I теоретические основы логопедии



бет60/220
Дата05.02.2022
өлшемі11,49 Mb.
#15214
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   220
Дизартрияны түзету жұмысының негізгі принциптері мен бағыттары

Дизартрияны түзету жұмысы төмендегі қағидаларға негізделіп жүргізіледі:



  • Этиопатогенетикалық принцип мидың әр түрлі құрылымдарының

зақымдалуын ескерумен байланысты. Алдымен сөйлеу тілінің және психофизиологиялық функцияларын анықтау, мидың қандай құрымы зақымдалғанын анықтауға мүмкіндік береді,

  • Ерте ықпал ету принципі. Дизартрияға бейім «қатерлі топтағы»

балаларға ерте ықпал жасап көмек көрсетсе, ол мидың компесаторлы мүмкіншіліктерін толық дамытып, түзету жұмысының тиіиділігін арттырады.

  • Жүйеіл ықпал (жасау) ету принципі

  • моторикасын;

  • психикасын;

  • сенсорлы функциясын;

  • сөйлеу тілін;

  • тұлғасын дамытуға бағытталған.

  • Кешенді ықпал ету принципі: невропатолог, логопед, психолог мамандардың бірігіп жұмыс жүргізуі.

Жүйелі түзету жұмыс барысында келесі аспектілерді ескеру қажет:

  • моторлық, сенсорлық, психикалық, сөйлеу функцияларының даму заңдылықтары мен кезектілігін ескеру;

  • сөйлеу тілінің бұзылу құрылымын ескеру; сөйлеу іс-әрекетінің құрылымдық – функциональді ұйымдастырудың негізгі ақаулығын анықтау; екіншілік бұзылыстарды ескеру;

  • баланың жасы мен жеке басының ерекшеліктерін ескеру;

  • бала мен ата-ананың арасындағы өзара қатынасын ескеру, оны барынша пайдалану.

Арнайы педагогикалық жұмыста дизартриясы бар баланың тұлғасын тәрбиелеуге аса зор көңіл бөлінеді. Өйткені, ондай баланың оқу және әлеуметтік дағдылары төмен болады, тұлғасының дамуында көптеген ауытқушылықтар байқалады.


Мектепке дейінгі дизартриясы бар балалардың сөйлеу тілін түзету-логопедиялық жұмысының негізгі бағыттары

Түзету жұмысының негізгі міндеттері. Бұлшық еттердің тонусын


қалыпқа келтіру, сөйлеу аппаратының патологиялық рефлекстерін өшіру, артикуляциялық аппараттың ерікті қимылдарын дамыту, фонематикалық қабылдауын дамыту, сөйлеу тілінің дыбыстық, лексикалық-грамматикалық жағын дамыту, түзету, сенсорлық және психикалық функцияларды дамыту. Түзету жұмысы бірнеше бағытта жүргізіледі.
Бірінші бағыт. Бұлшық еттердің тонусын қалыпқа келтіру және
артикуляциялық аппараттың, жалпы, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Ол үшін артикуляциялық аппарат пен қолдың бұлшық етерін сылау (массаж), еңжар, белсенді жаттығулар жасау қолданады. Логопедиялық жұмыс мүмкіндігінше гиперкинездерді тексеру мен сілекейді ерікті өзбетімен жұтуын қалыптастырудан басталады.
Екінші бағыт. Тыныс алу функциясын дамыту, сонымен қатар
дауыстың күшін, әуезділігін, мәнерлігін дамыту. Бұл кезеңде жұтатын ауаның мөлшерін көбейтуге, дауыс шығару кезінде дем шығаруға бағытталған гимнастикалар, жаттығулар қолданады.
Үшінші бағыт. Сөйлеу тілінің фонетикалық жағын түзету.
Фонематикалық қабылдауын дамыту жаттығулары және дыбысты қою, машықтандыру тәсілдерін қолданады.
Төртінші бағыт. Сөйлеудің негізінде сенсорлық және жоғарғы
психикалық функцияларды дамыту.
Бесінші бағыт. Сөз қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикалық
жағын дамыту. Ауызша сөйлеу тілін, тыныс алуын, просодикасын дамыту. Бұл бағыттар кезектілік болып саналады, кейде тіркесіп, кейде бір уақытта жүргізілуі мүмкін.


Дизартриясы бар мектептің төменгі сынып оқушыларымен жасөспірімдермен арнайы түзету жұмысын ұйымдастыру

Жазбаша тапсырмалардың күрделенуіне, жазудың жылдамдығына, каллиграфияға талаптардың ұлғаюына байланысты дизартриясы бар балалардың жазуында қателер көбейеді.


Оқушылардың дизартиясын түзетуге бағытталған екі бағдарлама бар (Н.Н. Волоскова, 2002). Айта кету керек, бұл бағдарламаны іске асыру барысында жазу мен оқудың бұзылуын түзетуде қолданатын дәстүрлі әдстемелерді пайдалануға болады.
Бірінші бағдарлама 4 қимыл жаттығулар кешенінен тұрады: біріншісі – қол мен аяқтың үйлестігін (координациясын) дамыту жаттығулары; екіншісі- қолдың ұсақ моторикасын дамыту; үшіншісі- қимылдардың үйлестігі мен ырғақты сезіну; төртіншісі- артикуляциялық моторикасының ырғақтылығын дамыту.
Екінші бағдарлама үш кезеңнен тұрады: біріншісі – буын мен сөздерді ырғақты жазу; екіншісі- сөз бен сөз тіркестерін ырғақты жазу; үшіншісі- сөйлемді, өлеңді, кіші мәтіндерді ырғақты жазу. Әдістеме Д.Б. Элькониннің (1980) төменгі сынып оқушыларын жазуға үйрету кезінде қолданған ырғақты жазуға негізделген.
Дизартрияның қалдық көріністері бар жоғарғы сынып оқушыларында оқуда қиыншылықтар кездеседі, соған байланысты бірқатар патопсихологиялық комплекстер дамиды. Оларда тұлғаның дамуында ерекшеліктер байқалады. Ондай балалар педагогикалық түзету жұмысымен қоса, арнайы психологиялық көмекке, психотерапияға, басқа да арнайы ықпал етуге мұқтаж болады. Арнайы психикалық ықпал етуге жататындар: эмоциональді- стресстік психотерапия, арттерапия, музыкатерапия.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет