I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет28/230
Дата18.04.2023
өлшемі5,47 Mb.
#174843
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   230
«Сөйлеу тілінің жойылуы»
деген ұғым бас миының оқшауланған 
немесе диффузды зақымының салдарынан қалыптасқан сөйлеу 
дағдыларының және қатынас икемділігінің жойылуын білдіреді. 
Сөйлеу тілі ақауларының алуан түрлі себептерін қарастырған кезде 
ақаулықтың пайда болу процесін талдау, жас ерекшеліктің әр кезеңінде 
сөйлеу тілі дамуының жалпы заңдылықтарын ескеруге негізделген (И. М. 
Сеченов, Л. С. Выготский, В. И. Лубовский) эволюциялық-динамикалық 
негіз қолданылады.
«Этиология» термині (грек тілінде «этио» - себеп, «логос» - ғылым, ілім) – 
ауырудың пайда болуының себебі немесе патологиялық жағдайын білдіреді. 
Себептілік мәселесі ежелден адам баласының ықыласын аударған. 


63 
Этиологияның ғылым ретінде дамуы бірқатар медициналық және жаратылыс 
пәндердің жалпы ғылыми прогрессіне байланысты. 
Сөйлеу тілі бұзылыстарының этиологиясы да дерттілік себептері 
туралы жалпы ілімінің тарихи даму жолдарын өтті. 
Көне заманның грек философы және дәрігері Гиппократ (б, ғ.д. 460—
377 жж.) сөйлеу тіл кемістіктерінің, атап айтқанда, тұтықпаның себебі бас ми 
жарақаттануында деп
айтып кеткен.
Басқа грек философы Аристотель (б, ғ.д. 
384—322 жж), сөйлеу тілінің пайда болуын шеткі сөйлеу аппаратының 
анатомиялық құрылысымен байланыстырып, сөйлеу тіл бұзылыстарының 
себебін соның ақаулығынан деп білген. 
Сонымен, көне заман ғылымдарының зерттеулерінде де сөйлеу тілі 
бұзылыстарының себептерін түсінуде екі бағыт белгіленді. Біріншісі 
Гиппократтан бастап шыққан – сөйлеу тілі бұзылыстарының пайда болуында 
бас мидың зақымдалуы басшы болса; ал екіншісі - Аристотельден басталған 
– перифериялық сөйлеу аппаратының бұзылыстары басшы болады деп 
мақұлдайды. Кейін де сөйлеу тілі бұзылыстарының себептерін зерттеу 
кезінде осы екі көзқарас сақталған.
Гиппократтың ойын француз дәрігері Поль Брока тек 1861 жылы ғылыми 
тұрғыдан дәлелдеп берді. Ол бас миында сөйлеу тілге қатысты арнайы бөлік 
бар екенін көрсетіп, сөйлеу тілінің жойылуын сонымен байланыстырды. 
1874ж. Вернике осыған ұқсас жаңалық ашты: түсіну мен ми қыртысының 
белгілі бір бөлігінің сақтаулы болуы арасындағы байланыс. Осы кезден 
бастап сөйлеу тілі бұзылыстары мен ми қыртысының белгілі бөліктерінің 
морфологиялық өзгерістері өзара байланысты екені дәлелденді.
Сөйлеу тілі бұзылыстары этиологиясы мәселесінің қарқынды дамуы ХХ 
ғасырдың 20-ші жылдарында басталды. Осы жылдары ғалымдардың сөйлеу 
тіл бұзылыстарын пайда болу себептеріне қарай топтастыруға алғашқы 
әрекеттенді. Осылай, С. М. Доброгаев (1922) сөйлеу тілі бұзылыстарының 
себептері ретінде «жоғары жүйке жүйесінің ауыруларын», сөйлеу 
аппаратының патологиялық өзгерістерін, бала кезіндегі тәрбиенің 
жетіспеушілігін, сонымен қатар «ағзаның жалпы невропатиялық күйін» 
атайды.
М. Е. Хватцев сөйлеу тіл бұзылыстарының барлық себептерін бір 
бірімен тығыз байланыста болатын ішкі және сыртқы деп бөлді. Сонымен 
қатар ол органикалық (анатомиялық-физиологиялық, морфологиялық), 
функционалды 
(психогенді), 
әлеуметтік-психологиялық 
және
психоневрологиялық себептерді де ажыратты. 
Органикалық себептерге бала миының құрсақтағы даму жағдайы, анасының 
босанып жатқан кезде зақымдалуы, туылғаннан кейін зақымдалуы және 
жетік дамымауы, сонымен қатар перифериялық сөйлеу мүшелерінің әр түрлі 
органикалық бұзылыстары жатады. М. Е. Хватцев органикалық орталық (ми 
жарақаттары) және органикалық перифериялық (есту мүшелерінің 
зақымдалуы, таңдай жарықтары және артикуляциялық аппараттың басқа да 
морфологиялық өзгерістері) себептерін белгіледі. 


64 
М. Е. Хватцев функционалды себептерді И. П. Павловтың орталық 
жүйке жүйесіндегі қоздырғыш және тежелу процестерінің арақатынасының 
бұзылыстары туралы ілімімен түсіндіреді. Функционалды себептер сөйлеу 
аппаратының құрылымын өзгертпейді, тек оның қалыпты жұмысын 
(функциясын) бұзады.
Мұндай себептерге әр түрлі стресстік жағдайларды, 
баланың жүйке жүйесіне әсер ететін ерте жасынан жиі және ұзақ мерзімге 
созылған ауыруларды, қоршаған ортасында сөйлеу тілі дұрыс болмауды, т.б. 
себептерді жатқызуға болады.
Ұзаққа 
созылған 
функционалды 
бұзылыстар 
органикалық 
бұзылыстарға айналуы мүмкін екенін ескерген жөн.
Тағы да айтып кететін 
бір жағдай, сөйлеу аппаратының бір бөлігінде кездесетін органикалық 
бұзылыстар басқа бөліктерінде екіншіреттік функционалды бұзылыстар 
пайда болуына әсер етеді. Мысалы, сөйлеу аппараты құрылымының 
органикалық бұзылыстарының салдарынан балада тек дыбыс айтуының 
ақаулары байқалады. Бірақ, бала өзінің күнделікті қате айтқан дыбыстарын 
естуі сөйлеу-есту анализаторының екіншіреттік функционалды бұзылысына 
әкеледі - бала дыбыстың бұзылып айтылуын қалыпты ретінде қабылдайды. 
Ал, егер бала сөйлеу барысында бір дыбысты екінші дыбыспен алмастырып 
айтатын болса («шананың» орнына «сана»), сауат ашуға үйрету кезінде 
үшіншіреттік бұзылыс пайда болуы мүмкін- алмастырып айтылатын 
дыбыстар жазуында әріптермен алмастырып жазылады. Нәтижесінде бір 
емес, үш кемістікті түзетуге тура келеді. 
М. Е. Хватцев органикалық және функционалды, орталық және шеткі 
себептердің өзара әрекеттестігіне көңіл аударған. Психоневрологиялық 
себептерге ақыл-ойы кемістігін, есінің, зейінінің бұзылуын және басқа да 
психикалық 
қызметтерінің 
бұзылуын 
жатқызған. 
Ол 
әлеуметтік-
психологиялық себептерге аса назар аударған. Бұл себептерді қоршаған 
ортаның әр түрлі жағымсыз факторлары деп білген. Сонымен, ол сөйлеу тілі 
бұзылыстарының себеп-салдарын анықтауда алғашқы рет диалектикалық 
тұрғы негізінде сөйлеу тілі бұзылыстарының этиологиясын түсінуін 
дәлелдеді.
Соңғы жылдары биология, эмбриология, теориялық медицина 
саласындағы, медициналық генетика, иммунология және басқа да пәндердің 
көптеген жетістіктері сөйлеу тілі бұзылыстарының этиологиясы туралы 
түсініктерді тереңдетіп, олардың пайда болуында экзогенді (сыртқы) және 
эндогенді (ішкі) зияндылықтардың маңыздылығын көрсетуге мүмкіндік 
берді. Сөйлеу тілі бұзылыстарының себептерін ғана біліп қоймай, сонымен 
қатар баланың ағзасына әсер ететін жағымсыз факторлардың әсерінен сөйлеу 
тіл бұзылыстарының механизмін білу қажет. Бұл сөйлеу бұзылыстарын 
түзетуде тиімді жолдары мен әдістерін анықтауға мүмкіндік туғызады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет