324
Ресей невропотологтарынан дисграфияны Р. А. Ткачев пен С. С. Мнухин
зерттеген. Р.А.Ткачев меңгере алмаудың туа бітетінін анықтайды. Бала
сауатты оқу барысында әріптерді, буындарды дұрыс атай алады да, оны
есінде сақтай алмайды. Жеке буындардан көбіне аяққы буынды ғана есте
сақтайды. Оны Р. А. Ткачев интеллектісі қалыпты жағдайдағы көру мен
естудегі әріп бейнелерінің байланысының нашарлығынан дейді. Бұл бұзылыс
тұқым қуалау факторымен сипатталады. С. С. Мнухиннің көзқарасы
бойынша, аграфияның пайда болуының көптеген жағдайы түрлі деңгейде
белгіленетін (ішімдік, психопатия, ата-анасының эпилепсиясы, туылу
кезіндегі травмалары) тұқым қуалаушылықта (мұндай балалар графикалық
ырғақтылықты, алфавиттегі әріптерді, ай, апта, күн атауларын айтуда
қиналады).
XX-ғасырдың 30-жылдарында жазу бұзылуын психологтар, педагогтар,
дефектологтар қарастыра бастады. Ең бірінші болып Ф. А. Рау жазудың
бұзылуы мен дыбыс айтудың байланысын көрсеткен, одан кейін М. Е.
Хватцев. Р. М. Боскис, Р. Е. Левина зерттеулері жазудағы жетіспеушілік көп
жағдайда фонематикалық қабылдаудың бұзылысымен негізделгендігін
дәлелдеді.
Дисграфия жайлі М. Е. Хватцев көп жұмыс жүргізген. Басында ол
дисграфияны дыбыс айту кемшіліктерінің көрінісі деп қарастырған. Ал
дыбыс айту кемшіліктері балаларда түзелгеннен кейін, М.Е.Хватцев әріп
түрінде көрсетілген дыбыс стериотипті көруінің бұзылуымен түсіндірген.
Р. Е. Левина алғашқы жұмыстарында жазудың бұзылуын фонематикалық
дамымаудың сипатымен түсіндірген. Одан кейінгі Н. А. Никашина, Л. Ф.
Спирова жұмыстарында жазу бұзылуы тілдік дамудың алғашқы
кезеңдеріндегі дұрыс жұмыс жүргізілмегендігімен байланыстырады.
Қазақ тілінде оқитын оқушылардың жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы
туралы деректер жоқтың қасы. Өйткені осы кезеңге дейін бұл мәселеге
бағытталған арнайы зерттеулер жүргізілмеген. Дегенмен, Абай атындағы
ҚазҰПУ-ң арнайы педагогика кафедрасының қызметкерлерінің (Қ. Қ.
Өмірбекова, М. М. Рахымова, Ж. Нұрсеитова) зертеулерінде біршама
мағлуматтар алынған. Мысалы, көмекші мектеп оқушыларының жазу
жұмыстарында ең көп кездесетін қателер – сөздің дыбыстық құрамының
бұзылуы және емленің, тыныс белгілерінің қателері. Ал, мазмұндама
жұмыстарда сол қателер сақталып, аграмматикалық қателердің көбейуі
анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: