I теоретические основы логопедии


II ТАРАУ. СӨЙЛЕУ ТІЛІ БҰЗЫЛЫСТАРЫ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУ ЖОЛДАРЫ



бет33/220
Дата05.02.2022
өлшемі11,49 Mb.
#15214
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   220
II ТАРАУ. СӨЙЛЕУ ТІЛІ БҰЗЫЛЫСТАРЫ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУ ЖОЛДАРЫ



  1. БӨЛІМ . ДИСЛАЛИЯ



Дислалия («dis»-бұзылу, «lalia»-сөз) – бұл сөйлеу тілінің бұзылуының едәуір тараған түрінің бірі. Осы бұзылыстың ең негізгісі - сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы. «Дислалия» деген терминді Еуропада ең бірінші болып Вильнюс университетінің профессоры, дәрігер И.Франк еңгізген деп саналады. 1827жылы шыққан монографиясында бұл терминді барлық жалпы этиологиясы әр түрлі дыбыс айтуының бұзылуын атаған. Кейін 19 ғасырдың 30-шы жылдары Р.Шультес осы терминді қолданған. Бірақ ол бұл терминмен артикуляциалық аппарат мүшелерінің ауытқушылықтарының салдарынан дыбыс айтудың бұзылыстарын атады.
В.Олтушевский деген зерттеуші дислалияға керісінше, артикуляциялық аппарат мүшелерінің ақаулықтарынан емес, басқа себептерден болған дыбыстардың бұзылуын жатқызды.
20 ғасырда әр түрлі авторлар дыбыс айтудың бұзылыстарын әр түрлі атаған. Мысалы: Ф. Ф. Рау – «фонемалардың айтылуының бұзылуы», О.В.Правдина - «дислалия», М. Е. Хватцев – тіл мүкістігі («косноязычие») деп атаған.
Дислалия – сөйлеу тіліндегі дыбыстың айтылуының дербес бұзылуы. Ол дыбысты алмастыру, дыбысты айтпай, тастап кету, бұрмалап айтумен белгіленеді. Грамматикалық құрылысы және сөздік қоры жеткілікті денгейде болады (Ф.Ф.Рау).
Дислалия – мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тіліндегі жиі кездесетін дыбыстардың айтылуының бұзылуы. Сөздік қоры және грамматикалық құрылысы мөлшерде денгейде (О.В.Правдина).
Бұл жастағы балалардың көбінесе жалғыз кемістігі болады.
Дислалия - есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі аппаратының иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы (Л. С. Волкова).
Дислалия жиі кездесетін ауытқушылық. Зерттеулер бойынша, мектеп жасына дейінгі балаларда 25-30% - нда (5-6ж), мектеп жасындағы (1-2 сынып) балалардың 17-20%, ал жоғарғы сынып оқушыларында 1% дыбыс айтуының бұзылуы кездеседі.
Бұл зерттеулер осы бұзылыстардың уақытша екенін дәлелдейді. Түзету жұмысы арқылы, балалардың сөйлеу тілінің дамуына байланысты, бұл бұзылыстар жойылады деуге болады.
Сөйлемнің фонетикалық жағын меңгеру дәрежесі фонетикалық есту қабілетінің дәрежесімен тікелей байланысты болады. Фонетикалық естудің жеткіліксіздігінің нәтижесі ретінде айыру қиыншылығы, акустика нышандары бойынша жақын тіл дыбыстарын ажырату болып табылады.
Арнайы әдебиетте сөйлеу тілі үрдісіне қатысатын психофизиологиялық механизмінің қайсысы зақымдалғанына қарай дислалияның екі түрін ажыратады. Бір қатар авторлар (К. П. Беккер, М. Совак, М. Е. Хватцев, О. А. Токарева, О. В. Правдина және т.б.) сенсорлы және моторлы дислалия деп бөледі және дислалияны осылай ажыратуын талап етеді.
Логопедияның дамуының заманауи кезеңінде ауытқудың топтастырылуы сөйлеу тілін зерттейтін әртүрлі пәндердің критерийлерінің жиынтығына сүйенеді. Сонымен қатар, логопедияда логопедиялық ықпалға ерерлік бұзылыстардың негізгі белгілерін бөлген маңызды, яғни ауытқудың түрін (фонематикалық немесе фонетикалық) ескеру.
Аталған критерийлер бойынша дислалияның негізгі үш түрін ажыратады: акустикалық-фонематикалық, артикуляторлық-фонематикалық, артикуляторлық -фонетикалық.
Акустикалық-фонематикалық дислалия: дыбысты айту ауытқушылығы, оның акустикалық сипаты бойынша дыбысты өңдеу операцияларының таңдаулы қалыптаспауымен байланысты. Бұзылу негізінде-фонематикалық естудің жеткіліксіз қалыптасуы. Ауытқушылық физиологиялық естуі сақталған баладағы кейбір дыбыстарды есту арқылы ажырату қызметі таңдаулы түрде қалыптаспайды, бұл акустикалық жақын дыбыстармен ауыстыруды білдіреді. Бұзылу сөзді қабылдау механизімінің сенсорлы бөлімімен шектеледі.
Артикуляторлы-фонематикалық дислалия сөзді өндіруші моторлы бөлімнің артикуляторлы қасиеті бойынша фонемді таңдау операцияларының қалыптаспауымен байланысты ауытқушылықты қосады. Олардың екі түрі болуы мүмкін: 1) артикуляторлы негіздің толықтай қалыптаспауының нәтижесінде фонемді таңдауда керекті дыбыстың орнына әлі қалыптаспаған, артикуляциясы жағынан едәуір оңай, артикуляциялық нышандар бойынша ұқсас дыбыстар таңдалады.
2) Артикуляторлы негіз қалыптасқан және баламен дыбысты шығару үшін керек барлық артикуляторлы ұстаным игеріледі. Бірақ дыбысты таңдау кезінде дұрыс шешім қабылданбайды. Кейбір жағдайларда дыбыс дұрыс айтылады, басқаларында- дұрыс айтылмайды. Яғни, дыбыс алмастырылып айтылады.
Артикуляциясы ұқсас дыбыстар алмастырылып, шатастырылып айтылады. (ц-ч,р-л, т-к, д-г, с-ш, з-ж).
Дислалияның осы түрінде баланың фонематикалық есту қабілеті толық қалыптасқан болады. Сондықтан бұл ақаулықтар түзету барысында жойылады.
Мысалы, [Р] - [Л] алмастыру 5 жастағы баланың арасында 42% кездеседі (Р дыбысы бұзылыстарының ішінде), 6ж - 34%, 7ж - 18%, 8-9ж - 18%
ал [л]→[р] алмастыру 5ж - 9%, 6ж - 5%, 7ж-жоқ
Мұндай мағлұматтар А. Н. Гвоздевтің, В. И. Бельтюковтың, О. В. Правдинаның жұмыстарынан кездестіруге болады. Бірақ, дыбыс айтудың бұзылуы барлық балаларда түзетілмейді. Жалпы білім беретін мектепте 1 сынып оқушыларының ішінде фонематикалық жетіспеушілігі бар балалар саны 15% -ды көрсеткен. Бастауыш мектепті аяқтаған кезде ондай балалар бірен – саран болады.
Дыбысты бұзып айту моторлы бұзылыстарға байланысты емес. Ол фонемаларды артикуляторлық белгілеріне байланысты іріктейтін операцияларына (әрекетіне) байланысты.

Каталог: portal -> ebook -> files
files -> Кенжебекова Р. И., Айдарова Б. А.,Ералиева Т. О. Мектепке дейінгі жаста қарапайым математикалық ТҮсініктерін қалыптастыру әдістемесі шымкент-2016
files -> Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Аламаты, 2011 (075. 8)
files -> «Бейнелеу өнері, сызу және кәсіптік білім» кафедрасы
files -> «Аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра» пәні бойынша 5В011000- “Физика”
files -> Лекция жинағЫ Қарағанды 2011 Құрастырғандар: Жұмабаев С. Ә. ф-м.ғ. к., доцент
files -> ОҚулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 Әож 616. 8(075)
files -> Музыкалыќ іс-јрекетініѕ психологиясы
files -> Ә. Т. Мейірбеков., Т. П. Раимбердиев., Г. Ю. Башбенова тіршілік қауіпсіздік негіздері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет