I теоретические основы логопедии



бет151/220
Дата05.02.2022
өлшемі11,49 Mb.
#15214
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   220
Дизорфографияның белгілері

Дизорфографиясы бар балаларда грамматикалық ұғымдарды қабылдап түсінуі қиындық туғызады. Мысалы, ондай балалар «дыбыс», «буын», «сөз», т.б. ұғымдарды есте сақтай алмайды немесе шатастырады. Олар өз бетімен орфограмманың мазмұнын айтып, қортынды жасай алмайды. Өтілген орфограммаларға дұрыс мысал келтіру, тексеруге керек сөздерді табу қиындық туғызады. Тексеруге пайдаланатын түбірлес сөздердің орнына көбінесе айтылуы ұқсас сөздерді айтады. Балалар «тексеру» сөздер неліктен түбірлес болу керек екенін дәлелдей алмайды.


Морфологиялық принцип бойынша орфограммаларды меңгеру морфемнің (жалғау, жұрнақ) лексикалық, грамматикалық мағынасын ажыратуын, сөз тіркестеріндегі, сөйлемдегі байланыстарын бақылау және синтаксистік қортындылау дағдыларының толық қалыптасуын талап етеді. Дизорфографиясы бар оқушылар көбінесе бастауыш пен баяндауыш, баяндауыш пен толықтауыш т.б. арасындағы байланыстарды табуда, қателер жібереді. Сонымен қатар тасымалға да көп қате жібереді. Оған тән қателер: бір әріпті тасымалдау, жалғау, жұрнақтарды түбірден ажыратпай тасымалдау ( мектепт-ен) мұндай қателердің жиі кездесуі оқушылардың есте сақтау қабілетінің төмен деңгейде екенін көрсетеді. Сөйлеу тілінде ауытқуы бар оқушылар логопедтің айтқан сөздерін тез ұмытып қалады, орфограммалардың анықтамаларын айта алмайды, орфографиялық сөздікті пайдалана алмайды.

Дизорфография





морфологиялық

синтаксистік

Морфологиялық талдау қалыптаспаған. Түбірлес сөздерді табу қиындыққа соғады. Емлелерді біле тұра орфографиялық дағдыларды меңгере алмайды. Зейінді ерікті ұстауы, таралуы, естіп есте сақтауы жеткіліксіз. Қысқа сөздерде, ұзын сөзге қарағанда қателер сирек кездеседі. Жатқа жазуда, буындап айтқанда қателер азаяды, тұтас фразаны жатқа айтқанда қателер көбейеді

Жазудағы синтаксистік емлені, яғни пунктуацияны меңгеру қабілеті өте төмен.

Баланың психикалық дамуының кешеуілдеуінің, зиятының бұзылуы, педагогикалық қараусыз қалу салдарынан жазудың бұзылуын автор ерекше


спецификалық, яғни дисграфиялық қателерге жатқызбайды.
И. Н. Садовникованың айтуынша, бұл «жалған дисграфия» деп аталады.
Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуын түзету логопедиялық жұмысының әдістемесі

Оқу мен жазудың бұзылу механизмдері көптеген жағдайда ұқсас болады, сондықтан логопедиялық-түзету жұмыстарының бағыттары бірдей келеді. Қазіргі кезеңдегі зерттеулерде жазудағы, оқудағы ерекше қателердің тұрақты кездесуіне, жалпы жазу, оқу дағдыларының қалыптасуына олардың функционалды базистерінің әсері зор деп есептеледі, ерекше көңіл бөледі. Жазу мен оқу дағдыларының қалыптасуына қажетті алғы шарттарын дамытуға бағытталған жұмыс түрлерін қарастырайық.




Кеңістікті бағдарлауын қалыптастыру
Кеңістік пен уақыттың кезектілігін анықтауға арналған жаттығулар сөздің дыбыстық, буындық және морфемдік құрылымын талдауға негіз болады. Сонымен қатар уақыт туралы ұғымдарын дамыту сөз қырын белсендетуге және етістіктің шарттарын түсінуге ықпалын тигізеді.
Кеңістікті бағдарлау жұмысы өзара тығыз байланысты екі бағытта жүргізіледі:
- өз денесін бағдарлау, оң сол дене мүшелерін ажырату;
- қоршаған кеңістікті бағдарлау;
Қоршаған кеңістікті бағдарлау жұмысын жүргізу барысында онтогенезде кеңістікті қабылдау және түсінігін ескеру қажет. Алдымен бала оң-сол қолын білуі қажет, соның негізінде дене мүшелерінің оң солын айыра бастайды.


Көріп талдау және жинақтауын дамыту
Бұл бағыттағы жұмыс кеңістікті бағдарлауын, әсіресе әріптің графикалық элементтерінің кеңістікте орналасуы, әріптердің ұқсас және айырмашылығын анықтаумен тығыз байланыста жүргізіледі.


Баланың сукцессивті қабілетін дамыту
Сукцессивті қабілеттін дамытуға арналған жаттығулар қимыл, кеңістік, уақыт, сөйлеу кезектілігін есте сақтап, жоспарлап іс жүзінде іске асыруға бағытталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет