И дыбысының қалыптасқан қалпы арқылы J-пен үйлестіріп айтылатын дауысты дыбыстармен жұмыс жасауға болады.
Логопед: «Қазір біз еріндердің екі қозғалысында ауызбен дем шығарамыз. Жымиып, саған таныс қозғалыстарға көшеміз».
J-мен дауыстыларды үйлестіріп айту үшін екі сурет дайындалады (и+а, о...), (№2 кесте). Осы жаттығулардың барлығы тілдің белгілі қалпында ауыз арқылы дем шығаруды жақсартады, сонымен осы жаттығулар арқылы екінші қатардағы дауысты дыбыстардың артикулемалары қалыптастырылады.
Ауыз арқылы дем шығарудың әрқайсысы алақандағы мақта қимылымен қадағаланады. Жасы кішкентай балалар үшін мақтаны ашық түске бояп қоюға болады. Сабақтардың эмоциональді фонын үнемі сақтап отыру қажет. Баланың әрбір сәтті қимылын мадақтап отыру керек.
Ауыз арқылы дұрыс дем шығаруға жаттықтыру дауыссыз дыбыстарды үйрету кезінде де, жалғасады. Бала қойылатын дыбысты алдын - ала естімеуі керек. №2 кестенің сол жағына – дем алу – дауыссыз дем шығару деп жазамыз. Балаға қарап: «Міне сен бәрін жақсы орындап отырсың. Сен ауызбен дем алуды үйрендің, енді мен сияқты дем шығара білесің бе?» (ф –дыбысының артикулемасын көрсету). Логопед өзі дем шығармауы керек, себебі бұл жағдайда бала дыбысты естіп қойып, өзінше айтуы мүмкін. Логопед тек ауызша түсіндіріп, баланың дәптеріне Ф дыбысы артикуляциясының суретін салады.
Логопед: «Жоғарғы тістерді астыңғы ерінге тигізіп, «қоршау» жасап, сол қоршаудан дем шығарайықшы». Кейіннен логопед дыбыс айту мүшелерінің қалпын анықтап, ауыз арқылы дем шығаруды бақылап, түзету үшін мақтаны жақындатады. Кейінгі жұмыста осылай с,ш,щ,х дыбыстарының артикуляциясы да үйретіледі.
С- дыбысын айтқызу үшін бала түйістірілген тістер арқылы ауызбен дем шығаруы керек. Егер бұл кезде с дыбысының артикуляциясы өзіндік шықпаса тіл ұшының астыңғы күрек тістерге тиюін талап етеміз. Логопед балаға тіл астыңғы тістер артында «ұйықтап жатқанын», тіл тістер арасынан шықпауы үшін жұмысқа астыңғы ерінді белсенді түрде қосу керек. екенін түсіндіреді.
Массажбен дифференциалды гимнастика нәтижеге әкелмеген жағдайда механикалық көмекті қолданамыз.
Ш дыбысын айтқызу үшін ойын түрінде түсіндіруге болады: Логопед: «Аузымызда «Желкенді кеме жасайық.Тілді желкен сияқты жоғары көтеріп, үрлейміз, сонда «желкенді кеме» жүзеді. Тістерді қосамыз. (түйістіреміз)». Ш дыбысының артикуляциясын үйрету кезінде тілдің қалпына көбірек назар аударатынымыз , еріндер тілдің қалпына, олардың бұлшық еттерінің өзара байланысына шартталады. Логопед балаға (Ш дыбысының дұрыс айтылуы) жаттығудың дұрыс жасағаны туралы, тілмен еріндердің қалпын айтып бекітуі керек.
Сабақтар жазылған дәптерге қатаң дауыссыз дыбыстар кестесінде «дауыссыз дем шығару» графасында «желкенді» саламыз, жанына - жоғары көтерілген тілді саламыз. Бұл сурет балаға «желкен» ауыз қуысында тілдің жоғары көтерілуі арқылы жасалатыны туралы айтады.
Щ дыбысында, балаға тіл жоғары көтеріліп, жоғарғы күрек тістерге жақындап, ауыз арқылы дем шығарған кезде тамақ істегендегі май ышылдағандай дыбыс шығатыны туралы айтамыз. Щ дыбысының төменгі артикуляцияда айтылуында тілдің ұшын астыңғы күрек тістерге тіреу қажеттілігін айтамыз.
Х дыбысын айтқызғанда – тоңып қалған қолдарымызды ауызбен шығарған деммен жылытуды ұсынамыз. Көбінесе осы тәсіл оңды нәтиже береді. Жеке жағдайларда Х дыбысының артикуляциясын анықтап, ең соңғы жағдайда ғана дем шығару кезінде зондтпен тілдің ұшын басып, тілді артқа қарай жылжытамыз.
Сонымен, жұмыстың дайындық кезеңінің бағдарламасы баланың ауыз арқылы дем шығарып, дыбыстар қатарын (сыбырлап айтуда- дауыстылар және фрикативті қатаң дауыссыз дыбыстар) меңгеруіне ықпал етеді.
Осы кезеңдегі жұмыс нәтижелері көрнекі түрінде №1, №2 кестелерде белгіленеді.
Осы кезеңнің негізгі ерекшеліктері:
тыныс алу және артикуляция бойынша жұмыстың қатар жүргізілуі;
дыбыстарды айту кезінде естіп, бақылаудан баланың максимальді түрде аулақ болуы;
жаңа жаттығулар кешенін меңгеру алдында бұрыңғы материалды (жаттығуларды) үнемі қайталап отыру.