпаларды оттегімен
қамтамасыз етеді. Су өсімдіктерінің жапырақтарын көмірқышқыл газымен байытып, суда
қалқуын жеңілдетеді.
Достарыңызбен бөлісу: