І тоқсан бойынша қазақ әдебиетінен
9-сыныпқа арналған қорытынды тест жұмысы
1. Ауыз әдебиетінің белгісін ата:
А)Жазбаша тараған, бір ғана нұсқасы бар;
В) Ауызша тараған, бірнеше нұсқасы бар;
С) Тасқа қашап жазылған;
Д) Авторы бар.
2. Ауыз әдебиетінің түрін көрсет:
А) Тұрмыс-салт жырлары;
В) Әдеби ертегілер;
С) Драмалық жанр;
Д) Толғаулар.
3. Тұрмыс - салт жырларының түрін белгіле:
А) Наурыз жыры ;
В) Жарапазан ;
С) Жаңа жыл туралы жырлар ;
Д) Ана туралы жыр .
4. Жоқтау жырын айтудағы мақсат:
А) Артта қалғандарға өсиет айту ;
В) Жақсы істерін үлгі ету, туыстарының қайғысын білдіру;
С) Туыстарының қайғысына ортақтасу;
Д) Өлген адамның қазасын естірту.
5. Тойбастар кімге арналып айтылады?
А) Тойға жиналған көпшілікке;
В) Ұзатылатын қызға;
С) Той иесіне;
Д) Той бастаушыға.
6. Айтыс түрінде ұзатылатын қыздың тойында айтылатын өлең:
А) Сыңсу;
В) Тойбастар;
С) Жар- жар;
Д) Беташар .
7. Аңшылық кәсіпке байланысты өлең- жырға жатады:
А) Наурыз жыры;
В) «Шопан атаға» ;
С) «Ойсылқараға»;
Д) «Көкжендет» .
8. Мақал- мәтелдер дегеніміз...?
А) «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» ;
В) Шешендік сөздер;
С) Затты, құбылысты жұмбақтау;
Д) Салт- дәстүрдің бір түрі.
9. Жұмбақтарды шығарудағы халықтың мақсаты:
А) Баланы ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу;
В) Баланы әдептілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу;
С) Баланы аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу;
Д) Баланы ақындыққа, шешендікке тәрбиелеу
10. «Қалауын тапса қар жанар» ...
А) Мақал;
В) Мәтел;
С) Жаңылтпаш;
Д) Жұмбақ.
11. Еңбекке үйрету, төрт түлік малдың пайдасы, отанды сүю, ерлік, өнерді үйрену, адамгершілік, достық, ата- ананың қадірі мақал-мәтелдердің .....
А) Тақырыбы;
В) Түрлері;
С) Жанрлары;
Д) Айырмашылығы.
12. Ертегінің түрін ата:
А) Өтірік;
В) Әдет - ғұрып;
С) Тұрмыс - салт;
Д) Аңыз әңгіме.
13. Аңыз әңгімелердің кейіпкерлерін ата:
А) Асанқайғы, Қорқыт, Алдар көсе;
В) Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай,;
С) Шығайбай, Бізбикеш, Ер Төстік;
Д) Қожанасыр, Жиренше шешен, Ер Тарғын.
14. Тақырыбы туған жерді жаудан қорғау болып келетін ауыз әдебиетінің түрі қайсы?
А) Лиро-эпостық жырлар;
В) Батырлар жыры;
С) Шешендік сөздер;
Д) Аңыз әңгімелер.
15. Сыпыра жырау қай жырдың кейіпкері?
А) «Ер Тарғын» жыры;
В) «Ер Төстік» жыры;
С) «Алпамыс батыр» жыры;
Д) «Қобыланды батыр» жыры.
16. «Қара жерге қар тамар, қарды көр де, етім көр,
Қар үстіне қан тамар, қанды көр де бетім көр...»
Қай кейіпкердің портреті?
А) Қарашаш сұлу;
В) Гүлбаршын сұлу;
С) Құртқа ару;
Д) Ақжүніс ару.
17. Адамның көңіл күйін табиғат құбылысымен жарыстыра суреттеу тәсілі қалай аталады?
А) Шендестіру;
В) Салыстыру;
С) Егіздеу;
Д) Құлдырату .
18. Жыршының Тарғын батыр ерлігін бірден көрсетпей, Ақшахан әскері қамалды ала алмай, кері қайтпақ болғанда көрсету себебі:
А) Әдепті батыр екенін көрсету;
В) Аруақты батыр екенін көрсету;
С) Ашулы батыр екенін көрсету;
Д) Адамгершілікті батыр екендігін көрсету.
19.Тарғынның Қартқожаққа кезегін бергенінен оның қандай мінезі көрінеді?
А) Батырлығы;
В) Аңқаулығы;
С) Үлкенді сыйлауы;
Д) Адамгершілігі.
20. Ақжүніс монологінде Қартқожаққа бүкіл өмір жолын есіне түсіре сөйлеуінің себебі?
А) Көңілін жібіту;
В) Намысына тию;
С) Бетін қайтару;
Д) Ой салу.
21. Әдет-ғұрып, салт-дәстүр жиі кездесетін шығармалар қалай аталады?
А) Батырлар жыры;
В) Лиро-эпостық жырлар;
С) Шешендік сөздер;
Д) Тарихи жырлар.
22. «Қыз Жібек» жырындағы жастардың қолдаушылары кімдер?
А) Базарбай, Сырлыбай байлар;
В) Шеге, Қаршыға ақындар;
С) Қалмақ ханы Хорен;
Д) Бекежан.
23. Жібектің Сансызбайға қосылу себебі:
А) Әмеңгерлік салтқа байланысты;
В) Хоренге күйеуге шыққысы келмеуі;
С) Шеге ақынның үгіттеуі;
Д) Жарының аманатын орындауы.
24. Шешендік өнердің дамып биіктеген кезеңі?
А) ХІІ-ХІІІғ.
В) ХІV-ХVғ.
С) ХV-ХVІІІғ.
Д) ХVІІІ-ХІХғ.
25. Жоңғар шапқыншылығы кезінде парасатты мәмілегер ретінде танылған қай би?
А) Төле би;
В) Қазыбек би;
С) Әйтеке би;
Д) Майқы би.
26. «...Билер, сендерде бір мін бар – басқаға сөз бермейсің» -деген кімнің сөзі?
А) Төле би;
В) Қазыбек би;
С) Әйтеке би;
Д) Майқы би.
27. Айтушының табиғат құбылыстары мен әлеуметтік өзгерістерге өзіндік көзқарасын көрсететін шешендіктің түрі:
А) Шешендік арнау;
В) Шешендік дау;
С) Шешендік толғау;
Д) Афоризмдер.
28. Би-шешендердің бойындағы қасиеттер:
А) Заңгер, ақын, елші, психолог, саясаткер, ойшыл;
В) Заңгер, ақын, елші, психолог, батыр, ойшыл;
С) Заңгер, ақын, елші, жыршы, саясаткер, ойшыл;
Д) Заңгер, ақын, елші, психолог, саясаткер, өнер иесі.
29. «Етектейін еріннен екі елісі қалыпты,
От орнындай тұяқтан оймақтайы қалыпты». Көркемдегіш тәсілдің қай түрі:
А) Гипербола;
В) Литота;
С) Параллелизм;
Д) Метафора .
30. Тарғынның ханның опасыз қылығына орай елін шаппақ болғанда, райынан қайтуына себеп болған жағдай:
А) Ханның кешірім сұрауы;
В) Ханның өз қызын бермек болуы;
С) Ел бірлігін ойлауы;
Д) Бел омыртқасының орнына түсуі.