І тарау. Салық жүйесіндегі жанама салықтардың мәні мен ролі Жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні Қосылған құн салығының қызмет ету негізі Дамыған елдердегі жанама салық салу жүйесі ІІ тарау


ІІ тарау. ҚҚС төлеу тәртібі мен есептеу әдісі



бет3/4
Дата31.01.2018
өлшемі0,77 Mb.
#36438
1   2   3   4

ІІ тарау. ҚҚС төлеу тәртібі мен есептеу әдісі

2.1 Қазақстан республикасының бюджетіне ҚҚС түсімдерінің жағдайына талдау
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымындағы №209-ІІ “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Салық кодексіне сәйкес барлық салық төлеушілер үшін қосылған құн салығының мөлшері 16% құраған, ал 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚҚС мөлшері 15%-ке төмендеді.

Мемлекеттік бюджеттің мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасының заң нормаларына сәйкес республикалық бюджетке қосылған құн салығының бір қалыпқа түсуін қамтамасыз ету мақсатында екінші жарты жылдыққы қосылған құн салығын әкімшілендірудің ерекше тәртібі қарастырылды:

1. Барлық қосымша құн салығын төлеушілер салық органдарына тауарлық-материалдық запастар мен негізгі құралдардың қалдығы туралы қосылған құн салығы бойынша декларациясын бір мезгілде тапсыруы керек. Сонымен қатар 20%-тік және 10%-тік ставкамен қалыптасқан қосымша құн салығынан артық соманы өндірістік қажеттіліктер үшін тауарлы-материалдық құндылықтардың қалдығын қолдану мен өткізу шамасына қарай қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер шотына есептелінеді. Қалдықтарды өткізу кезінде қосылған салық 15% ставкамен есептелінеді.

Салық төлеушінің ұсынған мәліметтері негізінде салық органдары өткізілген тауарлары бойынша ҚҚС төлеудің толықтығына бақылау жүргізіледі. Есепке алуға жатқызылған 1-наурызындағы жағдайға байланысты қосылған құн салығы артық салық төлеушілер ай сайын декларациясымен бірге салық органдарына тіркелгені туралы, материалдық қалдықтарын қолдану туралы артық есептелінген қосымша құн салығы бойынша есеп береді.

Қосылған құн салығын қайтару бойынша бюджеттік борыштың елеулі өсуін болдырмау мақстаында 2003 жылдың 2-ші жартысында нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығын өтеу мерзімі 90 күнге дейін белгіленген.

Қазақстан Республикасы салық заңдылығы жер қойнауын пайдалану мәмілелеріне белгіленген салық режимінің тұрақтылығын кепілдендіргендіктен жер қойнауын пайдаланушылар үшін қосылған құн салығын 15%-тік ставкамен төлеу жағдайлары қарастырылады, демек жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды өткізу мен импорттауды жүзеге асыруда мәміленің салық режимін тараптардың келісуімен нақытылағанға дейін қосымша құн салығы 15% мөлшерде қолданылады. Жер қойнауын пайдаланушылар аталмыш мөлшерде қосылған құн салығын қолдануға мүдделі болатындықтан құзырлы мәміленің жекелеген жағдайларын нақтылау туралы ұсыныс жасауы қажет. Сонымен бірге жер қойнауын пайдаланушылар салық режимін өзгертумен байланысты бюджет алдындағы өзінің міндеттемелерін қайта есептеуін қаржылық санкциялары қолданусыз оған өзгертулер енгізгенге дейін қайта есептеулер жасата алады.

“Тағайындау елі” принципі әлемдік саудада жалпыға ортақ болып табылады. Ресей Федерациясымен өзара саудада “тағайындау елі” принципі бойынша қосылған құн салығын алуға көшу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қосылған құн салығының 15%-ке төмендеуі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы сыртқы сауда айналымының өсуіне әсер етуі керек. Осы келісімнің нормаларын дұрыс сақтаған кезде қазақстандық сатып алушылар үшін Қазақстандағы Ресейлік тауарлар бағасы 4%-ке төмендейді.

“Нөлдік” ставканы қолдану бюджеттен қосылған құн салығы өтеуді білдіреді. Қазақстанда қосылған құн салығын өтеу мерзімі жаңа Салық кодексі бойынша 60 күн.

Ресейлік заңдылықтардың өзгешеліктері бар. Алдын ала төлемсіз тауарларды тиеп түсіруде экспортты кедендік құжаттарда көрсету күнінен бастап 181-ші күн өткізу күні болып танылады. Осыған байланысты ресейлік жабдықтаушылар үшін қайтару мерзімі іс жүзінде тоғыз ай болуы мүмкін. Бұл жағдай ресейлік жабдықтаушылар жөнелту бағасын ҚҚС сомасына кемітпеуіне, бағаның бұрыңғы деңгейде сақталуына әсер етуі мүмкін. Осындай жағдай Қазақстанға қойылатын ресейлік тауарлардың әрекет етуші бағасы ҚҚС сомасына азайтылмағандықтан, де-факто Қазақстанға қойылатын ресейлік тауарларға қосылған құн салығын екі рет алынуына әкелуі мүмкін, сондықтан ұқсас тауарларды қоюдың балама көздерін иелену орынды.

Қазақстан Ресупбликасына Ресейлік тауарларды енгізгенде ҚҚС 15%-тік ставкамен алынатындықтан осы тауарлардың Қазақстандағы құны Ресейге қарағанда төмен. Ставкалардың төмендеуінің арқасында 2001 жылдан бастап Қазақстан Ресупубликасы аумағына енгізілетін тауарлардан алынатын түсімдердің өсуі байқалады, “тағайындалу елі” қағидасын қолдану кедендік шекара арқылы тауарлар қозғалысына бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Ресейге тауарларды экспорттауға “нөлдік” ставканы қолдану және ҚҚС кезекті қайтару Қазақстандық салық төлеушілерден Ресей Федерациясына нақты экспортты құжаттық растауды қажет етеді.

Осы мақсатта Қазақстанның экспорттаушылары салық органдарына экспортталатын тауарларды қоюға келісім-шартты, экспорт режимінде толтырылған мемлекеттік салық декларациялары Қазақстан Республикасы шекарасына өту орынында кеедендік органдардың тауарларға ілестірме құжаттарға қойған белгісімен, Ресей федерациясының импорттық режименде толтырылған мемлекеттік кедендік декларациясының көшірмесін ұсынуға міндетті. Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы салық және кеден орагндарымен тауардың экспорты мен импортын өзара растау бойынша ақпараттар алмасу ұйымдастырылады.

“Тағайындаушы ел” қағидасы бойынша Ресей мен Қазақстан арасында өзара саудада мұнай мен табиғи газды өткізуге таратылмайтынын естен шығармау керек.

ҚҚС-тың ортақ ставкасын енгізу тұтастай алғанда материалдық-техникалық ресурстарды сатып алу шығындарын азайтуға әкеледі, себебі бұрын 20%-тік ҚҚС-пен алынған тауарлар енді 15%-тік ставвкамен алынады. Осыны ескере отырып, ауылшаруашылық өнімдеріне ҚҚС ставкасының 15%-ке дейін өсуі қосылған құн салығын жеңілдету арқылы ауылшаруашылық өнімдерін іс жүзінде жасырын дотациялаудың артуына әкеледі. Яғни 10%-тік ставкадан 15%-ке өту ҚҚС ставкалары арасында айырмаға жөнелту бағасын өсірудің еш қажеті жоқ, себебі ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге салық бойынша 80%-тік жеңілдік ұсынылып отыр.

Ауылшаруашылық қайта өңлеуші кәсіпорындарға қатысты ҚҚС-тің әтүрлі ставкаларының кері әсері жойылады. Қазір ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерден өнімдерді ҚҚС-тің 10%-тік ставкамен сатып алып, есепеке алуға құқығы иеленеді. Соынмен қатар, қайта өңдеушілердің айналымы жалпыға ортақ ставкамен алынады, яғни олар үшін жеңілдікті болып келген салық жүктемесі басқалар үшін қосымша болып табылады. Сонымен отақ ставканы енгізумен аграрлық өнімді қайта өңдуші кәсіпорындар үшін қосылған құн салығын есептегі қиыншылықтар мәселесі шешіледі. Ол кәсіпорынның шауруашылық іс-әрекетінің көрсеткіштерін (рентабелдік таза табыс) жақсаруына әсер етеді.

“Нөлдік” ставканы қолдану бюджет есебінен ҚҚС қайтаруды туындайды. Мұндай қайтару, қайтарылуға ұсынылған қосылған құн салығының сомасының шынайлығын міндетті құжаттық тексеруді талап еетеін әрекет етуші заңдарға сәйкес жүзеге асады. Сондай-ақ, қайтару схемасы қосылған құн салығы және басқада салық түрлері бойынша ағымдық міндеттемелерді өтеу есебіне қосылған құн салығын есепке алу жүйесін ұйғарады.

2001 жылда жаңа Салық кодексін енгізумен байланысты ішкі өндіріс тауарлары бойынша қосылған құн салығынан түсімдердің өскені байқалады. Бұл экономика секторларының жандануымен сипатталып, шағын және орта бизнес аясында көптеген кәсіпорындардың құрылуы қосылған құн салығын алудың артуына әсер етті. Өткір тербелістер шағын кәсіпкерлік субъектілері қосылған құн салығы тоқсанына бір реттөлеуімен, ал өткізу бойынша айналым шегінің 10000 еселінген ЕАК шамасынан аспайтындығымен байланысты. Сондай-ақ, 2001 жылдан бастап салық органдарының бақылау-экономикалық қызметі де едәуір жақсарған. Бұның бәрі салықтардың жинақталуының артуы мен әкімшіліктендірілуін жақстарудағы қабылданған шаралардың тиімділігін, қосылған құн салығы ставкасының төмендеуі, сондай-ақ республиканың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсуінің оң бетбұрыстарын білдіреді.

Қазақстан Республикасы аумағына енгізілген тауарларына қосылған құн салығы 2001 жылға импортталатын тауарларға қосылған құн салығы бойынша түсімдер болжамы 72231 млн. теңге сомасында болса, 103% орындалып, бюджетке нақты түсім 74428 млн. теңгені құрады.

Қазақстан Республикасы аумағында енгізілетін тауарларға қосылған құн салығынан түсетін түсімдерді өткен жылдармен салыстыру бойынша серпінін салыстырмалы талдау тұтастай алғанда түсімдердің өскенін байқауға болады.



2.2 ҚҚС құрылу ерекшелігі мен есептеу тәртібі

Қазіргі күні бүкіл әлемде ең кең тараған жанама салықтың түрі — қосымша құн салығы. Қазақстанда қосымша құн салығы ТМД елдері мүшелерінің өкіметтері арасында келісілген салық саясатының қағидалары туралы келісім-шартқа сәйкес енгізілген.

1991 жылы ҚҚС енгізілген сәттен бастап салық жүйесіндегі бұл салық түрі көптеген өзгерістер мен толықтыруларға ұшырады.

Алғашқыда салық 28% мөлшерінде белгіленген еді. Бірақ нарықтар тауар массасы жетіспеушілігінен, бағаның өсуінен, сол кездегі инфляцияның өсуі есебенен бұл ставка жоғары болған. Соған байланысты салық мөлшері 20%-ке дейін төмендеді, ал тұтыну тауарларына — 10%-ке дейін төмендетілген еді.

Қазақстан Республикасының салық заңдылығына ҚҚС енгізумен бірге, бұл ҚҚС регрессивтілігі туралы пікірлер пайда бола бастаған, өйткені ҚҚС көп жағдайда орта бизнес пен жағдайлары төмендердің жағдайына әсер етеді. Бұл салықтың регрессивтілігі мынада көрінеді. Кіші табысы бар тауар тұтынушылары өз табысының көп бөлігін салыққа төлеген, ал көп табысты адамдар одан аз төлеп отырған. Сондықтанда бұл салықтың регрессивті жағын төмендету үшін мемлекет келесі қадамды жасады – тұрмысқа ең керек тауарлардың салық мөлшерін төмендетті, оның қатарында азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектер бар.

ҚҚС енгізуде оны жинаудың тәртібі толық өңделмеген еді, соның нәтижесінде төлеушілердің ғана емес, қазыналық ұйымдардың да жұмысы күрделене түсті. Мысалы ретінде салық төлеушіні есепке алу тәртібін қарастырып көрелік.

Тауарлар мен өнімдерді алушының бюджет жарнасына жатқызылуға тиіс салық сомасын анықтау кезінде, негізгі құралдарды қоса алғанда, алынған тауарлар, қызметтер көрсетудер салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, сондай-ақ, егер қосылған құн салығының төлеушісі болса және тауарлардың импорттары бойынша бюджетке төлеген болса, олар үшін төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.

Бюджетке төленуге тиісті ҚҚС сомасын анықтауда әлемдік тәжірибеде екі кең тараған әдіс қолданылады:



  1. тұра (бухгалтерлік) әдістің мәні ҚҚС-ті келесідей формула бойынша есептеуде:

ҚҚС=СхҚҚ;

мұндағы С – салық ставкасы;

ҚҚ - қосылған құн.


  1. жанама (барабарлық) әдіс шот-фактура арқылы келесідей формуламен анықталады:

ҚҚС=СБ-СТ

мұндағы С – салық ставкасы;

Б - өткізу бағасы;

Т - тұтынлған туарлардың құны.


Нәтижесінде, қабылданған ҚҚС-ті есепетудің оңайтылған тәртібі қосылған құн шамасын алдын-ала есептеуге негізделген қиын тәртіп нәтижелері бірдей десек саяды.

1995 жылдың шілдесіне дейін Қазақстанда кәсіпорын табыстарына тікелей байланысты ҚҚС-ті төлеу түрі қолданылған. Алынған ресурстар бойынша төленген салық сомасы өзіндік құн (шығындар) құрамында есептелінген, осыдан салық сомасының жинақталуы болған. Сондықтан да ҚҚС алу моделі кумулятивті сипатта болды. Салық салу саласындағы мамандар ҚҚС-ті есепетудің аталмыш әдісі жанама салықтар сияқты тұтынуға салынатын салық емес, табыстарға салынатын салық түріне ие болуда. Қазақстандық ҚҚС-тің бұндай үлеспеушілігі қазақстандық тауарлардың бәсеке жарамдылығын төмендетті және республикасына инвестициялардың ағымын бәсеңдетті.

Қазіргі кезде ҚР-нда ҚҚС-ті есепетудің барабарлық әдісі қолдануда (әлемдік тәжірибеде – салықтық несие әдісі). Осы әдістің мәні келесіде: өткізілген өнімге қатысты есепетлінген салық сомасы бюджетке түгелдей емес, салықтардың “кіргізілген” шама мен “шығарылған” шамасының айырмасын төле қағидасы негізінде жатыр. Басқаша айтқанда, есепеке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы салық салынатын айналымның жалпы айналым сомасындағы үлес салмағына қарай анықталынады.

Салық кодексіне енгізілген “тіркелу шегінің” ерекше мәні бар, осыған сәйкес ҚҚС төлеушілердің арасынан жылдық айналымы 10000 еселінген ЕАК-тен аз болған кәсіпкерлер шығарылады. Бұндай шара салықтық әкімшіктендіруді ыңғайлата түседі және салықтық шот-фактуралардың қозғалысына кедергі жасамайды.

Салық кодексінің 208-210 баптарында қосылған құн салығы бойынша есепке тұру мен есепетен шығу тәртіптері көрсетілген. Осымен қатар, 2002 жылдың 1 қаңтарына дейін салық органдарында тіркелген салық төлеушілері 2002 жылдың ақпан айына дейін ҚҚС бойынша есепке алу туралы өтініш өткізуі тиіс.

Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, Салық кодексінде тауарлардың (қызметтер, жұмыстар) “өткізу орнына” анықтама берілген. Бұл анықтаманың енгізілуі жұмыстар мен қызметтерге салық салу тәртібін өзгертті. Осы жәйт 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыстар мен қызметтердің өткізу орны ҚР болмаса, Қазақстан Республикасында ҚҚС-тің төлеушісі болмайды. Бірақ-та, резидент емес ҚҚС-ті төлеу тәртібі сақталынған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының салықтық заңдалағында ғ37 “ҚҚС есептеу және төлеу тәртібі туралы” нұсқаулықтан алынған өзгертулер толықтыруларды ескере отырып, салық салынатын айналым мөлшерін анықтау тәртібі әр салаға қатысты (тасымалдау, құрылыс, туризм және т.с.с.) бөлек-бөлек көрсетілген. ҚҚС есепке жатқызу тәртібі нақтыланған және экспорт бойынша “нөлдік ставкасын” қолдану реттелген, сонымен қатар импортталатын тауарларға салынатын ҚҚС төлеу ерекшеліктері нақтыланған.

Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасы салық салынатын айналым бойынша есептелінген ҚҚС сомасы мен есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.

Салық салынатын импорт бойынша қосылған құн салығының ставкасы салық салынатын импорт мөлшерінің 15%. Жеке тұлғалар оңайтылған тәртіппен өткізетін тауарлар импорты кезінде ҚҚС жиынтық кедендік төлем құрамында төлей алады, оның мөлшері Қазақстан Республикасының кеден заңдалақтарына сәйкес айқындалады.

Қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік ай болып табылады. Егер алдыңғы тоқсан үшін бюджетке төленуге тиіс ҚҚС отраша айлық сомасы 10000 ЕАК кем болса, онда салық кезеңі тоқсан болып табылады. Ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимінің күші қолданылатын қызметтіжүзеге асырудан бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі салық жала болып табылады.

ҚҚС төлеуші әрбір салық кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етуге міндетті.

Декларациямен қоса салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар бойынша шот-фактуралардың тізілімі табыс етіледі. Шот-фактуралар тізілімінің нысаны уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Салық органдары импротталатын тауарлар өнеркәсіптік ұқсатуға арналған және су, газ, электр қуаты импортталатын тауарлар болып табылған жағдайларда импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгертеді.

ҚҚС төлеу мерзімін өзгерту өсімпұл есептелмей, кеден органы кедендік жүк декларациясын қабылдаған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге жасалады. Мерзімді өзгерту мына құжаттар негізінде жасалады: уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша өтініш; тауарларды беруге арналған шарттың (келісім-шарттың) көшірмесі. Төлеу мерзімін өзгертуге құқығын растау үшін салық органдары ҚҚС төлеушінің өндірістік қуаттарын және үй-жайларын тексеріп қарауға құқылы.

Уәкілетті мемлекеттік орган өнекәсіптік ұқсату үшін үнемі импорт бойынша тауарларды алып тұратын ҚҚС төлеушілерге, ҚҚС өзгертілген мерзімдер бойынша төлеткізе отырып, тауарларды кедендік рәсімдеуді жүзеге асыруы үшін күнтізбелік жыл ішінде қолданылатын рұқсат береді.

Салық органдары импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту туралы шешімді ҚҚС төлеушілен өтініш пен белгіленген растау құжаттарын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.

ҚҚС жабдықтың, ауылшаруашылық техникасының, автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамының, тікуұшақтар мен ұшақтардың, теміржол локомотивтері мен вагондардың, өзінің өндірістік мұқтажы үшін әкелінетін қосалқы бөлшектердің импорты бойынша белгіленген тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төленеді.

ҚҚС төлеуші кеден органдарына ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесін, сондай-ақ ҚҚС бойынша декларацияда тауарлардың импорты бойынша төленуге тиіс ҚҚС сомасын көрсету жөніндегі міндеттемені табыс етеді. Міндеттеме негізінде тауарларды еркін айналысқа шығару – белгіленген тәртіппен кеден төлемдерін, ал акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді де төлеген жағдайда, ҚҚС іс жүзінде төленбей жүргізіледі.

Нақты түскен тауарлар, соның ішінде импотталатын тауарлар бойынша төленуге тиісті қосылған құн салығының есебіне жатқызылатындардың негізделуі өте маңызды болып табылуда.

Осыда жеткізілу құнында ҚҚС-тің барын растайтын құжаттарды тексеру қажет. Шетелден әкелінген импортталатын тауарлар бойынша ҚР бюджетіне кедендік рәсімдеу кезінде төленген ҚҚС ғана есепке алынады.

ҚҚС төлеуден босатылған сатып алынған тауарлар бойынша қосылған құн салық сомалары есепке алынбайды. Бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығы салынатын айналым мақсаттарыда пайдаланылмаған тауарлар, негізгі құралдарыды қоса алғанда, тауарлар бүлінген, жоғалған жағдайда есептен шығарылып тасталуға тиіс.

Тауарлар бойынша күмәнді міндеттеме сомасын табысқа енгізген кезде осындай тауарлар бойынша бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы, ол есепке жатқызылған кезден бастап үш жыл өткен соң есептен шығарылып тасталуға тиіс.

Егер қосылған құн салығы шығарылып тасталғаннан кейін ҚҚС төлеуші тауарлар үшін ақы төлеген жағдайда, осы аталған тауарлар бойынша салық сомасы сол ақы төленген салық кезеңіндегі есепте қалпына келтіріледі.

Қосылған құн салығын өнім беруші-төлеуші банкрот деп танылған жағдайда, бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомаларын есптен шығарып тастау банкрот деп танылған ҚҚС өнім беруші-төлеушіні заңды тұлғалардың мемлекеттік тізілімінен алып тастау туралы әділет органдарының шешімі шығарылған салық кезеңінде жүргізіледі.

Салық салынбайтын айналымдар мақсаттары үшін пайдаланылатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы есепке жатқызылмайды.

Салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар болған кезде ҚҚС төлеушінің таңдауы бойынша барабарлық немесе бөлек есепету әдісімен анықталған қосылған құн салығының сомасы еспке жатқызылады. Таңдап алынған ҚҚС есептеу әдісі күнтізбелік жыл ішінде өзгермеуі керек. Есепке жатқызылмайтын қосылған қн салығы салық салынатын табысты анықтау кезінде Салық кодексінде белгіленген тәртіппен шегерімге жатқызылады.



2.3 ҚҚС шаруашылық субъектілердің экономикалы әреекетіне әсері

ҚҚС-ғы іскерлік белсенділікке әсер етпейді және өндіріс шығындарын арттырмайды деген кең тараған пікірдің негізінде нарық шартында бағаның шексіз өсуі туралы теріс мәлімет жатыр. Өндірістің құлдырауы, кәсіпорынның және халықтың төлем қабілеттілігінің төмендеуі сұранысқа қатаң шектеулер қояды. Бағаны өсіру мүмкінділігі болмағандықтан өндіруші ҚҚС өз пайдасынан төлеуге мәжбүр, ал бұл өндірісті тоқырауға әкелетін қосымша фактор болып табылады.

Бұл жағдайда мемлекетте, ҚҚС салынатын тауарларды өндіруші кәсіпорында өз табысын кемітеді: керісінше, қандайда бір өнімнің ҚҚС төмендету нәтижесінде арзандуы, әдетте, тұтынуды күшейтеді. Міне соның нәтижесінде, ҚҚС жоғары ставкасы тұтынудың қысқаруына және кәсіпорындардың шығындар болуына әкеледі, ал бұл біздің экономикамыз үшін теріс әсер етеді.

Жанама салықтар жүйесін құрауда елдің экономикалық даму ерекшеліктермен салық жүйесінің ерекшелігін еске алу қажет, атап айтқанда келесілер:



  • Өнеркәсіпке салынатын салымдардың өтелу мерзімінен өндірістің циклдің ұзаққа созылуына саяси және инфляциялық факторлар көз қарасынан алғанда үлкен қатер тудырады. Соның нәтижесінде бос ақша қаражаттары бар қаржы және сауда құрылымдарының өндіріске ақша салғысы келмейді және өнекәсіптегі қаржының сауда-қаржы саласына құйылады;

  • Өнеркәсіптік салаға бос қаржы ресурстарының жетіспеушілігі кәсіпорындардың өзара төлемсіздік күйреуіне әкеледі;

  • Өнеркәсіп орындардың кірісі төмен деңгейде болғандықтан жалақысы да төмен болып мамандандырылған кадрлердің жұмыстан кетуіне әкеледі.

Қазіргі кезде қосымша құн салығын есептеу механизмі кәсіпкерлердің шаруашалық қызметіне әсер етуі мүмкін. Өнімнің немесе тауардың тауар өндіруші мен сатушылар арқылы өтуде оның қосылған құны да өсіп отырады, ал бұл өндіріс цикілінің әр-бір мүшесін салық төлеуге мәжбүрлейді. ҚҚС өтеу механизмі айналым қаражаттарының айналымының жалдамдығына тиімді қызмет ете бастайды, сондықтан қосылған құнға төленген салыққа кеткен қаражаттың қайтымын қамтамасыз етеді.

Дегенмен, кәсіпкерлердің қызмет етіп отырған қалыптасқан шарттарды аталған айналым принципін толық мүмкіндігін қолдануға мүмкіндік бермей отыр. Сондықтан ҚҚС басқа әдістерін қолдану жиі кездеседі. Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің басқа да негізгі көрсеткіштері мен ҚҚС өзара әрекеттесуінің бірнеше жай мысалдарын қарастырып өтелік. Мысалы үшін А кәсіпорыны басқа ұйымға ешқандай материалдық шығынсыз қызмет көрсетті және шартты түрде 1200 бірлік көлемінде түсім алды.

1. Кіріс 1000

2. ҚҚС 200

3. Салық салынатын табыс 1000

4. Заңды тұлғалардың табыс салығы (30%) 300

5. Барлық төленген салықтар (П2+П4) 500

6. Таза табыс (П3-П4) 700

7. Кәсіпорында қалған ақша қаражаты 700

Берілген мысалда түсім сомасындағы салықтардың үлес салмағы (табыс салығы және ҚҚС) 41,67% (500:1200‡100)құрайды. Түсім сомасындағы таза табыстың үлес салмағы 58,3% (700:1200•100) құрайды, бір мезгілде ақша қалдығының сомасы кәсіпорында қалатын таза табыс сомасында сәйкес келеді. Бұл мысал өте тиімді және тек қана берілген көрсеткіштер құрылымындағы болатын өзгерістердің әсеріне бақылау жасау мақсатында беріліп отыр. Мысалы үшін, А кәсіпорын барлық көрсеткіштерін сақтай отырып, кәсіпкерлік табыс алу мақсатында 600 бірлік көлемінде шығындар жасады.



  1. Табыс 1000

  2. ҚҚС 200

  3. Шығындар 500

  4. ҚҚС шығындары 100

  5. бюджетке төленетін ҚҚС (п2-п1) 100

  6. салық салынатын табыс (п1-п3) 500

  7. Заңды тұлғалардың табыс салығы 150

  8. Барлық төленген салықтар (п5+п7) 250

  9. Таза табыс (п6-п7) 350

  10. Кәсіпорында қалатын ақша қаражаттары 350

Бюджетке төленген салықтардың үлес салмағы 20,8% (250:1200) құрады, түсім сомасындағы таза табыстың үлес салмағы 29,2% (350:1200•100) құрады. Таза табыс сомасымен ақша қаражаттарының қалдығығың сомасы сәйкес.

Бірінші және екінші көрсеткіштерді салыстырсақ, шығындар жағынан өсуі ҚҚС және табыс салығы бойынша салық міндеттемелері бөлігін азайтады, сонымен қатар қаржы нәтижесінің деңгейін төмендететді және қолма қол бос ақша қаражаттарын шектейді.

Сондықтан да, кәсіпорынның табысын шектеу арқылы оның шығындары бөлігін өсіруге тырысу өзін ақтамайды. Өзіндік құны өсіретін тиімсіз шығындарды арттыру арқылы салық төлемдерін төлемей экономдауды мақсат тұту кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді.

ҚҚС толық түрде өтеуге тырысу кей кезеңдері кәсіпорынға кері нәтиже береді. Мысалы үшін А кәсіпорны барлық түскен түсімді құрал жабдықтарын сатып алуға жұмсайды.



  1. Табыс 1000

  2. ҚҚС 200

  3. Алынған құралдар 1000

  4. Құрал бағасының ҚҚС 200

  5. Бюджетке төленетін ҚҚС (п2-п4) 0

  6. Салық салынатын табыс 1000

  7. Заңды тұлғалардың табыс салығы 300

  8. Таза табыс (п1-п7) 700

  9. Барлығы бюджетке төленетін 300

  10. Кәсіпорында қалатын қаржы(п1+п2)-(п3+п4) 0

Түсім сомасындағы салықтың үлес салмағы 25% және таза табыс 70% болғанда кәсіпорында бос ақша қаражаттары қалмады, ал бюджетке 300 бірлік мөлшерде табыс салығын төлеуі қажет болатын.

Осы жағдайда кәсіпорын салық міндеттемесін өтей алмайды, сонымен қатар нақты табысы 700 бірлік бола тұра ол басқа да шығындарды жасай алмайды, өйткені бос ақша қаражаттары жоқ. Мұндай жағдайларды көптеп келтіруге болады, бірақ олардың барлығының нәтижесі дұрыс бола қоймайды.

Әрине, салық заңдылығында қарастырылған ҚҚС бөлігінде жеңілдіктерді барлық кәсіпкерлер пайдалағысы келетін табиғи заңмен және № 37 Интсрукциясымен салық салынбайтын айналымдар тізімі бекітілген; ҚҚС төлемейтін субъектілер; ҚҚС есепету мен есепке алуда салық есебінің ережелері. Салықты есептеу тәртібінің ерекшеліктерін пайдалануда нәтижелері бірдей болмайды, ал пайдасы мен зиянын салыстыруға келмейді.

Мысалы В кәсіорында жеке тұлғалардан қолма-қол ақшаға материалдар сатып алу шешімі қабылданған, бірақ оларда сол материалдарды қолма-қолсыз есепке айырысу жолымен басқа кәсіпорындардан сатып алу мүмкіндігі де бар. Мұндай шешімді қаылдаудағы мақсат: заң бойынша тауарды қолма-қол ақшаға сатып алса олар жеңілдіктер алады. Айтар босақ, кәсіпорын жұмысшысы 120000 теңгеге материал сатып алды. Оны өткізу бағасы 345000 теңгені, соның ішінде ҚҚС 45000 теңгені құрады. Мұндай операцияның қаржы нәтижесі 180000 теңге (300000-120000), бюджетке төленген ҚҚС сомасы 45000 теңге. Екінші жағдайда, егер тауар ҚҚС төлеуші кәсіпорын ретінде есепте тұрғын тұлғалардан сатып алынса, онда алынған тауарлар құны 100000 теңгені құрып, ал ҚҚС жабдықтаушыға төленген – 20000 теңгені құрар еді. Онда қаржы нәтижесі 200000 теңгені құрар еді. Бюджетке кәсіпорын 45000 теңге емес, 30000 теңге төлер еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет