172
Жеке дыбыстардың айтылуын бекіткеннен кейін оларды логопед
қадағалауымен сөзде, сөйлемдерде машықтандыру жұмысы жүргізіледі.
Сабақтардағы сөйлеу көлемі біртіндеп кеңейеді, контекстті сөйлеу тіліне
дейін күрделеніп, соңғы сөйлеу дағдылары диалог ретінде баламен жаңа
жағдайларда бекітіледі.
Жоғарыдағы қағидаларға сәйкес А. Г. Ипполитова ринолалиясы бар
балалармен операцияға дейін және операциядан кейінгі кезеңде дұрыс сөйлеу
тілін дамытудың әдістемесін құрастырған. Әдістемедегі сабақтар оңай және
физиологиялы, баланы жалықтырмайды, логопедтің еңбегін едәуір
жеңілдетеді де, логопедиялық сабақтардың уақытын қысқартады.
Жұмыс сөйлеу кезіндегі дұрыс тыныс алуды қалыптастыруға және бір
уақытта дұрыс артикулемаларды құрастыруға негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: