186
Фрикативті дыбыстың сыртқы артикуляциясының суреті; жаттығуды толық
дем шығаруға дейін жасауға болатынын белгілейтін сызықшамен
белгіленеді.
Үзілмелі дыбыстың суреті, дем шығару шапшан, үзілмелі болатынын
белгілейтін нүктемен толықтырылады.
Анық айтылатын дыбыс кестеде әріппен белгіленеді. Әріп таңбасы
еңгізілгенде баланың назары тағы да фрикативті, үзілмелі дыбыстардың
айтылу ерекшеліктеріне аударылады. Балаға қойылмаған дыбыстар
әріптермен белгіленбейді. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды айтқызу
барысында баланың назары тілдің қалпына және ауыз арқылы дем
шығаруына аударылады (дыбысталуына назар аударылмайды). Бұл баланы
артикуляциядағы ескі динамикалық стереотиптерден аулақ болуына себеп
болып, логопедтің жаңа артикулеманы қалыптастырылуын қадағалауға
мүмкіндік береді. Бала дұрыс артикуляцияны көру үлгісі бойынша, сипаттау
бойынша және қалыптыдан ауытқу жағдайларда үнемі түзетіледі.
Алғашында жаңа дыбыс артикуляциясының негізінен бұлшық еттерін
сезінуге үйрету қажет. Оларды баланың санасында бекіткен соң,
дыбысталуды дыбысты естіп, қабылдап, сезінуге үйрету жұмысына көшуге
болады. Әріпті еңгізу баланың дыбыс айтуын қадағалауын белсендіріп,
дисграфияның алдын алуға қызмет етеді.
Дыбыстарды қалыптастыру кезінде баланың артикуляциялық жаттығуларды
зорлықсыз және артикуляцияда бет және мимикалық бұлшық еттерінің
қатысынсыз орындауын қадағалаймыз. Баламен сабақтарды жүргізуге
қойылатын негізгі талаптарды орындау және аталмыш жүйе бойынша жұмыс
кезектілігін сақтау нәтижесінде операцияға дейінгі кезеңдегі логопедиялық
әсердің жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді де, анық сөйлеу тілін
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: