304
13 БӨЛІМ.
ДАУЫС ЖӘНЕ ОНЫҢ БҰЗЫЛУЫ
Дауыстың акустикалық негіздері
Дауыс
– бұл өзінің күрделілігіне және
әлеуметтік маңыздылығына
байланысты емес адам көмейінен шығатын кез келген дыбыс. Дауыс
генераторлық бөлім ретінде қызмет ететін көмейде пайда болады. Тыныс алу
мүшелері – энергетикалық бөлім. Энергия көзі ретінде дауыс
шымылдығының тербелісін тудыратын ауа ағыны болады. Қойылмалы түтік
(жұтқыншақ, мұрын және ауыз қуысы) – мұнда дыбыс өз күшін және мәнерін
алатын жаңғырықтыру бөлімі. Дыбыстың акустикалық
қасиетін ажырату
есту қабілетінің көмегімен іске асырылады.
Үн дыбысы
– қалыңдай түскен толқын және тітіркендіріш түрінде
жайылатын ауа бөлшектерінің тербелісі.
Дауыстың
жоғарылығы
-
есту
мүшелерінің
тербелгіш
қозғалыстарының жиілігін субъективті түрде қабылдауы.
Ауа тербелісі неғұрлым жиі болса, солғұрлым дыбыс жоғары болып
шығады. Дауыстың жоғарлығының сапасы дауыс
перделерінің бір секунд
үшінде түсетін тербеліс жиілігіне байланысты болады. Негізгі үн (тон)
жиілігі герцпен өлшенеді. Жай сөйлеу тілінде еркектерде 85-тен 120 Гц-ке
дейін, ал әйелдерде 160-тан 340 Гц-ге дейін өзгереді. Негізгі үннің өзгерістері
сөйлеу тілінің мәнерлігіне әсер етеді.
Дауыстың
күші,қуаты
дауыс шымылдығының діріл қарқынына
байланысты болады. Децибеллмен өлшенеді.
Дауыс перделерінің діріл
қарқыны неғұрлым көп болса, солғұрлым дауыс күшті шығады. Дыбыс
тембрі немесе дыбыс ренкі дауыстың сапасының
маңызды сипаты болып
табылады. Ол күрделі дыбыстардың акустикалық құрамын көрсетеді және
тербеліс күші мен жиілігіне тәуелді болады.
Дауыс үшін ең маңызды болып оны шығару тәсілі – «дыбыс шабуылы»
деп аталатын тәсіл. Дауыс шығарудың үш түрін ажыратады: 1) алғашқыда
жеңіл дем шығару, кейін дауыс перделері қабысып, тербеліске түседі. Дауыс
болмашы шудан кейін естіледі. Бұндай тәсіл «қырылдақ (көмей) шабуыл»
деп аталады; 2) дауыс перделерінің қабысуы
мен дем шығару кезі қатар
келеді. Бұл дыбыстың «жұмсақ шабуылы»; 3) алғашқыда дауыс перделері
қабысып, содан кейін оларды тербеліске түсіріп дем шығарылады. Бұл түрі
«қатты шабуыл» деп аталады.
Көп қолданылатын және физиологиялық негізделген «жұмсақ шабуыл»
деп саналады. Бірақ дыбыс шығарудың қалған екі тәсілін де қолдануға
болады. Ол дауыс міндеттеріне және адамның эмоциялық күйіне байланысты
болады. Сонымен қатар кейбір жағдайда түзету
жұмысында дауысты қою
мақсатымен пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: