234
Сөйлеу тілі кешеуілден дамыған балалардың, алдымен, дыбыс айтуы
мен сөйлеудегі тыныс алуын қалыптастыру керек. Сөз қоры қарқынды
молайып, фразалық сөйлеуі дамыған кезеңде итерацианың байқалуына көңіл
бөлу керек.
Солақайлықты мектепке дейінгі кезде бірден анықтау қиын, өйткені
бала екі қолмен бірдей еркін пайдаланады. Мұндай жағдайда баланың оң
қолын көбірек іс-әрекетке қосу керек (қасықты, қарындашты, затты т.б. оң
қолға ұстата беру керек). Егер мұндай шараларға қарамай бала сол қолымен
қимылды көбірек жасаса, оған тиым салмау керек.
Әдетте солақай балалардың эмоциональді күйі тұрақсыз, үрейлі,
мазасыз, орталық жүйке жүйесінің бейімделу мүмкіндіктері төмен болады.
Отбасында тұтығушы болған жағдайда, әсіресе баланың сөйлеу тілі
қарқынды даму кезеңінде тұтығушымен қарм-қатынасын шектеген жөн.
Отбасында екі тілде сөйлеу жағдайында (билингвизм) балаға ерекше
жағдай жасау қажет. Баланың сөйлеу тілі даму кезеңінде жүйке жүйесіне
айтарлықтай салмақ түседі. Бірджен екі тіл қалыптасқан жағдайда, салмақ
күшейеді де, сөйлеудің ауытқуының пайда болуына әсер етеді. Сондықтан
алдымен бір тіл жүйесінің лексикалық-грамматикалық базасын толық
қалыптастыруға жағдай жасау керек. Қалыпты дамыған жағдайда 4 жасқа
таман қалыптасуы керек. Содан соң, бала екінші тілді меңгеруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: