I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет74/249
Дата18.05.2022
өлшемі5,47 Mb.
#143830
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   249
Байланысты:
24344 220517 115104
Массаж жасайтын зондтар түрі. 
(Е. В. Новикованың зондтары) 
№1 зонд. «Сүйір айыр» («Вилочковый») 
 
Тіл, ерін, жақ, бет ұшы және жұмсақ таңдай бұлшық еттеріне массаж жасау 
үшін қолданылады.
Бұл зонд құсу рефлексінің шегін анықтауға және оны алу үшін арналған. 
Зондтың ұштары өткір емес, сондықтан бұлшық еттер зақымдалмайды. Ол 
бұлшық еттерді піспектеуге арналған. Осындай ықпалдың нәтижесінде 
бұлшық еттер белсенді жиырыла бастайды. 
№2 зонд. «Сегізше» («Восьмерочка») 
Тіл, ерін, жақ, бет ұшы және жіліншік бұлшық еттеріне массаж жасау үшін 
қолданылады. Бұлшық еттерді «үйкелеуге» арналған. 


144 
№3 зонд. «Үлкен шана» («Большие саночки») 
Зонд №4 «Орташа шана» («Средние саночки») 
Зонд №5 «Кішкентай шана» («Маленькие саночки») 
№3 -5 зондтарды тіл, ерін, бет ұшы, жақ, жұмсақ таңдай, жіліншік бұлшық 
еттерін белсендіру үшін әр түрлі бағытта жылжытады.. 
Зондтың бас жағын бұлшық еттерді басу үшін қолдануға болады. 
«Шаналар» бірдей массаж тәсілдерін орындайды, бірақ массаж жасап жатқан 
бөлімнің көлемі және басу қарқындылығыәір түрлі болады. 
Сонымен қатар №5 зонд бұрау және қайтарымды серіппелі қимылдарды 
орындайды.
№6 зонд. «Балташа» («Топорик») 
Тілді сипауға белсенді қолданылады, сонымен қатар бет ,жұмсақ таңдай, 
жіліншік бұлшық еттерін сылап-сипауға қолданылады. Басқа зондтарға 
қарағанда көбірек көлемді қамтиды және бұлшық еттерге қарқынды ықпал 
етеді. 
Зонд екі тәсілді атқаруға арналған: нық қысу және сырғу. Қысу нәтижесінде
бұлшық ет тонусы қалыпқа келеді, олардың жиырылу қабілеті және қимыл-


145 
қозғалысы ұлғая түседі. Қысу дәрежесі бұлшық еттердің қалпына 
байланысты: тонусы неғұрлым төмен болса, соғұрлым қысу қарқынды 
болады. Сырғу бұлшық ет кернеуін алады, олардың иілгіштігін және 
шымырлығын жақсартады.
№7 зонд. «Крес тәрізді» («Крестовина») 
Ерін, жақ, бет ұшы және жіліншік бұлшық еттеріне, тілдің орта және артқы 
бөлігін сылауға қолданылады. Тілді жоғары көтеруін қамтитын бұлшық 
еттеріне ықпал етуге мүмкіндік береді. Тілді басып тұрып, артқа итерген 
кезде аталған бұлшық еттері жиырылып, жұмыс істей бастайды. 
Зонд көмегімен қысу, бұрау және қайтарымды серіппелі қимылдарды 
орындайды. Сонымен қатар бұл зондпен К, Г, Х, Ш, Ж, Щ, Ч, Р дыбыстарын 
қоюға болады. 
№8 зонд. «Ілгері тоғыту» («толкачик»). 
Ерін, бет ұшы, жақ, жұмсақ таңдай, жіліншік бұлшық еттерін сылап- сипауға 
арналған. Тілдің көлденең, бойлық, желпіүш тәрізді бұлшық еттерге әсер 
етіп, олардың иілгіштігін және ептілігін қалпына келтіреді. Бұл әр түрлі 
артикуляциялық позицияларды қабылдауға мүмкіндік береді.
Зондтың ұшында ілмек бар. Тілді басқан кезде бұлшық еттер белсенді түрде 
жиырылып, ал алған кезде кернеу жойылады, босаңсу фазасы басталады. 
№9 зонд. «Кішкентай қысқыш» («Щипчики»). 
Бет ұшы, ерін, тіл бұлшық еттерін сылап- сипауға арналған. 


146 
Тілдің көлденең, бойлық бұлшық еттеріне әсер етіп, олардың иілгіштігін 
және ептілігін, бір қалыптан екінші қалыпқа көшуі қабілетін қалпына 
келтіреді. Бұл әр түрлі артикуляциялық позицияларды қабылдауға мүмкіндік 
береді. Әсіресе тілдің бүйірін тіл түбіріне қарай сығылысуына, тілдің оңға-
солға бұруына тиімді болады. Өйткені онымен тек тіл ұшынғана емес, 
ортасында іліп алуға болады. 
№10 зонд. «Тартушы» (подтягивающий) 
№ 10 зонд тіл асты желбезегін сылап-сипауға және оны созуға арналған. 
Егер бала тілін жоғары көтере алмаса бұл зондпен тіл асты желбезегінің 
қалпын көруге болады.. 
№11 зонд. «Аққу» («Лебедушка») 
Бет ұшын, жұмсақ таңдайды сылап- сипауға арналған. Бұлшық еттердің
иілгіштігін және ептілігін қалпына келтіреді. Бұл әр түрлі артикуляциялық 
позицияларды қабылдауға және сілекей ағуынан арылтуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   249




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет