Ересектердің дизартриясының негізгі клиникалық түрлері
Сопақша ми дизартриясы (бульбарлы). Дизартрияның бұл түрі сопақша ми мен нерв жүйесінің ядроларының зақымдалуының салдарынан болатын әлсіз, солған параличтің байқалуымен сипатталады.
Бульбарлы дизартрияның басқа түрінен айырмашылығы - нақты бір жүйке функциясының (VII, IX, X, XII) бұзылуына байланысты жеке бұлшық еттерінің зақымдалуы мүмкін.
Параличтің солғын қимыл-қозғалыстардың бұзылу симптомдары жүйке ядролардың, шеткі ІХ (тіл-жұтқыншақ), Х (ауасу, қозу), ХІІ (тіласты) жүйкелердің зақымдалу негізінде кездеседі. Бұл жүйкелердің қимыл талшықтары жұтқыншақ, көмей, тіл, жұмсақ таңдай, тіл бұлшық еттерін иннервациялайды. Ал бұлшық еттер артикуляцияны, дауыс шығаруды және жұту актісін қамтамасыз етеді.
Бульбарлы параличте артикуляциялық, дауыс шығару және дем алу мүшелерінің шеткі бөлігінің бұлшық еттерінің тонусы төмендейді, гипотония немесе атония байқалады. Бұлшық еттердің көншілігі кішірейеді, әлсізденеді, сондықтан қоздырғыштарға реакция болмайды, яғни арефлексия байқалады. Бұл ауытқулардың барлығы бұлшық еттердің атрофиясына әкеліп соғады.
Бульбарлы дизартрияда ерікті және еріксіз қимылдар бұзылады. Дауыссыз дыбыстардың бұзылуы тілдің әр бөлгінің бұлшық еттерінің параличтеріне байланысты. Мысалы, тілдің түбірінде паралич байқалса, онда көбінесе тіларты дыбыстары бұзылады. Ал, дауысты дыбыстар көп жағдайда «а», «о» дыбысына ұқсас айтылады. Сонымен, бульбарлы дизартрияның сипаттамасы:
сопақша мидағы моторлық нейрондардың зақымдалуына байланысты
бульбарлы дизартрияда сөйлеу мүшелернің бұлшық еттерінің тонусы төмендейді;
сөйлеу тілінің фонологиялық жүйеснің моторлық жағының бұзылуы,
дыбыстарды ана тіліне тән емес дыбыстармен алмастырады;
ауырғанға дейін сөйлеу тілі қалыптасқан адамдардың, дыбыс айту
жүйесінің моторлы жағының бұзылуы төмендегідей зақымдармен сипатталады:
дауыс қатпарларының парезінде дауыссыз, дауысты дыбыстар күңгірт
естіледі, қатаң-үяң, жуан-жіңішке белгілері анық байқалады;
жұмсақ таңдайдың парезінде, таңдай шымылдығы салбырап, ауыз
қуысына түсіп тұрады да, дыбыстар мұрынмен айтылады (нозализация байқалады);
еріннің, тілдің бұлшық еттерінің парезінде дыбыстардың жасалу
орнына байланысты алмастыру байқалады;
тілдің, еріннің, астыңғы жақтың парезінде дауысты дыбыстардың
негізгі белгілері (жоғарылығы, қатары, еріннің дөңгеленуі) бойынша айырмашылықтар байқалады.
Жалған сопақша ми дизартриясы (псевдобульбарлы дизартрия)
Жалған сопақша ми дизартриясы артикуляциялық аппараттың шеткі бұлшық еттерінің спастикалық параличімен сипатталады.
Қимылдың мөлшері қысқарған, баяу болып келеді. Бұлшық еттердің гипертонусымен қатар гиперрефлексия байқалады. Қалыпты жағдайда ерте жаста жойылып кететін шарттсыз рефлекстер: ему, тұмсық рефлексі, еріксіз
күлу, жымию, жылау көпке шейін сақталады. Дизартрияның бұл түрінде ерікті қимылдар бұзылады, еріксіз қимылдар сақталған болады. Дизартриямен зақымдалған адам нұсқау бойынша ернін алға қарай шығарып, дөңгелете алмайды, ал тамақ ішкен кезде ол қимылдарды жасай алады. Ауыз қуысын тексеру барысында тілдің қатайғанын, тіл артқа қарай тартылғанын, тілдің енжар, белсенді қимылдарының қиындығын көруге болады. Әсіресе тілді жоғары көтеріп мұрынға қарай бұруы қиынға соғады және жалған сопақша ми дизартриясына тән синкинезиялар байқалады.
Тілдің және басқада сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің қимылының көлемі мен кысқарудың күшінің азайуы барлық дыбыстың артикуляциясын өзгертеді. Мысалы, «р» дыбысын айтуда тілдің ұшының дірілі жеткіліксіздігінен, «л» дыбысын айтуда - тілдің ұшын бүге алмаудың салдарынан осы дыбыстар анық айтылмайды. «Ш», «Ж» дыбыстары жұмсақ айтылады, «п», «б», «к» дыбыстары жиі алмасады (д=т, ч=щ, т.б.). Дауысты дыбыстың артикуляциясы артқа қарай жылжиды.
Жалған сопақша ми дизартрияның сөзсіз сиптоматикасына жұту функциясының бұзылуына байланысты саливация (сілекей ағу) қосылады. Мимикасы кедей, сөйлеу жылдамдығы баяу, сөйлеу кезіндегі дем шығару қысқа болады, сондықтан фразаның «үзілуі» байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |