Үзілмелі дауыссыз дыбыстарды айтқандағы ауызбен қысқа дем шығаруды қалыптастыру;
Сонорлы дыбыстар тобын және аффрикаттарды айтуды қалыптастыру кезінде ауызбен және мұрынмен қысқа және ұзақ дем шығаруды ажырату,
Жіңішке дыбыстарды қалыптастыру.
Бұл кезеңнің сабақтарының негізгі мақсаты – бірінші кезеңдегідей, яғни артикулемаларды дамытумен бір уақытта сөйлеу кезінде дұрыс тыныс алуды қалыптастыру.
1 кезең. Фрикативті дыбыстарды айтқызу жұмысы қатаң үзілмелі дыбыстарды қалыптастыруға дейін жүргізіледі. Себебі үйретілген артикулемалардың барлығы бірдей ауызбен тыныс шығаруда айтқызылады.
1 кезеңнің мақсаты – балаға демді ұзақ шығару кезінде дауысты қосуға үйрету.
Дауыс қосуды дауысты дыбыстар артикуляциясына сүйеніп жасауға болады, бірақ дауыссыз ф-дан дауыс шығаруды бастаған тиімді (бала екі дыбысты ф және в ажырата алады) . Қатаң Ф, ұяң в дыбыстарды айтқан кезде дауыстың қосылған – қосылмағанын білу үшін көмейдің қозғалысын бақылау керек. Ол үшін тактильді-вибрациялы бақылау қолданамыз. Баланың сұқ саусағы логопедтің көмейіне (қалқанша шеміршегінің үстіне (жоғарғы жағына)) қойылады да, логопед балаға түсіндіреді. Дауыссыз тыныс шығарғанда (ф-дыбысында) көмей жұмсақ, ал, дауыс қосылғанда (в -дыбысында) көмей қатайып алға қарай қозғалады да, бұл қатаю дауыс естіліп болғанша байқалады. Бұл құбылыстың механизмі оңай түрде балаға түсіндіріледі ( бұл қатаюдың болу себебі дауыс перделері жақындап көмейді алға қозғалтады). Бала қатаюды өзінің тамағында сезінуі және есінде сақтауы керек.
Жұмыстың бұл кезеңінде №2 кестеде тағы бір бөлім пайда болады: дауыспен бірге дем шығару. Артикулеманы айту сәйкес әріппен белгіленеді. Яғни бала өзінің дыбыс айтуын есту арқылы қадағалауы керек. Сонымен, №2 кесте мынадай болуы мүмкін:
Артикулемалар суреттері:
а) дауысты дыбыстардың;
ә) қатаң дауыссыз дыбыстардың және олардың әріппен белгіленуі.
Сәйкес дыбыстарды әріппен белгілеу
2 кезең. Екінші кезеңде ауыз арқылы дем шығарудың жаңа түрі қалыптастырылады: ауыз арқылы дем шығару. Баланың назарын шығарылған ауа ағынының шапшаңдығы мен екпінділігіне аудару қажет.
Дем шығарудың бұл түрін меңгеру п,б,т,д,к,қ,ғ,г дыбыстарын қалыптастыру кезінде жүргізіледі. Қысқа дем шығаруға дайындық жаттығуы ретінде й дыбысын айту кезінде дем шығарып жаттықтыру алынады. Суреттері №1 кестеде 1-ші, 2-ші қатардағы дауыстылардан кейін белгіленеді.
П дыбысын қою үшін, бала жабық еріндерге шығарған ауа ағыны екпінді, шапшан (алақандағы мақтаны ұшыратындай) болатындай етіп, үрлеуі керек. Дәптерге артикуляция сызбасы салынады ( жабық еріндер). Кейіннен дәл осындай тыныс шығару б дыбысын дауыс қосып айтуында бекітіледі (дауыстың қатысуы жоғарыда айтылғандай).
Т дыбысын қою үшін тілдің ұшы жоғарғы тістер артында болып, жоғарғы альвеолдарға тақап жапсырылуына назар аударылады. Белсенді және екпінді (қысқа) дем шығару тілмен альвеолдар арасындағы қабысуды үзеді. Кейіннен Т және Д дыбыстарын дыбыстаумен айналысамыз.
К дыбысы артикуляциясын көрсетіп, түсіндіру арқылы айтқызылады. Балаға тілдің ұшын тіл асты желбезегінің түбіне тигізіп, ауызды сәл жабыңқырап, ауызбен дем шығаруды ұсынамыз. Сәтсіздік жағдай туындаса, дәстүрлі К дыбысын Т –дан қою әдістемесін пайдаланамыз.
Келесі жұмыс - Г дыбысын қалыптастыру . Қалыптастырылып жатқан дыбыстар біртіндеп №2 кестеге толтырылады.